Персоналдың сертификатталуы келесі кезеңдерден тұрады:
- өтініш берушімен сертификаттауға арналған құжаттар топтамасын ПСРО-ға өткізу
- өтініш берушінің құжаттардың сараптамасын жүргізу және ұсынылған материалдардың толықтығы мен жеткіліктілігі туралы шешім қабылдау (қызметкерлердің белгіленген талаптарға сәйкес келуін талдауды қоса алғанда)
- өтініш берушімен сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу туралы келісім-шартын жасасу
- өтініш берушінің сертификаттау қызметтері үшін төлемі
- сертификаттау мерзімі туралы үміткерге (жеке, телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы) хабарландыру жіберу
- сертификаттау емтихандарын өткізу
- сертификаттау емтихандарының нәтижелерін бағалау
- ұсынылған құжаттар жиынтығының және емтихандардың нәтижелерінің негізінде үміткерге тиісті біліктілік деңгейін беру мүмкіндігі (немесе бас тартуы) туралы шешім қабылдау
- сертификаттаудың оң шешімі болған жағдайда сертификатты жасау, тізілімде тіркеу және үміткерге тапсыру.
Сертификаттауға арналған құжаттар:
— сертификаттауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы өтініш (жүктеу);
— үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
— үміткердің жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
— таңдаған саладағы практикалық қызметінің өтілі туралы анықтамасы (жүктеу);
— жобаларды басқару тақырыбындағы кем дегенде 35 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы құжаттар (сертификаттар) көшірмелері немесе жоғарғы оқу орнында жобалық менеджменті курсын кем дегенде 2 кредит санында тындағаны туралы транскрипт.
Сертификаттауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шартымен танысу
Заявление о политике органа по подтверждению соответствия персонала
Политика органа по подтверждению соответствия персонала
Сертификаттау қызметтері үшін төлеуге арналған реквизиттер
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
БСН 090240000429
ЖСК KZ666017111000000349
КБЕ 16
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық банкі» АҚ
010000, Астана қ., Абай даңғылы, 33а
тел.: 8(7172) 75-34-87
Қызметтер атауы: жобалық менеджмент саласындағы персоналды сертификаттау қызметтері үшін