Page 33 - Dissertation
P. 33

әрі   қарай   өңдеу   зауыттарына   жөнелтіледі.   Қазіргі   таңда   әлемдегі   ақылды
                  қалаларда   қалдықтарды   сұрыптаудың   әртүрлі   технологиялары   жүзеге
                  асырылуда [85].  Сонымен қатар, ластануды азайтуға және табиғи ресурстарды
                  тұрақты пайдалану және басқаруға қатысты қоршаған ортаны қорғау маңызды
                  болып табылады.
                        Ақылды өмір – күнделікті өмірдің жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді
                  қамтиды.   Қала   тұрғындарының   қалыпты   өмір   сүру   жағдайларын   жасауға
                  мүмкіндік   беру   болып   табылады   [86].   Ақылды   өмір   денсаулық,   мәдениет,
                  тұрғын   үй,   туризм,   қауіпсіздік   және   т.б.   сияқты   тұрғындардың   өмір   сүру
                  сапасын   айтарлықтай   жақсартатын   бірнеше   мүмкіндіктерді   қамтиды.
                  Осылайша,   осы   мүмкіндіктердің   әрқайсысын   жақсарту   үйлесімді,
                  қанағаттанарлық өмірге әкеледі [87].
                        Хуссейн және т.б. пікірінше ақылды қалалардағы азаматтардың өмір сүру
                  сапасын   бағалау   үшін   денсаулық   сақтау   мәселелеріде   зерттеуге   тұрарлық.
                  Ақылды   қалалардағы   қарттар   мен   мүгедектер   үшін   нақты   уақыттыағы
                  бақылауды   қолдана   отырып,   адамдарға   бағытталған   денсаулық   сақтауды
                  басқару   жүйесін   жасады.   Денсаулық   сақтау   жүйесінің   тұжырымдамасын
                  ұсынды.   Бұл   жүйе   денсаулық   сақтау   шығындарына   барынша   азайтты,
                  басқаруды жақсартты және жоғары қызмет көрсетті [88].
                        Лим   М.   айтуынша,   білім   беру   қызметтерінің   сапасы   жергілікті   даму
                  шеңберіндегі  ақылды қалалардың сапасына үлкен әсер ететінін  айтты [89].
                  Прадал С. және т.б. пікірінше кешенді стратегиялық жоспарларды әзірлеу және

                  аймақтық көптеген мәселелерді шешу үшін білім беру инфрақұрылымының
                  моделін   ұсынды.   Қазіргі   таңда,   қалаларда   өмір   сүрудің   жоғары   сапасын
                  қамтамасыз ететін келесі ерекше фактор – қауіпсіздік болып табылады. Бұл
                  термин тек күн сайын жүргізілетін қылмысқа немесе терроризмге қарсы күресті
                  білдірмейді.   Қауіпсіздік   бұл   қалалардың   өсуіне   байланысты   жаңа
                  проблемаларды ескере отырып, жаңа шешімдер келесіге негізделуі керек:
                        - ақпараттық, өрт және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
                        - қылмысқа қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы іс-қимыл;
                        - ақпараттық-   комуникациялық   технологияларды   (АКТ)   енгізу   арқылы
                  көлік және инфрақұрылым қауіпсіздігі.
                        Әлемнің көптеген тәжірибесінде көрсеткендей, жаңа жолдар салу немесе
                  ескілердің   өткізу   қабілеттілігін   арттыру   түріндегі   шешім   күтілетін   нәтиже
                  бермейді. Жаңа ұзақ мерзімді стратегиялық әдістерді жоспарлау және оларды
                  қолдану   ғана   оң   шешім   бере   алады.   Осылайша,   бүгінде   қалалық
                  инфрақұрылымды дамыту үшін бірнеше қадамдар қажет:
                        - адамдарға қажетті барлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
                        - дамыған   қоғамдық   көлігі   бар   көше   жол   желісінің   сапасымен
                  тармақталуын жақсарту;
                        - қала   бойынша   қозғалысты   қысқартатын   және   әрбір   жеке   аудан   мен
                  қоғамдық   кеңістіктің   қарқындылығын   арттыратын   құрылысының   жаңа
                  принцптерін қолдану болып табылады [90].




                  33
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38