- Оқиғалар
2022 жылдың 30 қыркүйегінде «Мұғалімдер күні» қарсаңында «Экономист+» клубы VI маусымының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа қатысушыларды Басқару институтының директоры З.С. Гаипов, профессор А.Б. Зейнелғабдин, DPA-20, DE-20 топтарының докторанттары мен ME21 тобының магистранттары қарсы алды.
Клубтың кезекті маусымы МЕ22 тобының тәлімгері Д.Ж. Кеңесбаева мен МРР22 тобының тәлімгері Г.К. Укабаеваның қатысуымен ұйымдастырылған «Quantum» және «Шумпетер» командалары арасында «Новый Казахстан: выбор за нами» тақырыбына арнап интерактивті ойын өткізе отырып ашылды.
Ойынның жүргізушісі болған Сапарбек Жомарт (МЕ 21) өзінің кәсіпқойлық, шығармашылық және коммуникативтік қасиеттерін көрсетті. Тәуелсіз төрешілер профессор А.Е. Багараева, доцент А.З. Тұралин және докторант Б.Б. Буралкиева болды. Олардың шешімімен «Шумпетер» командасының мүшелері жеңімпаз болып анықталды.
«Экономист+» клубының жетекшілері – профессор Раушан Тілегенқызы Дуламбаева, Лариса Ислямқызы Құсайынова.
Жаңа жылдың бірінші аптасы 2023 жылғы 13 қаңтарда «Экономист+» интерактивті алаңындағы «Геймификация: азық-түлік ресурстарын басқару» симуляциясынан басталды.
Онда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің AP14871923 «Жаһандық тегеурінді талаптар жағдайында Data Driven Decision Making жобасы негізінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару» гранттық жобасы аясында зерттеу жүргізілетін, азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланды.
ME – 22, MRR – 22 мамандығының магистранттары су, энергетика және азық-түлік ресурстарын пайдалану саласындағы өзекті мәселелерді шешуге үлкен қызығушылық танытып, жаңаша ой-пікірлерімен бөлісті.
Әрбір қатысушы талқылауға белсенді қатысып, өздерінің басқарушылық шешімдерін дәлелді түрде жеткізіп отырды.
Геймификация магистранттарға мемлекет, өңір және экономика секторлары арасындағы ынтымақтастық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Қатысушылар ойын нәтижелерін талқылай келе, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығын дамыту, энергетика және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша әртүрлі стратегиялық шешімдер қабылдау мүмкіндігіне ризашылықтарын білдірді.
«Экономист+» клубының жетекшілері профессор Р.Т. Дуламбаева және Л.И. Құсайынова сертификатталған магистранттар стратегиялық шешімдерді тезірек қабылдап, жасыл экономика мәселелерін шешудегі балама тәсілдерді көрсете алғанын атап өтті.
Профессор С.А. Жұмабаев көптеген стейкхолдерлер үшін ашықтық, толықтық, нақтылық пен қолжетімділіктің маңыздылығын атап айтты.
Симуляциялық бағдарламалардың жаңа технологиялары шешім қабылдаушы тұлғалардың құзыреттілігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.