Жұмабаев Серік Әсетұлы
Басқару институтының профессоры,
физика-математика ғылымдарының кандидаты
+7(7172)75-32-81
serik.jumabayev@apa.kz

Білімі:
Тәмамдаған ЖОО: С.М. Киров ат.Қазақ мемлекеттік университеті(Әл-Фараби ҚазҰУ), 1983.
Қосымша білім:
1. CERTIFICATE. PRINCE 2 Foundation Certificate in Project Management.27 Apr 2018.
2. Сертификат БА І01789. Возможности и применение ГИС- технологий в области цифрового картирования.
3. CERTIFICATE. The Fundamentals of Project Management based on ANSI PMI PMBOK, №1700520, Astana, April, 2017.
4. Сертифицированный курс «1С: Предприятие 8, Бухгалтерия для Казахстана «. Практическое применение типовой конфигурации». Астана. Казахстан, 07.2014.
5. Базовый курс подготовки специалистов по работе с аналитической системой “Audit Expert 4”, Алматы, (февраль –март) 2012.
6. Высшая школа экономики при правительстве РФ — стажировка по направлению «Экономика города и управление муниципальным социально-экономическим развитием», Москва, 2007.
7. Консорциум экономических исследований (EERC), обучение в рамках сети прикладных исследований Центральной Азии, Караганда, 2006.
8. Российская экономическая школа — курс «Прикладной эконометрический анализ: экономика труда», Алматы, 2004.
«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері ( БжҒМ министрінің 08.2007 №5 бұйрығы).
Оқитын пәндері мен курстары:
1. Моделдеу және болжамдау.
2. Қолданбалы статистика, сызықтық моделдер, эконометрика, зерттеудің сандық тәсілдері.
3. Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар.
4. Экономикадағы цифрлық технологиялар
5. Салмақты мәліметтер.
Ғылыми-зерттеу жобалары мен гранттарға қатысу:
ҚР жұртшылығының арасындағы статистикалық зерттеулерді жоспарлау, өткізу, өңдеу және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді моделдеудегі нақты тәжірибесі бар. Табысты халықаралық және республикалық жобалардың жетекшісі болды.
«3Д-жастарға арналған эко ақпарат 2001-2003 ж.ж.» 3Д — Достоверность-Нақтылық, Доступность-Қолжетімділік, Действенность-Пәрменділік). ISAR USAID «Периферия» бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Жоба қарағандылық мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысы туралы ақпаратты және жылжымалы көрмелер арқылы Қазақстан аумағында ядролық қоқыстарды көмудің оң және теріс жақтарын жұртшылық пен жастарға таратуға арналған. Жоба туралы ұйымдастырылған дөңгелек столдар, көрмелер аймақтық БАҚ арқылы таратылды. Ол туралы мәліметтерді кеңірек (ядерные отходы.ppt) алуға болады.
Грант 2005-2006: Economics Education and Research Consortium – Russia & CIS. «Қарағанды қаласының бюджеттік қызметкерлеріне тұрғын үйдің қол жетімділігі туралы» ғылыми талдау жобасы.Талдау Қарағанды қаласының бюджеттік қызметкерлерінің арасында терімдік сауалнама және мемлекеттік әрі коммерциялық тұрғын үй бағдарламалары мәліметтері негізінде жүргізілді. Аталмыш жоба 2006 жылы Бішкекте өткен халықаралық конференцияда таныстырылып баяндалды. Жоба бойынша талдау есебі жарияланды.
Мемлекеттік және жеке серіктестік тапсырысы бойынша жұмыс-2009 жыл. 2009 жылы балалар бақшасын салудың қаржлық моделінің техникалық экономикалық негіздемесін жасау. Мемлекеттік және жеке серіктестіктің Қарағандыдағы орталығы.
2016 жылғы ҚР еңбек,әлеуметтік қорғау және миграция министрлігі, денсаулық сақтау министрлігінің таспсырысы бойынша жұмыс жасады. Әлеуметтік шиеленіс пен еңбек кикілжіңдерін болжаудың әдістемесін жасаушылардың бірі. Жұмыс саулнама жүргізуді,моделдерді жасауды әрі жүзеге асыруды көздеді.
2016-2017 БжҒМ қаржыландыратын қазақстандық мәліметтер негізінде көлеңкелі экономиканың эконометрикалық моделі жасалды.
2014-2016 ж.ж. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы» АҚ жобаларына тәуелсіз сараптамашы ретінде қатысты.
Ғылыми жарияланымдары:
Моделдеу, қолданбалы математика мен экономика жөнінде 30 еңбектің авторы, соның ішінде жоғары Thomson Reuters импакт-факторлы журналдарында 4 мақала бар. Жұмыстар халықаралық және республикалық ғылыми журналдарда жарияланды.
Мысалы, «ҚР жинақтама зейнеткерлік қорлардағы ативтерді басқарудың динамикалық моделі» тақырыбындағы мақаласында// Вестник КарГУ: Сер. Экономика, 2007, №1; С.4-11 компьютерде жүзеге асатын зейнет қорларын басқарудың алгоритмі ұсынылды.
Inverse boundary problems for intermediate springs on a rod with geometrical symmetry, Electron. J. Differential Equations, Vol. 2017 (2017), No. 33, pp. 1-10. http://ejde.math.txstate.edu/ жұмысында бұзбайтын бақылау прибордың математикалық моделі ұсынылды. (TR, A категориясындағы журнал, импакт фактор 0,68, Q1).

  1. Қауымдастырылған профессор ғылыми атағына үміткер туралы анықтама PDF.
  2. Қауымдастырылған профессор ғылыми атағына үміткер туралы анықтама DOC.
  3. Ғылыми еңбектер тізімі PDF.
  4. Ғылыми еңбектер тізімі DOC.

Your browser does not support SVGs