» ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Жаңалықтар

ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты – өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу. Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан  халқы Ассамблеясы.

Конкурс келесідей тақырыптық бағыттар бойынша өткізіледі:

1) Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық, қоғамдық келісім мен бірлік институты ретінде;

2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары контексіндегі татулық пен келісім идеялары;

3) қазақстандық бірегейлік: құндылықтық негіздері және нығайту жолдары;

4) ұлттық код және қоғамдық сананы жаңғырту;

5) әл-Фараби және Абай Құнанбаев еңбектеріндегі бейбітшілік және келісім құндылықтары.

Конкурсқа жас зерттеушілер, студенттер, магистранттар мен докторанттар (соның ішінде шетелде білім алушылар, сондай-ақ PhD дәрежесін иеленуге арналған диссертациясын соңғы үш жыл ішінде қорғағандар), 35 жасқа дейінгі оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қазақстанның ғылыми-сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатыса алады.

Әрбір үміткер тек бір өтінім бере алады. Бір үміткердің екі және одан көп өтінімде бірлескен авторлығына рұқсат етілмейді.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

1) өңірлік кезең;

2) республикалық кезең (жобаларды сырттай іріктеу);

3) қорытынды кезең (қатысушылардың өз жобаларымен таныстыруы).

Конкурс аяқталған соң ғылыми жұмыстардың тезистері арнайы жинақта жарияланады. Үздік жобалар ғылыми басылым ретінде толық нұсқада жарияланады.

Жобалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Жобаны бағалау кезінде келесідей критерийлер ескеріледі:

1) тақырыптың өзектілігі;

2) жоба мазмұнының Конкурс тақырыбына сәйкестілігі;

3) ғылыми жаңашылдығы;

4) қойылған міндеттерді шешуде өзіндік авторлық тәсілдеме;

5) тәжірибелік мәні.

Толығырақ ақпарат алу үшін  +7-777-741-01-04 нөміріне (Қайратова Арайлым) хабарласуға болады.


Your browser does not support SVGs