Экономист +

30 қыркүйек 2022 - «Экономист +» клубы VI маусымының салтанатты ашылуы

 2022 жылдың 30 қыркүйегінде «Мұғалімдер күні» қарсаңында «Экономист+» клубы VI маусымының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа қатысушыларды Басқару институтының директоры З.С. Гаипов, профессор А.Б. Зейнелғабдин, DPA-20, DE-20 топтарының докторанттары мен ME21 тобының магистранттары қарсы алды.

 Клубтың кезекті маусымы МЕ22 тобының тәлімгері Д.Ж. Кеңесбаева мен МРР22 тобының тәлімгері Г.К. Укабаеваның қатысуымен ұйымдастырылған «Quantum» және «Шумпетер» командалары арасында «Новый Казахстан: выбор за нами» тақырыбына арнап интерактивті ойын өткізе отырып ашылды.

 Ойынның жүргізушісі болған Сапарбек Жомарт (МЕ 21) өзінің кәсіпқойлық, шығармашылық және коммуникативтік қасиеттерін көрсетті. Тәуелсіз төрешілер профессор А.Е. Багараева, доцент А.З. Тұралин және докторант Б.Б. Буралкиева болды. Олардың шешімімен «Шумпетер» командасының мүшелері жеңімпаз болып анықталды.

 «Экономист+» клубының жетекшілері – профессор Раушан Тілегенқызы Дуламбаева, Лариса Ислямқызы Құсайынова.



06-07 қазан 2022 - «Экономист+» алаңында жаңа оқыту технологиялары таныстырылды

   2022 жылғы 6 қазанда қолданбалы міндеттерді шешу үшін білім беру институттарымен және сарапшылармен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) мен Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығы (бұдан әрі – РЭЦА) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Академия тарапынан Меморандумға қол қою рәсіміне ректор Е.Қ. Әбіл, РЭЦЦА тарапынан – атқарушы директор Зафар Махмудов мырза қатысты.
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Е.П. Кестутис, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) ОА бойынша аймақтық директорының орынбасары Майра Емата-Стокес ханым Академияға интерактивті ойын пакетін сыйға тартты.
Интерактивті модельдеуді Еуропалық Одақтың тапсырысы бойынша Польшаның «Жүйелі шешімдер орталығы» ұйымы әзірледі. Ол бір өзен бассейнінде орналасқан елдер арасындағы су, энергетика және азық-түлік ресурстарын басқарудың 5 түрлі сценарийі бойынша жеңілдетілген ойын процесін білдіреді.

2022 жылғы 6–7 қазан аралығында «Экономист+» интерактивті алаңында Еуразиялық Одақтың «Су – энергия – азық-түлік» өзара іс-қимылы негізінде сектораралық қаржыландыруды ынталандыру жөніндегі Орталық Азия диалогы» жобасын іске асыру аясында USAID Су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі өңірлік жобасымен бірлесіп, тренерлерге арналған тренинг-симуляция (TOT) өтті. Тренингке Академияның профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, докторанттары мен магистранттары қатысты. Оларға мемлекеттік қызметшілерге, студенттерге және елдің дамуы мен қоршаған ортаны сақтау үшін оңтайлы шешімдер қабылдауды үйренуге қазығушылық танытқан барлық адамдарға осы интерактивті ойынды өткізгені үшін сертификаттар тапсырылды.
Ойынға қатысушылар 5 сағат ішінде сектораралық, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты орнату, тұрақты даму тұрғысынан азаматтардың өмір тіршілігіне қатысты тез әрі нақты стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын шыңдады. Бұндай технология азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығын дамыту, энергетика және су ресурстарын әртүрлі салада үнемді пайдалану мәселелерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
Ойын қорытындысында қатысушылар бұл тәсілді мемлекеттік қызмет саласын дамытуда пайдалану мүмкіндігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.






14 қазан 2022 - «Экономист+» клубы: халықаралық сарапшымен кездесу

2022 жылғы 14 қазанда «Экономист+» клубы қатысушыларының халықаралық сарапшы Ерғали Мұқанұлы Досмағамбетпен «State and market since 1991 in Kazakhstan» тақырыбында кездесуі өтті.
Мемлекеттік қызметте және ғылыми салада тәжірибесі мол спикер дамыған шет елдердің тәжірибесін экономикалық-математикалық талдау әдісін пайдалана отырып, әлемдік экономиканың жаһандық дағдарыстан шығуына қатысты өзіндік көзқарасын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Академияның докторанттары мен магистранттары ғылыми идеялар мен ұстанымдарды модельдеу, құрылымдау, өз тұжырымдарын дәлелдеуді күшейту бойынша сұрақтарына жауап алды.
Сұрақ-жауап сессиясы барысында Ерғали Досмағамбет өз түсініктемелерінде Қазақстанның мемлекеттік басқаруында жаңа тәсілдерді енгізуге әркімнің жеке қатысу сезімінің маңыздылығына қатысушылардың назарларын ерекше аударды.





28 қазан 2022 - «Астана» Халықаралық қаржы орталығында «Экономист+» клубының отырысы өтті

2022 жылғы 28 қазанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Экономист+» клубының «Мемлекеттік басқарудағы жаңа үрдістер» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті.

Клубтың отырысына Басқару институтының профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, атап айтқанда э.ғ.д., профессор Р.Т. Дуламбаева, ф.-м.ғ.к., профессор С.А. Джұмабаев, э.ғ.к., профессор Л.И. Құсайынова, Қолданбалы зерттеулер институтының өкілі PhD, доценттің міндетін атқарушы Ш.Т. Шаяхметова, сондай-ақ Академияның магистранттары мен докторанттары қатысты.

Аталған іс-шараны «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Халықаралық бизнес департаментінің басшысы Т.Сембинов ашып, пікірталас алаңына қатысушыларды Орталықтың қызметімен таныстырды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Амангелдин «Әкімшілік сот төрелігі жағдайында инвестициялық дауларды қараудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілер үшін өзекті – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес мемлекеттік органдардың шешімдерін даулау, сот шешімдерінің, оның ішінде лауазымды тұлғаларға қатысты шешімдердің орындалуын сот бақылауы секілді мәселелерге кеңінен тоқталды.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы ғарыштық технологиялардың рөлі туралы «Kazaerospace» бас директоры Б.Қазиев әңгімеледі. Спикердің Жерді қашықтықтан тексерудің ғарыштық жүйесін пайдалану, жер қойнауын пайдалану аумақтары мен ауылшаруашылығы алқаптарын аэроғарыштық мониторингтеу, қалалық инфрақұрылымды басқаруда ГАЖ пен геоаналитиканы қолдану мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетуі тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

«Экономист+» клубының тақырыптық бағытын ескере отырып, пікірталас алаңына спикер ретінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Басқарма басшысы А.Медетов шақырылып, капиталды шетелге заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша салық органдары қабылдайтын шаралар туралы, салық органдарының заңды және жеке тұлғалар тарапынан болатын экономикалық бұзушылықтарды анықтау және айқындау кезіндегі әрекеттері туралы айтты.

Сонымен қатар, іс-шараға «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ Мемлекеттік тізілім бөлімінің бас сарапшы-аналитигі қонақ ретінде шақырылды.
Қ.Сұлтанбеков Qoldau.kz цифрлық платформасы мысалында мемлекеттік басқаруда SAAS моделін қолдану туралы презентациясында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мен субсидиялау мәселелеріне тоқталды.

Осы ретте, спикерлердің барлық баяндамалары қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, қызу пікірталас өткенін және тыңдаушылар тарапынан спикерлерге қойылған сұрақтардың көп болғанын атап өткен жөн. Ұйымдастырушылар ең қызықты сұрақ үшін Академияның «Экономика» мамандығы бойынша 1 курс магистранты Д.Жүнісованы бағалы сыйлықпен марапаттады.

«Экономист+» клубының пікірталас алаңын 1 курс докторанттары – Г.Ахметова, Б.Мұхамбетәлі, Е.Жанғазинов, Н.Қарағойшина ұйымдастырды.

4 қараша 2022 - «Экономист+» клубының алаңында «MYB Consulting» директорымен кездесу өтті

 2022 жылғы 4 қарашада «Development day» аясында «Экономист+» пікірталас алаңында «Research question: сарапшының лайфхактары» тақырыбында «MYB Consulting» директоры, PhD Ерғали Мұқанұлы Досмағамбетпен кездесу өтті. Шақырылған қонақ клуб отырысына қатысушылармен ғылыми жұмыстарды жазудың әдіснамалық аспектілерімен бөлісіп, зерттеу тақырыбы бойынша research question жасауға ықпал ететін бар жарияланымдарға терең талдау жүргізу қажеттігіне назар аударды. Е.М. Досмағамбет әдебиетті іргелі шолусыз жақсы ғылыми жұмыс жазу мүмкін еместігін атап өтіп, зерттеулерде экономикалық-статистикалық модельдерді қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Спикер өзін-өзі реттеу, зерттеу жүргізу кезінде жұмыс қалпын сақтау, оның ішінде шаршауды қалай жеңуге болатыны туралы жеке тәжірибесімен бөлісіп, пайдалы кеңестер берді.

Талқылау барысында пікір алмасу өтіп, тыңдаушыларға қызықтырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берілді.


11 қараша 2022 - Мемлекеттік басқару академиясында «Экономист+» клубының кезекті отырысы өтті


2022 жылғы 11 қарашада Мемлекеттік басқару академиясының бизнес-орталығында интерактивті іскерлік ойын форматында «Экономист+» клубының кезекті отырысы өтті.

Іскерлік ойынның ұйымдастырушысы және жүргізушісі «Экономика» мамандығы бойынша 2-курс магистранты Жомарт Сарабек болды.

Зияткерлік ойынға «Капитал» (капитаны – Айдан Ахметов) және «Дағдарыс» (капитаны – Марғұлан Байсарин) болып екі командаға бөлінген Басқару институтының магистранттары қатысты.

Командалар «Экономика заңдары», «Тұрақты даму мақсаттары», «Ұлттық есеп жүйесі», «Тарихтағы ұлы ғалымдар», «Жұмбақтар», «Әлем елдерінің валюталары» атты бөлімдер бойынша білім деңгейлерін көрсетті. Бұл ретте командалар тақырыпты және баллмен есептелетін «сұрақтың салмақ категориясын» таңдау мүмкіндігіне ие болды.

«Экономист+» клубының отырысына э.ғ.к., профессор Л.И. Құсайынова, э.ғ.к., доцент А.З. Тұралин, PhD, доцент Г.К. Укибаева, құқық магистрі, ассистент Е.О. Ермекбаева, сондай-ақ Қолданбалы зерттеулер институтының өкілі – PhD, доценттің м.а. Ш.Т. Шаяхметова қатысты.

Іскерлік ойынның қорытындысы бойынша «Дағдарыс» командасы жеңімпаз атанып, арнайы кубокқа ие болды.

Клуб отырысының барлық қатысушыларына жеке дипломдар табысталды.

13 қаңтар 2023 - Жаңа жылдың алғашқы аптасы «Экономист+» клубының «Геймификация: азық-түлік ресурстарын басқару» тақырыбындағы талқылау отырысынан (симуляция) басталды.

Жаңа жылдың бірінші аптасы 2023 жылғы 13 қаңтарда «Экономист+» интерактивті алаңындағы «Геймификация: азық-түлік ресурстарын басқару» симуляциясынан басталды.

Онда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің AP14871923 «Жаһандық тегеурінді талаптар жағдайында Data Driven Decision Making жобасы негізінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару» гранттық жобасы аясында зерттеу жүргізілетін, азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланды.

ME – 22, MRR – 22 мамандығының магистранттары су, энергетика және азық-түлік ресурстарын пайдалану саласындағы өзекті мәселелерді шешуге үлкен қызығушылық танытып, жаңаша ой-пікірлерімен бөлісті.

Әрбір қатысушы талқылауға белсенді қатысып, өздерінің басқарушылық шешімдерін дәлелді түрде жеткізіп отырды.

Геймификация магистранттарға мемлекет, өңір және экономика секторлары арасындағы ынтымақтастық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Қатысушылар ойын нәтижелерін талқылай келе, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығын дамыту, энергетика және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша әртүрлі стратегиялық шешімдер қабылдау мүмкіндігіне ризашылықтарын білдірді.

«Экономист+» клубының жетекшілері профессор Р.Т. Дуламбаева және Л.И. Құсайынова сертификатталған магистранттар стратегиялық шешімдерді тезірек қабылдап, жасыл экономика мәселелерін шешудегі балама тәсілдерді көрсете алғанын атап өтті.

Профессор С.А. Жұмабаев көптеген стейкхолдерлер үшін ашықтық, толықтық, нақтылық пен қолжетімділіктің маңыздылығын атап айтты.

Симуляциялық бағдарламалардың жаңа технологиялары шешім қабылдаушы тұлғалардың құзыреттілігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.

456
777
888

31 наурыз 2023 - «Экономист+» алаңында MРР-22 және ME-22 магистранттары арасында интерактивті жарыс өтті.

Ойын басталғанға дейін магистраттармен жұмыс жүргізіліп, топтардың бір-біріне қоятын сұрақтары дайындалды. Бұл білім алушылардың макроэкономиканы, экономикалық саясатты білу деңгейін және жоғары зияткерлік әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді.

ME-22 және MPP-22 магистранттарынан құрылған сарапшылар тобы «Мемлекеттік саясат» және «Экономика» мамандықтарына қатысты сұрақтарды қалыптастырды. Оларға клуб жетекшілері, профессор Р.Т. Дуламбаева және Л.И. Кусаинова тарапынан түзетулер енгізіліп, ойын барысында командаларға жаңаша тұжырымда ұсынылды.

Сұрақтардың ерекшелігі олардың логикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталғандығында болды, сондай-ақ ойын барысында сұрақтардың жауабын табумен қатар, оны талдау мен дәлелдеу талап етілді.

Бұндай интерактивті ойын команданы өз жауабының дұрыстығына дәлелді түрде сендіре білу, топпен жұмыс істеу, 30 секунд ішінде дауыс беру және өз ұстанымын негіздеу, жеңілгенін мойындау және белсенді ойлау секілді қабілеттерді дамытуға мүмкіндік берді.

Ойын МЕ-22 тобының пайдасына 55,7 : 42,1 есебімен аяқталғанына қарамастан, жүргізуші Жүсіпбеков Саят атап өткендей, ойынға қатысушылардың жоғары коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесінде «Достық жеңді» деген шешім шығарылды.

Білім алушылардың бастамасымен жарыста зияткерлік дайындықпен қатар, техникалық мүмкіндіктер де кеңінен көрініс тапты. Атап айтқанда, таблода сұрақтар мен жауаптар ашылса, басқа экранда секундомер жұмыс істеп тұрды, ал үшінші экран ойын нәтижесін көрсетті.

Нәтижесінде екі команда бірігіп, осы ойында қазылар алқасы ретінде қатысқан докторанттар тобын интеллектуалдық батлға шақыру үшін біртұтас команда құруға шешім қабылдады.




2023-2024 жылдарға арналған ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ
Жобаның атауы «Экономист +» пікірталас клубы
Жоба жетекшісі Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова
Жоба командасы Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова
Бастаманың негіздемесі экономика мен мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құру
Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің экономикалық білімін дәріптеу және оларды кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын дамыту
Жобаның міндеттері — трендтегі экономикалық процестерді талқылау; — алған білімдерін кәсіби қызметте тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану дағдыларын дамыту; — магистрлік, докторлық жұмыстарды орындау сапасын арттыру; — дәлелді саясат негізінде зерттеу жүргізу дағдыларын дамыту (гипотезалар қою, зерттеу мәселесін шешу және т.б.)
Жобаның нысаналы көрсеткіштері Мемлекеттік органдарға жіберілген ұсыныстар саны – 2 Өткізілген отырыстар саны – 11 Шақырылған сарапшылар саны – 15
Жобаның өнімі — Мемлекеттік органдарға арналған ұсыныстар — Бітіру жұмыстарының сапасы
Жобаның мүдделі тараптары Мемлекеттік органдар ҚР Президентінің жанындағы МБА
Жоба ресурстары Аудитория, IT сүйемелдеу
Жобаның шектеулері Сарапшылардың бас тартуы
Мерзімі 2024 жылғы маусым
Жобаның негізгі күндері (кезеңдері) 2,4 жұма / білім алушылардың сұранысы бойынша
«Экономист+» алтыншы маусымының ашылуы

Академияда  «Экономист +» клубының 6-маусымының салтанатты ашылуы «JEOPARDY» интерактивті ойыны түрінде өтті. Басқару институтының директоры З.С. Гаипов пен профессор С.А. Джумабаев МЕ 23 «Көңілді экономистер» және МРР 23 «А.Смит» командасының жаңа қатысушыларын құттықтап, DPA 21 докторанттары мен МЕ 22, МРР 22 магистранттары сәттілік тіледі.

 «А.Смит» командасы «Экономика» бөлімінен сұрақтарды батыл таңдап, дұрыс жауап беріп, экономикалық мәселелерден хабардарлығын көрсетті.

ME 23 командасы білімді, интеллект пен тапқырлықты қажет ететін өте күрделі сұрақтарға дұыс жауап берді.

Ойынды Академия білім алушысы Жүсіпбеков Саят жүргізді.  Кубокты «Көңілді экономистер» командасы жеңіп алды.

Біздің қазылар алқасының мүшелері – Басқару институтының профессорлары Б.М. Серікбаева, А.С. Нұрмағамбетов, докторант А.Т. Алишарипов, магистрант М.Х. Кабдуллов командалардың жұмысын бағалау кезінде кәсібилік, адалдық, ашықтық танытты.

Командаларға, ұйымдастырушылар – МЕ 22 тобына, Басқару институтының доценті Г.К. Үкібаевқа, қазылар алқасының мүшелеріне іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару

Академияда «Экономист +» алаңында дөңгелек үстел онлайн және  офлайн форматта өтті.  Алаңда азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері және оны шешу жолдары талқыланды. Дөңгелек үстел «Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде жаһандық сын-қатерлер жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару» АР14871923 ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде өтті.

Дөңгелек үстелге – MedHouse Kazakhstan ЖШС директоры, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі С.К. Исабаев; Астана Қоғамдық кеңесі Ақпараттық-талдау жұмысы мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі, «Бизнес, қоғам және мемлекет байланыстары жөніндегі қауымдастық»  президенті А.Д. Өтеуова; ҚР АШМ Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің басқарма басшысы С.К. Камзин мен оның орынбасары С. К. Жұрынова сарапшы ретінде қатысты.

Азық-түлік қауіпсіздігінің физикалық және экономикалық қолжетімділігі, отандық азық-түлік тауарларының сапасын арттыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен (ӘМАТ) қамтамасыз ету мәселелерін шешуде жаңа саясатты қалыптастыру, бизнесті қолдау бағдарламаларын сүйемелдеудің бизнес-процестерін жетілдіру және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.

2-курс магистранттары Н. Хатипова, Ж. Халиуллин, Ж. Жақсыбекова баяндама оқыды.  МРД, МРР білім беру бағдарламаларының 1-курс магистранттары белсенді қатысты. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша көптеген ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды.

Талқылауда мынадай өзекті мәселелер көтерілді:

— ӘМАТ және халықтың әлеуметтік осал топтарын немесе бүкіл халықты қолдау, мемлекеттік саясат қандай болуы тиіс?

— ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу және оған 15% үстемеақыны бақылау қажеттілігі бар ма, әлде бағаны реттеудің нарықтық тетігі әлі де тиімді ме? Азық-түлікті нарықтық бағамен сатып алу үшін халықтың табысын арттыру қажет болуы мүмкін бе?

— делдалдарды қалай алып тастауға немесе олардың қызметін төмендетуге болады?

— жоғары азық-түлік инфляциясының себебі неде? Бұл мәселелерді шешуде жүйелік шаралар қажет болуы мүмкін бе? Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау қажеттілігі бар ма?

— өнім сапасын арттыру факторы ретінде минералды тыңайтқыштар өндірісінің отандық әлеуетінің рөлін арттыру және т.б.

Ғылыми жобаның қатысушылары С.А. Жұмабаев, Л. И. Хусаинова, А. А. Мұсатаева өз зерттеулерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған жұмыстың жаңа аспектілерін атап өтті.

Азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері туралы талдамалық жазбаны қалыптастыру бойынша бірлескен шешімдер қабылданды.

Арнайы экономикалық және инвестициялық аймақтар және мемлекеттік-жеке саясат

«Даму күні» аясында Экономист + алаңында «Қазіргі заманғы экономиканың өзекті мәселелері: арнайы экономикалық және инвестициялық аймақтар мен мемлекеттік-жекешелік саясат» тақырыбы талқыланды.

     Аталған тақырыптты талқылауға Қазақстандық әлеуметтік зерттеулер институтының атқарушы директоры Ысқақов Әзиз Ержанұлы және Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлік орталығы бас директорының орынбасары –жетекші ғылыми қызметкері Дана Ақылбекқызы Ешимова қатысты.

      Қолданыстағы арнайы экономикалық және инвестициялық аймақтардың тиімділігін бағалау әдістемесі және ҚР-да МЖӘ қолданудың нақты тәжірибесі, оларды алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибемен салыстыру мәселелері айтылды.

Клуб жетекшілері Басқару институтының профессорлары Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова.

Білім беру процесінде және мемлекеттік басқаруда Нексус симуляциясы

Академияда «Экономист+» алаңында USAID халықаралық жобаларының үйлестірушісі Мархабо Едәлиевамен кездесу өтті. Сарапшы қызметкерлер мен магистранттарға  Нексус ойыны бойынша тренинг өткізді.  Ойын соңында қатысушыларға Нексус симуляция тренингіне қатысқаны үшін Еуропалық үлгідегі сертификат табысталды.

    Тренингті кәсіби өткізгені үшін Нексус (ЕО) жобасының әлеуетін арттыру және білім беру компонентінің үйлестірушісі Едалиева Мархабоға алғыс білдіреміз.

Бұл жобасы білім беру процесіне және мемлекеттік басқаруға басқарудың интеграцияланған тәсілін белсенді енгізуге мүмкіндік береді. Басқарушылық шешімдер қабылдауда экожүйелік тәсіл бойынша сарапшылар пулын қалыптастыру, стратегиялық ойлауды үйрену, елге жүйелік құрылым ретінде қарау міндеттері қойылды.

Бюрократиялық тұжырымдамаларды жазудан нақты шешімдерге дейін

Академияда «Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде жаһандық сын-қатерлер жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде «Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері (KPI): практикалық аспект» тақырыбында «Экономист +» алаңында дөңгелек үстел өткізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзекті жолдауы сарапшылардың өңірлік деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты тетіктерін әзірлеу жөніндегі жұмысында көрініс тапты. 

Экологиялық таза өнім бойынша ұлттық брендті ілгерілету, оны сертификаттау, ұлттық өнімнің сынамалық ассортиментін өндіру жобасын іске асыру жөнінде сарапшы, зерттеуші Өнерхан Сансызбайұлы сөз сөйледі.

АӨК-ті жеткіліксіз қаржыландырудың өзекті мәселелері, АӨК объектілері мен субъектілері бойынша нақты деректердің болмауы, субсидиялау нәтижелері, бюджет қаражатының бөлінуіне мониторинг жүргізу, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің өзара іс-қимыл процестерін ұйымдастырудың тиімді құралдарын іздеу мәселелері талқыланды.

«Concordia Group» ЖШС Бас директорының орынбасары Қайрат Сұлтанбеков бүгінгі күні функциялары мен бағыттары бойынша жаңартылған ақпараттық жүйенің  мүмкіндіктерін таныстырды.

Бұл экономикалық саясатты іске асырудың нақты жұмыс істейтін құралдарын пайдалану қажеттілігі, атап айтқанда фермерлерді қаржыландыру саясатының тиімділігін арттыру туралы болды.

Мемлекеттік органдардың жеке бизнеспен, оның ішінде бюджет қаражатының тиімділігін бөлу және мониторингілеу, қаржыландырудың баламалы көздерін іздеу және т.б. функцияларын тиімді орындаған «Concordia Group» жеткізуші қызметтер компаниясымен өзара іс-қимыл мәселелері өзектендірілді.

Проблемалар белгіленіп, осы мәселені шешу үшін нақты қадамдар ұсынылады.Талқылауға мемлекеттік қызметшілер, дөңгелек үстел спикерлері, қонақтар мен ғылыми жобаның қатысушылары Әсел Жүнісова, Дәулет Есмағамбетов белсенді қатысты.

Халықтың нақты ақшалай кірістерін қалыптастыру моделін өзгерту

Академияда «Экономист+» алаңында халықтың нақты ақшалай кірістерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі фокус-топ форматында сараптамалық отырыс өтті. Отырысқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнестің өкілдері, халық кірістерін қалыптастыру саласындағы сарапшылар, магистранттар мен докторанттар, профессорлар қатысты.

Дөңгелек үстелде халықтың өзекті мәселелері, жалақының нақты көрсеткіштері, азаматтардың несиелік міндеттемелері, салық салу, ел азаматтарының күнкөріс деңгейі талқыланды. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, азаматтардың ақшалай кірістерін арттыру бойынша объективті ұсыныстар берілді. Сарапшылардың пікірі үлкен қызығушылық тудырып, әрбір қатысушы талқылауға өз үлесін қосты.

Магистранттар мен докторанттар мәселелерге практика ретінде ғана емес, зерттеушілер ретінде де қарап, тәжірибе жинақтады.

Шараны Басқару институтының профессорлары Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова ұйымдастырды.

Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың өзекті мәселелері: жақтаушылар және қарсы тарап

Даму күні аясында «Экономист + клубы мен Қыран пікірсайыс клубының» қатысуымен «Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың өзекті мәселелері» тақырыбы талқыланды.

Екі команда МЕ 23 (оппозиция), МЕ 22 (мемлекет) нақты фактілерге, мәліметтерге сүйене отырып, өз позицияларын қорғады. Барлық баяндамалар дәлелді саясат қағидаттарына негізделді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің судьялық комиссия мүшелерінің, клуб басшысы Г. К. Үкібаевқа және жүргізуші А. Досмағамбетовке білікті жұмысы үшін алғыс айтамыз.

Магистрлік жобалар талқыланды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында «Экономист +» клубының отырысы өтті. «Мемлекеттік саясат» және «Экономика» білім беру бағдарламаларының магистранттары өз зерттеулерінің нәтижелерін талқылауға ұсынды.

Магистранттар сарапшылар ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын іске асыруға белсенді қатысты.

Нәтижесінде ғылыми, практикалық дөңгелек үстелде сарапшылар, әртүрлі билік деңгейіндегі кәсіпқойлар профессорлар, ғалымдар арасында белсенді пікір алмасу өтті.

 ҚР АШМ қызметкерлері магистрлік жоба қорғаушыларға ұсыныстар мен түрлі пікірлер айтты. Зерттеу нәтижелерін министрліктің сарапшылары жоғары бағалады.

«Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығы өкілдерімен кездесу

      «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығының алаңында «Экономист+» клубының отырысы өтті.

      Сараптамалық отырыста «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстінде Қазақстанның шекаралас өңірлерін мемлекеттік басқаруды жетілдіру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары талқыланды.

 Магистрлік зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның шекаралас өңірлеріндегі мемлекеттік басқарудың ағымдағы жай-күйі мен проблемаларын талқылау үшін негіз болды.

     Пікірталасқа Академия профессорлары мен оқытушылары «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев, Астана Халықаралық университетінің профессоры, «Еуразиялық мониторинг» ОАИ ғылыми жетекшісі Т. В. Мармонтова, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес өкілдері қатысты.

      Азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін тұрақты қамтамасыз етуге қатысты қауіп-қатердің күшеюі жағдайында осы саладағы мемлекеттік саясатты жоспарлау және іске асыру маңызды міндет болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған азық-түлік тауарлары, машиналар мен жабдықтар бойынша елеулі үлеске ие импортқа тәуелділіктің сақталуына байланысты Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың негізі.

     Соңғы жылдары Қазақстанның АӨК дамуы айтарлықтай оң нәтижелерді көрсетіп отыр, бірақ сыртқы қауіптердің ықпалының күшеюіне, ішкі тәуекелдердің сақталуына, әлемдік агроазық-түлік нарығының қалыптасып келе жатқан перспективаларына қарай мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру, аграрлық өндірістегі интеграция және кооперация процестерін ынталандыру, табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық факторларға сәйкес өндірісті әртараптандыру қажеттігі бар.

     АӨК дамыту проблемаларын шешу негізінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру деңгейіне байланысты және стратегиялық жоспарлау қағидаттарын негізге ала отырып, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің елеулі және басым бағыттарына шоғырлану негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

2024-2025 жылдарға арналған ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ
Жобаның атауы «Экономист +» пікірталас клубы
Жоба жетекшісі Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова
Жоба командасы Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова
Бастаманың негіздемесі экономика мен мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құру
Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің экономикалық білімін дәріптеу және оларды кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын дамыту
Жобаның міндеттері — трендтегі экономикалық процестерді талқылау; — алған білімдерін кәсіби қызметте тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану дағдыларын дамыту; — магистрлік, докторлық жұмыстарды орындау сапасын арттыру; — дәлелді саясат негізінде зерттеу жүргізу дағдыларын дамыту (гипотезалар қою, зерттеу мәселесін шешу және т.б.)  
Жобаның нысаналы көрсеткіштері Мемлекеттік органдарға жіберілген ұсыныстар саны – 2 Өткізілген отырыстар саны – 9 Шақырылған сарапшылар саны – 15
Жобаның өнімі — Мемлекеттік органдарға арналған ұсыныстар — Бітіру жұмыстарының сапасы
Жобаның мүдделі тараптары Мемлекеттік органдар ҚР Президентінің жанындағы МБА
Жоба ресурстары Аудитория, IT сүйемелдеу
Жобаның шектеулері Сарапшылардың бас тартуы
Мерзімі 2024 жылғы маусым
Жобаның негізгі күндері (кезеңдері) 2,4 жұма / білім алушылардың сұранысы бойынша
«Экономист+» клубының 7-маусымының ашылуы.

Академияда Даму күні аясында «Экономист +» пікірталас клубының 7-маусымының салтанатты ашылуы өтті.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы шеңберінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында инвестициялық ахуалдың, кәсіпкерлікті қолдаудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, туризмді дамытудың, электрондық сауданың және т.б. саладардың өзекті мәселелері көтерілді.

Президент Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы іске асырудың түрлі аспектілері бойынша белсенді пікір алмасу өтті. «Экономика» мамандығының 1 және 2-курс магистранттары өздерінің магистрлік ізденістері шеңберінде елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету процестерін басқару саласына қатысты бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынымдар айтты.

Кездесу сарапшылары Д.Б. Есмағамбетов, Ш. Т. Шаяхметова, А. С. Нұрмағамбетов магистранттардың баяндамаларын, презентацияларын жоғары бағалап магистрлік диссертацияларға қатысты ұсыныстарын айтты. 

Отырыс қорытындысы бойынша «Үздік спикер» — Сәдуақасов Жанат, Қуандық Бағдат, «Креативті тәсіл» — Қапаев Сержан, «Ең белсенді қатысушы» — Кенжебеков Жандаулет марапатталды.

Тұрғын үй нарығын мемлекеттік реттеу шаралары

Академияда  Даму күні аясында «Экономист+»  пікірталас алаңында тұрғын үй нарығының жұмыс істеуі, пәтер бағасының құбылмалылығы, мемлекеттік реттеу шаралары және т.б. мәселелер талқыланды.

       МРР 23 магистранты  Бөлеген Нұрболаттың «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй саясатын жетілдеу» тақырыбындағы зерттеуі қызығушылық тудырып, Қазақстандағы тұрғын үй бойынша кредит берудің барлық қолданыстағы бағдарламаларына талдау жүргізілді. Шетелдік тәжірибемен салыстыру жасалып, нақты ұсынымдар ұсынылды.

Магистранттар мен докторанттарға пайдалы кеңестер мен қолданыстағы тұрғын үй бағдарламалары бойынша өзекті ақпараттар, сарапшылардан лайфхактар айтылды. IpotekaGroup ЖШС Бас директоры Әлімбаев Мерей банктің бас тартуы, тиімсіз бағдарлама сияқты клиент үшін жағымсыз сәттерді азайту үшін тұрғын үй сатып алу бойынша консалтингтік компанияларға жүгінуді ұсынды. «Отбасы банк» АҚ маманы Каматова Жамель банктің барлық ипотекалық өнімдері, оның ішінде жаңалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ кредиттеу кезінде керек болатын бірқатар пайдалы кеңестермен бөлісті.

Крыша KZ өкілдері ҚР жылжымайтын мүлік нарығы, ипотекалық кредиттеудің негізгі трендтері, қаржы құралдары бойынша талдамалық материалдармен бөлісті. Магистранттар өздеріне қажетті ақпарат пен банк қызметкерлерінен кеңестер алып, кейбірі үй құжаттарын ресімдеді.

 Шараны Басқару институтының профессорлары Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова ұйымдастырды.

Цифрлық басқару құралдары: eGov, Big Data, жасанды интеллектті дамыту

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Экономист+ клубының көшпелі сессиясы өтті. Қатысушылар электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік басқару мен азаматтарға қызмет көрсетуде Big Data және жасанды интеллектті пайдалану сияқты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Баяндаманы Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Юсупова Айнұр Абдуахасқызы мен Академия докторанты Әділет Көшербаев оқыды. Сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Smart Data Ukimet, Qaztech платформасы, egov 3.0 жобаларын таныстырды.

Сессияда Академия білім алушылары экономиканы цифрландыруға, мемлекеттік басқаруға қатысты мәселелерді өз жобаларын орындау тұрғысында талқылауға мүмкіндік алды. Көшпелі сессия нәтижесінде «ашық деректер» мәселелерін талқылау үшін алаң ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Қаржыны басқару: технология, құралдар, тәуекелдер

Бүгін «Даму күні» аясында Экономист + пікірталас алаңында қаржыны басқарудың өзекті мәселелері талқыланды. Дәріске Академия білім алушылары мен қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ Тұран, Астана университетінің докторанттары, магистранттары, профессорлары онлайн форматта дәріс тыңдады.

Экономика, қорғаныс, энергетика секторлары сияқты салалардағы америкалық «Трампоралли» нарығына егжей-тегжейлі шолу жасалып, қордың жұмыс істеуінің өзекті мәселелері талқыланды. IShares Bitcoin Trust (IBIT) қызметіне де талдау жүргізілді. Инвестициялық портфельдегі тәуекелдерді басқару құралдары, опциондық мәмілелердің мүмкіндіктері ұсынылды. Докторанттар мен магистранттарды криптовалюта компаниялары мен қорларын басқару мәселелері қызықтырды.

Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Nomad life өңірлік директоры Мират Жекенов сақтандыру нарығының жұмыс істеу мәселелерін, сақтандыру сыйлықақыларының сақталу кепілдігі, салық жеңілдіктері жайлы айтып берді. Профессор А. Б. Зейнелгабдин макрожүйенің барлық субъектілерінің инвестициялық қызметін жандандыру және бәсекеге қабілетті нақты секторды қалыптастыру контекстіндегі қаржы нарықтарының рөлінің маңыздылығын атап өтті. Шараны клуб жетекшілері, Басқару институтының профессорлары Р.Т. Дуламбаева, Л.И. Құсайынова ұйымдастырды.

Бюджет-салық саясатын реформалау

    2025 жылғы 7 ақпанда Академия сарапшыларының, магистранттарының, докторанттарының, профессорларының қатысуымен елдегі бюджет-салық саясатын (БCC) реформалау мәселелерін белсенді талқылау өтті.  Кәсіпкерлер мен халықтың мүдделеріне тікелей қатысты өте сезімтал мәселелер көтерілді.  Атап айтқанда, ҚҚС-ты 20% — ға дейін арттыру, ҚҚС бойынша есепке қою үшін шекті жылына 15 млн теңгеге дейін төмендету және арнаулы салық режимдерін қысқарту. Үкімет ойын ережелерін өзгертудің мақсатты міндеттерінің бірі — бюджет тапшылығы мәселелерін шешу болып табылады.  Талқылау нәтижелерін негізгі points бөлуге болады:

  1. Экономикалық даму моделін, бастапқы деректерді (қолданыстағы жағдайларды), негізгі басымдықтарды (инвестициялық, қаржылық, сауда және т. б.), экономиканың салалық құрылымын, шектеулерді, мүмкіндіктерді және т. б. әлеуметтік, ақша-кредит саясатын айқындау қажет.
  2. Сұраққа жауап беру маңызды: экономикалық саясаттың таңдалған түрі қысқа, орта және ұзақ мерзімді дамудың өзекті мәселелерін шешуге қаншалықты сәйкес келеді? Үкімет ұсынған реформалау шаралары экономиканың қызып кетуі, іскерлік белсенділікті төмендету, инфляциямен күресу мақсатында ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейден асып кетуі жағдайында жүргізілетін шектеуші БСС-ға жатады. Алайда, ұсынылып отырған шаралардың негізгі нысаналы бағдарларының бірі ел бюджетін толықтыру болып табылады. Реформаны жүзеге асырудың орындылығы туралы бірқатар сұрақтар туындайды, өйткені саясат түрі тапсырмаға толық сәйкес келмейді. Экономикалық саясатты құрудың алтын ережелері бар — мақсаттың, құралдардың, нәтижелердің үйлесімділігі. Егер матрицалық басқару жүйесінің бұзылуы орын алса, онда біз жүйелік қателік және қоғам үшін жоғары құны бар тиісті салдарлар туралы айтып отырмыз.
  3. Нәтижелермен тәуекелдерді жабу дәрежесін анықтау өзекті. Бұл тәуекелдерді есептеу, сәйкестендіру және бағалау, тәуекелдерді басқару жүйелері туралы. Бұл спектрде реттеуші әсерге талдау жасаған жөн. Тәуекелдің әр түрі бойынша сараланған талдауға бармай — ақ ықтимал тәуекелдерді тұтастай елестетуге болады: — ҚҚС бұл тұтынушыға да, өндірушіге де салынатын күрделі салық (іс жүзінде). Себебі, бизнестің төлемдері алдын-ала төленеді және бизнес әрдайым несие бере алмайды;

— бағаның өсуі, инфляция және мультипликативті әсері бар;

— салық салынатын базаның төмендеуі, қосымша-300 мың компания (ШОБ өкілдері), қайтарылмайтын борыштардың өсуі;

— әлеуметтік теңсіздік, шиеленіс, жанжал;

— жұмыссыздық, жұмыссыздар қатарын толықтыру банкротқа ұшыраған бизнес болады;

— көлеңкелі бизнесті дамыту, компаниялардың бытыраңқылығы және т. б.

  1. Зерттеулерге, бюджеттік-салық жүйесінің қолданыстағы тетігінің тиімділігін бағалауға, салық салудың негізгі қағидаттарына (сенімділік, әділеттілік және т.б.) сәйкестікке, қателіктер банкін қалыптастыруға және оларды сыни талдауға негізделген реформалауда жүйелі тәсіл қажет. Осыдан кейін күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жаңа ережелері туралы айтқан жөн.
  2. БСЖ реформалау саясатын әзірлеу кезінде барлық тәуекел-факторларды ескеру және бюджетті толықтырудың баламалы көздерін, ішкі резервтерді жандандыру қажет. Ең маңызды бағыттар: активтерді басқару тиімділігі (мемлекеттік шығындар), заңсыз импорт, капиталға рақымшылық жасау, салалар бойынша салық жүктемесінің балансы және т. б.

    Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған салмақты, теңгерімді бюджеттік-салық саясатын әзірлеу қажет.

    Клуб жетекшілері профессорлар Р. Т. Дуламбаева және Л. И. Құсайынова

МАГИСТРЛІК ЖОБАНЫ ЖАЗУ: САРАПШЫЛАРДЫҢ ЛАЙФХАКТАРЫ

2025 жылғы 14 наурызда Экономист + клубының отырысы «Магистрлік жобаны жазу: сарапшылардан лайфхактар» тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік семинар форматында өтті.

* «Экономист+» клубының жетекшісі э.ғ.д., профессор Р.Т. Дуламбаева семинардың мақсаттары мен міндеттеріне шолу жасап, магистрлік жобаны жазудың негізгі компоненттерін, ережелерін ашты. Ғылыми-әдістемелік семинардың негізгі мақсаттары:

— Зерттеу құзыреттерін дамыту, ғылыми зерттеулер әдіснамасы және зерттеу/ магистрлік жобаны сапалы дайындау бойынша білімді тереңдету

— Өзекті ғылыми мәселелерді талқылау және шешімдерді іздеу

— Ғылыми пікірталас дағдыларын дамыту, нәтижелерді таныстыру және ғылыми зерттеулерге қатысу

— Ақпарат алмасу, сарапшылардан кері байланыс алу, жаңа байланыстар орнату

Өткізу форматы-магистрлік / докторлық жобаларды сарапшылармен талқылау

* Бақылау нысаны-зерттеу жобаларын (магистрлік, докторлық)алдын ала қорғау

* Мүмкіндіктер-ғылыми жобаларға тарту, ғылыми мақалалар жазу, конференцияларға қатысу

Өз сөздерінде сапалы зерттеулер жүргізу бойынша лайфхактармен сарапшылар бөлісті:

— Балгарина Людмила Александровна, СҚО бойынша ҚР СЖРА ҰСБ департаменті құрылымдық статистика басқармасының басшысы

— Есенжолова Ғазиза Досмағанбетқызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазалау басқармасының бас сарапшысы

— Абдрахманова Динара, DE 24 1 курс докторанты

     Одан әрі ғылыми зерттеулер мен ұсыныстардың ықтимал бағыттарымен, қорытындыларымен басқару институтының профессорлары Л.И. Құсайынова, Г.К. Үкібаева сөз сөйледі.

     Клуб жетекшілері профессорлар Р. Т. Дуламбаева және Л. И. Құсайынова

Қазіргі Қазақстанның ақша-кредит саясаты

2025 жылдың 28 наурызында Экономист + алаңында магистранттар, докторанттар, Академия оқытушылары үшін «Қазіргі Қазақстанның ақша-кредит саясаты» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ақша-кредит саясатын талдау мен бағалаудың аспаптық әдістерін қолдану мәселелері бойынша ҚР Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты департаменті Макроэкономикалық зерттеулер және болжау басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ислам сөз сөйледі. Магистрлік жобаларды орындау аясында Экономика мамандығының 2 курс магистранттары Алпысов Мейір, Демешева Торғын өз зерттеулерінің нәтижелерін талқылауға шығарды.  

Өнім импортының ҚР азық-түлік инфляциясына әсері және Қазақстанның кредиттік саясатының тиімділігін бағалаудың өзекті мәселелері көтерілді. Сарапшылар – ҚР Ұлттық банкінің өкілі Ержан Ислам, семинар модераторы профессор Р.Т. Дуламбаева, Академия профессорлары А.Б. Зейнелгабдин, Л.И. Құсайынова, Г.К. Үкібаева, А.С. Нұрмағамбетов, қолданбалы зерттеулер институтының директоры орынбасары Ш.Т. Шаяхметова, оқытушылар Тлебалдина Н.Е., Досмағамбетова А.М. зерттеу, жобалау, мақсат қою, міндеттер, жобалардың жаңалығы, жұмыстың эксперименттік бөлігін жүргізу сапасына қатысты сұрақтар қойды. Зерттеу нәтижелерінің әдіснамалық және дәлелді бөлігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды.

   Ғылыми-әдістемелік семинар қатысушылар арасындағы кәсіби байланысты нығайтты, зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар үшін нақты ұсыныстар әзірлеу тәжірибесімен алмасуға және одан әрі жұмыс жоспарларын белгілеуге мүмкіндік берді.

    Клуб жетекшілері профессорлар Р. Т. Дуламбаева және Л. И. Құсайынова

Фискалдық және монетарлық саясатты үйлестірудің заманауи тәсілдері: сарапшылар диалогы

2025 жылғы 25 сәуірде «Фискалдық және монетарлық саясатты үйлестірудің заманауи тәсілдері: сарапшылар диалогы» атты дөңгелек үстелі сындарлы диалог үшін маңызды алаңға айналды. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, макроэкономикалық реттеу саласындағы сарапшылар мен талдау орталықтары негізгі мәселелерді талқылау үшін жиналды. Іс-шараның мақсаты фискалдық және ақша-кредит саясатын үйлестірудің келісілген тәсілдерін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының әлеуетін нығайтуға ықпал ету болды.   

Өз презентацияларында мазмұнды материал ұсынған сарапшылардың сөз сөйлеуінің жеткілікті жоғары деңгейін атап өткім келеді. Осылайша, ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Оразалин Рүстем бюджеттік-салықтық және ақша-кредит саясатын әзірлеу және іске асыру мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды, бұл ретте қорытындылар Evidence-based policy қағидаттарына негізделді.      

Р. Оразалинның сөз сөйлеуі ақша-кредит (АКС) мен фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздіктерді, олардың инфляцияға, экономикалық өсуге және мемлекеттік қаржының тұрақтылығына әсерін талдауға арналды. Сарапшы ақша-несие саясаты инфляциямен тиімді күресе алмайтынын, ал фискалдық саясат инфляциялық болып қалатынын атап өтті. Бірқатар ұсыныстар айтылды: бюджеттік ережелерді нығайту( мұнай емес тапшылықты таргеттеу); мемлекеттік шығыстар мен салық тәртібінің сапасын арттыру; Ұлттық қорды реформалау: активтерді жинақтау, бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету; инфляцияны төмендету және тұрақты өсу үшін ақша-несие және фискалдық саясатты синхрондау.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің бас консультанты Әділет Ескендіров бюджеттік жоспарлау және болжау қағидаларын жетілдіру мәселелерін өзектендірді.  Фискалдық саясаттың ережелері мен мақсаттары бойынша э.ғ.д., профессор, Экономикалық зерттеулер институты АҚ бас ғылыми қызметкері Сара Нұрбекқызы Алпысбаева қызықты зерттеу ұсынды.  Фискалдық талдау әдістерін пайдалана отырып, салық жүктемесінің шекті деңгейлерін анықтау мәселелері бойынша, салық реформаларын жүргізудегі уақыт артта қалуын есепке алу бойынша зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Монетарлық және фискалдық құралдарды пайдалану процестерін басқару үшін тәуекелдер мен шығындарды есептейтін сценарий модельдері қажет. Экономикалық модельдеуді дамыту орталығының директоры Ақбөбек Ахмедьярова бюджеттік және монетарлық процестерді басқарудың әртүрлі модельдерін, үйлестірілген және үйлестірілмеген саясаттың салдарларының сценарийлерін ұсынды, монетарлық және фискалдық саясатты әзірлеу және іске асыру алгоритмін ұсынды.  

     Ұлттық макрожүйенің жұмыс істеуінің негізгі сипаттамалары мен базалық шарттары бойынша АЕRC Бас директоры Жәнібек Айгазин сөз сөйледі. Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру және монетарлық және бюджеттік процестерді реттеу саласында үйлестірілген саясатты әзірлеу қажеттілігі туралы мәселе өзектендірілді.  

     Билік, ғылым және талдау орталықтарының өкілдері, басқару институтының профессорлары А.Б. Зейнелгабдин, Л.Құсайынова, Г.Үкібаева, Академия докторанттары мен магистранттарынан әртүрлі көзқарастарды есту өте қызықты болды.  Елдің экономикалық саясатының тиімділігін арттыру үшін практикалық шешімдер талқыланғаны ерекше құнды. Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша аналитикалық жазба түріндегі ұсынымдар әзірленетін болады.

   Клуб жетекшілері профессорлар Р. Т. Дуламбаева және Л. И. Құсайынова

«Экономист +» көшпелі отырысы АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ-ӘР ТҮРЛІ КӨЗҚАРАСТАР

2025 жылғы 13 мамырда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде (Қазатиу) «Экономист +» клубының көшпелі отырысы өтті.

Бастамашылар:

— ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

— «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ

— Қазатиу. С. Сейфуллина, ҚР Президенті жанындағы АМУ және Астана халықаралық университеті

Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Ержан Сырғалиев құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық бөлім барысында:

— ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Раушан Дуламбаева DDDM-нің азық-түлік қауіпсіздігіндегі және басқару процестерін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді

— Астана Халықаралық университетінің профессоры Серік Жұмабаев басқаруда аналитиканы енгізу тәжірибесімен бөлісті

— Монография, оқу құралы және ПБ бойынша қолданыстағы цифрлық платформа (ap14871923 жобасы)ұсынылған

   Қазатиу профессорлары-Лаура Аутелеева мен Дарима Жеңісхан аграрлық саясаттағы стратегиялық бағыттарды белгіледі.

Негізгі қорытынды: оқу орындары аралық ынтымақтастық — тұрақты шешімдердің негізі.

Аграрлық, басқарушылық және білім беру салаларының күш-жігерін біріктіру азық-түлік қауіпсіздігіне кешенді және ауқымды жауаптар табуға мүмкіндік береді.

Іс-шара тәжірибе алмасу, желілік өзара іс-қимылды нығайту және жоғары оқу орындары арасындағы бірлескен жобаларды дамыту алаңына айналды.

   Талқылауға ҚР Президенті жанындағы АМУ магистранттары, экономика МЕ-24 мамандығы бойынша, қазатиу докторанттары мен магистранттары белсенді қатысты.

   Клуб жетекшілері профессорлар Р. Т. Дуламбаева және Л. И. Құсайынова

"Экономист+" клубының 7 маусымының жабылуы Мемлекеттік қызметшілердің монетарлық емес уәждемесі

2025 жылғы 16 мамырда «Экономист+» пікірталас клубының «Мемлекеттік қызметшілердің монетарлық емес уәждемесі» тақырыбында қорытынды сараптамалық отырысы өтті.

Іс-шара ағымдағы оқу жылында аяқталды және мемлекеттік қызметте ақшалай емес ынталандыру жүйесін жетілдіру бойынша өзекті тәсілдерді талқылауға және ұсынымдар әзірлеуге арналды.

Бюджет ресурстары шектеулі және мемлекеттік басқару тиімділігіне қойылатын талаптардың күшеюі жағдайында монетарлық емес ынталандырулар ерекше өзектілікке ие болады. Пікірталастың басты бағыты-ішкі мотивациялық тетіктерді дамыту, оларды мемлекеттік қызмет жүйесінде қолданудың институционалдық және нормативтік негіздерін қалыптастыру.

Отырыстың модераторы экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.Дуламбаева, шақырылған сарапшылар ретінде Ұлттық корпоративтік басқару академиясының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев, сондай — ақ зерттеуші, жаттықтырушы және дербес тиімділік саласындағы сарапшы Ботагөз Буралкиева қатысты.

          Ботагөз Буралкиева монетарлық емес ынталандыру саласындағы өзінің зерттеулерінің нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік сектор қызметкерлері үшін материалдық емес ынталандыруды күшейтуге бағытталған практикалық ұсынымдарды жариялады. Баяндамалар аяқталғаннан кейін қатысушылар фокус-топтар форматында талқылауға белсене кірісті, олардың барысында монетарлық емес мотивация тетіктерін институционализациялау және ілгерілету жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері — Үсенова Г., Абданбеков А., Нұрмағамбетов Д., сондай-ақ адами ресурстарды басқару жөніндегі бағдарламаның (HR) магистранттары белсенді қатысты, олар нақты ұсыныстар мен бастамалармен сөз сөйледі.

Қорытынды сөзінде профессор Зейнелгабдин А. мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау үшін талқыланатын мәселенің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды және мемлекеттік органдар үшін ұсынымдарды нақтылауды ұсынды.

          Отырыс соңында кәсіби еңбегін монетарлық емес уәждеме элементі ретінде танудың маңыздылығын ерекше көрсете отырып, қатысушыларға макроэкономикалық реттеудің фискалдық және монетарлық құралдарының теңгерімділігі туралы монографиялар, авторлық ұжымның: профессорлар Р.Дуламбаева, С.Жұмабаева, Л. Құсайынова, Д. Нұрмағамбетова және т. б. оқулықтары табыс етілді.

    Клуб жетекшілері профессорлар Р. Т. Дуламбаева және Л. И. Құсайынова


Your browser does not support SVGs