Сертификаттау тәртібі

PRINCE2 ® – AXELOS Limited рұқсатымен қолданылатын AXELOS Limited тіркелген сауда белгісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы AXELOS Limited еншілес кәсіпорны SPOCE Project Management-пен бірлесіп жұмыс істейді.

Персоналды сертификаттау жөніндегі іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігі мыналарды қамтиды:

-орталыққа сертификаттау үшін өтініш пен құжаттар пакетін тапсыру;

-өтініш берушінің құжаттарын қарау, өтініш берушіге тиісті хабарлама жібере отырып, ұсынылған материалдардың толықтығы мен жеткіліктілігі (персоналдың белгіленген талаптарға сәйкестігін талдауды қоса алғанда) туралы шешім қабылдау;

-өтініш берушімен сертификаттау жұмыстарын орындау туралы келісім-шарт жасасу және сертификаттау шығындарын төлеуге шот-фактура беру;- өтініш берушінің сертификаттау қызметтерін төлеуі;

-кандидатқа сертификаттау мерзімі туралы хабарлама жіберу (жеке, телефон немесе электрондық пошта арқылы) ;- SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания)оқу компаниясына үміткердің өтінімін жіберу;

-үміткерді PeopleCert жүйесінде тіркеу, емтихан күнін тағайындау;- біліктілік емтиханын өткізу;

-емтихан нәтижелерін бағалау үшін SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания) оқу компаниясына жіберу;

-емтихан нәтижелерін алу және кандидатқа тиісті біліктілік деңгейін беру мүмкіндігі (немесе одан бас тарту) туралы SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания) шешімі;

-оң сертификаттау шешімі бар сертификат немесе теріс шешімі бар сертификаттаудан бас тарту туралы хабарлама беру.

СЕРТИФИКАТТАУҒА ӨТІНІШ БЕРУСертификаттау үшін құжаттар пакеті:

-сертификаттауға өтінім

-сертификаттауға үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі

-біліктілікті арттыруды сертификаттау, жобаларды басқаруды оқыту үшін үміткердің құжаттарының көшірмелері (сертификаттар) PRINCE2-ден

Сертификаттау қызметтерін төлеу бойынша реквизиттер:

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

БСН 090240000429

ЖСК KZ666017111000000349

КБЕ 16

БСК HSBKKZKX

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

010000,  Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы, 33а

тел.: 8(7172) 75-34-87

Қызметтер атауы: PRINCE2 әдісі бойынша жобалық менеджмент саласындағы персоналды сертификаттау қызметтері үшін


Your browser does not support SVGs