QazPMA – бұл жыл сайын өткізілетін жобалық менеджмент саласындағы ұлттық конкурс. Бұл – елімізде жобалық менеджментті дамытатын кәсіби жарыс алаңы.

Конкурс пен Форум Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығы), Елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Бюрократиядан арылту туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Конкурстың миссиясы:

Еліміздің одан әрі экономикалық өркендеуі мақсатында жобаларды басқару мәдениетін қалыптастыру.

Конкурстың мақсаттары:

−Өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, шағын және орта бизнесті және жоғары оқу орындарын қолдау;

−Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, шағын және орта бизнес пен жоғары оқу орындарының жобаларды басқаруды жетілдірудегі коллаборациясы;

−Конкурсқа қатысушыларды көшбасшылықты және жаңа құзыреттер мен дағдыларды дамытуға ынталандыру.

1-кезең – Өтінімдерді қабылдау;

2-кезең – Есептерді қабылдау;

3-кезең – Ассесмент;

4-кезең – Конкурсқа қатысушылармен виртуалды сұхбат;

5-кезең – Қазылар алқасының жұмысы;

6-кезең – Финалистерді анықтау;

7-кезең – Финалистердің презентациялары мен бейнероликтерін дайындау және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысуға дайындық;

8-кезең – Форумды және «Алтын Сапа» премиясында марапаттау рәсімін өткізу.

 

Қазылар алқасының аты-жөні

Лауазымы

 

Азамат Сағатұлы Жолманов

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары

 

Ерлан Қуанышұлы Әбіл

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

 

Илона Альбертовна Шварцкопф

ҚР ҰЭМ Жобалық басқару департаментінің директоры

 

Майра Хабижановна Хусаинова  

Жобаларды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың президенті

 

Алексей Филиппович Цеховой

Қазақстан Республикасы Жоба менеджерлері одағының президенті

 

Марғұлан Ғалымбекұлы Жұмағали

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Нәтижелерді басқаруға қол жеткізу офисінің (Delivery Unit) тимлиді және әдіскері

 

Юлия Жевно  

PMI Kazakhstan Chapter президенті

 

Рустам Шокаманов

Теңізшевройл компаниясының аға жоба менеджері

 

Нұрғиса Сейілов

Бизнес-процестерді басқару жөніндегі халықаралық кәсіпқойлар қауымдастығының қазақстандық чаптерінің президенті

 

Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев

АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры

Өтінімдер, есептер беру және онлайн Конкурс пен Форумның қорытындысын шығару

КЕСТЕСІ

Өтінімдерді жинау 1 маусым – қыркүйек 

Есептерді жинау 1 шілде – 1 қыркүйек 

Асессорлардың конкурсқа қатысушылармен виртуалды сұхбаты 
16 қазан – 1 қараша

Конкурсқа қатысушылардың презентациялары мен видеороликтерін дайындау және жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсіміне қатысуға дайындық Қараша

Форумды және «Алтын Сапа» премиясында марапаттау рәсімін өткізу  Желтоқсан

Қатысқаны үшін төлем
Санаттар
Төлем мөлшері, теңге
Квазимемлекеттік сектор
100 000
Бизнес
100 000
ЖОО-ы
50 000

Байланыс деректері:

87002168697 Гүлжан Ауданбай

e-mail: qazpma2022@gmail.com


Your browser does not support SVGs