ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ

Мемлекеттік менеджмент (MPM), өндірістен қол үзбей

– құжаттар тапсыру кезінде мемлекеттік қызмет өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшы лауазымда кемінде бір жыл;

-келесідей нәтижелермен сертификаттардың бірінің болуы: құжаттар тапсыру сәтінде әрекет ететін, IELTS кем дегенде 4.5, TOEFLPBT кем дегенде 477 немесе TOEFLIBT кем дегенде 53 немесе Duolingo English Test  емтихан нәтижесі 65 боллдан кем емес;

-жоғарыда аталған сертификаттардың болмауы жағдайында – төрт дағды (айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым) бойынша B1 (CEFR) деңгейінен төмен емес және кемінде 4.5 IELTS баламасына сәйкесетін APTIS тілдік тестін тапсыру нәтижесіне қол жеткізу;

Қазақстан Республикасы 
Президентінің жанындағы мемлекеттік

басқару академиясы ректорының
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 934 бұйрығының
1-қосымшасы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясына

оқуға қабылдау қағидалары

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылар контингентін қалыптастыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып табылатын, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен оқуға қабылдау рәсімдерінің заңдылығын, жариялығы мен ашықтығын қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдаудың осы Қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарына және өзге де нормативтік актілерге, Академияның Жарғысына сәйкес әзірленді.
  2. Академияға оқуға Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Академияға қабылдау ережесінің 10-тармағының талаптарына сәйкес келетін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
  3. Құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау емтихандарын өткізуді, соның ішінде Академияға қабылдауды ұйымдастыру үшін жыл сайын Қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

4) Магистратура және докторантура бағдарламаларына құжаттар қабылдау жыл сайын 1 қаңтардан басталады және шілде айының екіншісі жұмасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.30-да аяқталады.

5) Құжаттарды қабылдау«Электрондық үкімет»веб-порталы арқылы немесе Академияның техникалық хатшысы арқылы жүзеге асырылады.

6) Академия 7М031 Әлеуметтік ғылымдар, 7М041 Бизнес және басқару, 8D031 Әлеуметтік ғылымдаржәне 8D041 Бизнес және басқару бағыттары бойынша,мынадай білім беру бағдарламалары аясында даярлауды жүзеге асырады:

бір жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік менеджмент» – Мaster of Public Management;

«Мемлекеттік менеджмент», өндірістен қол үзбей – Мaster of Public Management flexible mode;;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» –Мaster of Anti-Corruption Policy;

«Халықаралық қатынастар» – Master of International Relations;

«Адами ресурстарды басқару» –Master of Human Resources Management;

«Өңірлік  көшбасшылық»,  –Master of Regional Leadership;

«Өңірлік  даму», өндірістен қол үзбей – Master of  Regional Development, flexible mode;.

екі жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – Master of Public Administration;

«Мемлекеттік саясат» – MasterofPublicPolicy;

«Экономика» – МasterofEconomics;

«Өңірлік даму» – Master of  Regional Development;

үш жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – DoctorofPublicAdministration;

«Экономика» – DoctorofEconomics;

«Халықаралық қатынастар» – DoctorofInternationalRelations.

7.Оқуға түсу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

7.1. Академияға келіп тапсырған жағдайда:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен  (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың (магистр дипломы) көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

3) IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша .*APTIS тестін немесе *Duolingo English Test* тапсыруға арналған тіркеу нысандары (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер тиісті құжатты ұсынған жағдайда, бұл талаптан босатылады)

*2020-2021 оқу жылына конкурстық іріктеуге қатысатын үміткерлер үшін

4) еңбек қызметін растайтын құжат (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін істеген қызметтерінің тізімі немесе басқа тұлғалар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы);

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысандағы медициналық анықтама;

*2020-2021 оқу жылына конкурстық іріктеуге қатысатын үміткерлер үшін 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну мерзімі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылады

6) мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

7) магистратура бағдарламаларының талапкерлері үшін – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі эссе;

докторантура бағдарламаларының талапкерлері үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердің тізімі бар болған жағдайда.

Талапкерлер осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын Қабылдау комиссиясына салыстырып тексеру үшін ұсынады. Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды жұмыс орны бойынша растау қажет.

   7.2. Портал арқылы тапсырған жағдайда:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы  өтініш;

2) жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі қосымшасымен  (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың (магистр дипломы) электрондық көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

3) IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың электрондық көшірмесі немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша APTIS тестін немесе *Duolingo English Test* тапсыруға арналған тіркеу нысандары (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер тиісті құжатты ұсынған жағдайда, бұл талаптан босатылады);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін істеген қызметтерінің тізімі, кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе басқа тұлғалар үшін еңбек кітапшасының көшірмесі);

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

*2020-2021 оқу жылына конкурстық іріктеуге қатысатын үміткерлер үшін 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну мерзімі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылады

6) мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдаманың электрондық көшірмесі (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

7) магистратура бағдарламаларының талапкерлері үшін – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі эссенің электрондық көшірмелері;

докторантура бағдарламаларының талапкерлері үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эссенің, зерттеу жұмысы жоспарының (research proposal) және бар болған жағдайда ғылыми еңбектердің тізімінің электрондық көшірмелері.

Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасымен бірге ұсынылады. Бұл құжаттар Академияға оқуға қабылданған күннен бастап үш ай ішінде тану және нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберіндегі білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.

Оқуға қабылданғанға дейін талапкерлер осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын Қабылдау комиссиясына салыстырып тексеру үшін ұсынады. Тексеруден кейін түпнұсқалар қайтарылып беріледі.

10.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратура мен докторантура бағдарламаларына оқуға түсетін тұлғалар Академияға оқуға түсу сәтінде жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болуы және оқуға түсу кезінде уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқармауы тиіс.

Магистратура бағдарламасына оқуға түсетін адамдарға қойылатын  талаптар:

бір жылдық оқу мерзімімен:

Мемлекеттік менеджмент (MPM)

– құжаттар тапсыру кезінде мемлекеттік қызмет өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшы лауазымда кемінде бір жыл;

– келесідей нәтижелермен сертификаттардың бірінің болуы: құжаттар тапсыру сәтінде әрекет ететін, IELTS кем дегенде 4.5, TOEFLPBT кем дегенде 477 немесе TOEFLIBT кем дегенде 53 немесе *Duolingo English Test  емтихан нәтижесі ;

-жоғарыда аталған сертификаттардың болмауы жағдайында – төрт дағды (айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым) бойынша B1 (CEFR) деңгейінен төмен емес және кемінде 4.5 IELTS баламасына сәйкесетін APTIS тілдік тестін тапсыру нәтижесіне қол жеткізу;

  1. Қазақстандық, шетелдік және халықаралық ұйымдар бөлген қаражат есебінен оқуға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген талаптар қолданылады.

Қазақстандық, шетелдік және халықаралық ұйымдар бөлген қаражат есебінен оқуға түсуші шет мемлекеттердің азаматтарына осы Қағидалардың
11-тармағында көрсетілген еңбек өтілі мен ағылшын тілін білу деңгейі бойынша талаптар қолданылады.

Меншікті қаражаттарына, заңды тұлғалардың қаражаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерге жүгінген үміткерлерге осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген ағылшын тілін білу деңгейіне және біліктілігіне қойылатын талаптар қойылады.

  1. Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған азаматтар білімнің ұқсас деңгейінде білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қайта қатыса алмайды.
  2. Академия кез келген қабылдау кезеңінде талапкерлер дұрыс емес құжаттар мен/немесе мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
  1. Конкурс өткізу рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

талапкерлер ұсынған құжаттарды олардың талаптарға сәйкестігін тексеру үшін 5 жұмыс күні ішінде қарастыру. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөнінің бірінші әріптерін, күні мен уақытын көрсете отырып, техникалық хатшы берген талон құжаттарды қабылдаудың расталуы болып табылады. Талапкердің осы Қағидалармен қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы жағдайында техникалық хатшы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

талапкерлер ұсынған эссені, зерттеу жұмысының жоспарын (докторантура бағдарламасына түсетіндер үшін) бағалау;

қазақ, орыс және  ағылшын тілдерінде сұхбаттасу, оның барысында ситуациялық тапсырмалар – кейстерді шешу арқылы  жеке  және кәсіби құзыреттері анықталады.

Академияға оқуға қабылдау туралы шешім қорытынды баға негізінде қабылданады. Қорытынды баға эссені бағалау және сұхбаттасу нәтижелерін олардың үлес салмағын ескере отырып, қосу арқылы алынған балл жиынтығын білдіреді.

Екі және одан көп талапкерлердің қорытынды баға балдарының тең болуы жағдайында басымдылықсұхбаттасудан жоғары балмен өткен талапкерге беріледі.

Сұхбаттасу процесі видео немесе аудио жазба арқылы жүргізіледі.

  1. Білім беру бағдарламалары бойынша емтихан комиссиялары жыл сайын құрылады, ол Қазақстан Республикасы Парламентінің және қалалар мен облыстар мәслихаттарының депутаттарынан, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық және халықаралық компаниялардың, ЖОО-дарымен ғылыми-зерттеу мекемелеріөкілдерінен сырттай сарапшыларды қоса алғанда, кемінде бес мүшеден тұрады.

Емтихан комиссияларының құрамы мен жұмыс тәртібі Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Талапкер білім беру бағдарламаларының біріне құжаттар тапсырады және сол таңдаған бағдарламасы бойынша конкурстық рәсімдерден өтеді. Сұхбаттасудан қайтадан өтуге рұқсат етілмейді.

Конкурс қорытындылары бойынша оқуға түсу сынақтарынан сәтті өткен талапкерлер ішінен, жинаған балдары азаю тәртібінде сараланған білім беру бағдарламалары бойынша адамдардың тізімі жасалады.

Егер оқуға қабылданған талапкер әртүрлі себептермен оқи алмайтын болса, оның бос орнына тізім бойынша тұрған келесі адам қабылданады.

Академияда оқуға қабылданған талапкерді оқыту талапкердің немесе талапкерді оқуға жіберген мемлекеттік органның жазбаша өтініші негізінде тоқтатылуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда бос орынға білім беру бағдарламалары бойынша жасалған адамдар тізіміне сәйкес кезектегі талапкер оқуға қабылдануға құқылы.

Магистранттар мен докторанттар қатарына қабылдауды осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, конкурс қорытындылары бойынша Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылар қатарына қабылдау Академия ректорының бұйрығынан үзінді көшірмемен расталады.

Академияның білім алушылары қатарына қабылданбаған талапкерлерге осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқуға қабылданбағаны туралы хабарлама жолданады.

Портал арқылы құжаттар тапсырған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

Қабылдау комиссиясының талапкерлерді қабылдау туралы шешімі Академия ректорының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдауды аяқтау сәтінен бастап 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күн ішінде бекітіледі.

Академияға қабылданғаннан кейін:

1)Академия мен жеке тұлғалардың қаражаты есебінен оқуға қабылданған тұлға арасында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жақты шарт;

2)Академия, оқуға қабылданған тұлға және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген мемлекеттік орган арасында осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жақты шарт;

3)Академия, оқуға қабылданған тұлға және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген заңды тұлға арасында осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жақты шарт;

4)Академия, оқуға қабылданған тұлға, әріптес-ұйым және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген мемлекеттік орган арасында осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жақты шарт жасалады.

  • Эссе дегеніміз не?
  • Эссе – қысқа очерк-еркін стильдегі ой-пікір. Эссе нақты мәселе бойынша жеке әсер мен пікірді білдіреді және оны толық егжей-тегжейлі түсіндіруді талап етпейді. Эссе өз бетінше шығармашылық ойлау деңгейін, ақпаратты құрылымдап, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп, өз тұжырымдарын дәлелдей алуды көрсетеді.
  • Эссе тексеру рәсімі қалай ұйымдастырылады?
  • Оқуға түсуге үміткерлер ұсынған барлық жазбаша жұмыстар (мотивациялық эссе, пән бойынша эссе/зерттеу жұмысының жобасы) штрих-кодтар арқылы кодталады. Бұл үміткердің мәліметтерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір жұмыс плагиатқа тексеріледі және оны кем дегенде екі сарапшы бағалайды. Екі сарапшының орташа арифметикалық бағасы эссеге қойылған баға болып саналады.
  • Мотивациялық эссеге қандай талаптар қойылады?
  • Мотивациялық эссені сәтті дайындау үшін мыналарды қамтыған жөн:
  • жеке мансаптық дамудың мақсаттары мен міндеттері (міндеттерді белгілей білу және стандартты емес шешу жолдарын ұсына білу, шығармашылық тәсілді қолдана білу);
  • осы бағдарламаны таңдау және Академияға оқуға тапсыру себептері (оқуды аяқтағаннан кейін алынатын кәсіби құзыреттілікті түсіну);
  • қоғамның дамуына үлес қоса алатын белгілі бір құндылықтардың болуы;
  • мотивация (өзін-өзі ынталандыру) үшін қажетті қолдау ортасын өз бетінше анықтай және жасай білу;
  • академиялық хат талаптарына сәйкестігі, яғни грамматикалық, орфографиялық және стилистикалық қателерсіз құрылымдық (кіріспе, дәлелді бөлім, қорытынды) хат, ал әдеби дереккөздер дұрыс қолданылуы тиіс.
  • Эссенің көлемі – 500 сөз. Сөздер санының асып кетуі бағаның төмендеуіне әкелуі мүмкін.
  • Әдеби дереккөздерді пайдалану кезінде библиография бөлімінде дереккөздерге сілтемелер көрсетілуі қажет. Себебі, Академиядағы барлық жазбаша жұмыстар плагиатқа тексеріледі, дереккөзге сілтеме жасамай көшіру плагиат ретінде қабылданады. Дереккөзге сілтеме жасамай 25%-дан астам көшіру (плагиат) үміткердің бағасын төмендетуге, тіпті бағаны жоюға дейін әкеледі.

Мемлекеттік менеджмент (MPM), өндірістен қол үзбей

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы: осы тұжырымдаманы енгізу үшін негізгі факторларды анықтаңыз. «Халық үніне құлақ асатын» мемлекеттік аппаратты құру бойынша нақты шараларды ұсыныңыз.

Пән бойынша эссені сәтті дайындау үшін мыналарды қамтуды ұсынамыз:

стратегиялық және сыни ойлау;

сандық, ауызша және басқа ақпаратты талдай білу және зерделенген ақпарат негізінде сараланған шешім қабылдай білу; 

инновациялылық және өзгерістерді басқару (жаңа идеяларды жасай білу, бірегей шешімдер таба білу, іс-әрекет нұсқаларын ұсыну);

академиялық хат талаптарына сәйкестігі, яғни грамматикалық, орфографиялық және стилистикалық қателерсіз құрылымдық (кіріспе, дәлелді және аналитикалық бөлім, қорытынды) хат, ал әдеби дереккөздер дұрыс қолданылуы тиіс.

Эссенің көлемі – 500 сөз (библиографияны есептемегенде). Сөздер санының асып кетуі бағаның төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Эссені жазу кезінде, библиография бөлімінде дереккөздерге сілтемелерді көрсету қажет. Себебі, Академиядағы барлық жазбаша жұмыстар плагиатқа тексеріледі, дереккөзге сілтеме жасамай көшіру плагиат ретінде қабылданады. Дереккөзге сілтеме жасамай 25%-дан астам көшіру (плагиат) үміткердің бағасын төмендетуге, тіпті бағаны жоюға дейін әкеледі.

Өтініш

Мемлекеттік органның жолдамасы

Білім туралы құжаттың көшірмесі

086-У нысанындағы медициналық анықтама

Ағылшын тілі білімінің растамасы:

IELTS немесе TOEFL сертификаттың көшірмесі

немесе APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу нысаны

Еңбек қызметін растайтын құжат

2 эссе (магистратура бағдарламасының үміткерлері үшін)

мотивациялық эссе, зерттеу жұмысының жоспары – research proposal (докторантура бағдарламасының үміткерлері үшін)


Your browser does not support SVGs