Сертификаттау деңгейлері

PRINCE2 (PRojects IN Controlled Environments – бақыланатын орталарда жобалар) – бұл Ұлыбританияның үкіметі әлеуметтік салада жобаларды басқару стандарты ретінде бекітілген құрылымдық жобаларды басқару әдісі. PRINCE2 әдіснамасы жобаларды басқару, бақылау және ұйымдастыру тәсілдерін қамтиды.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда жобаны басқару стандарты ретінде қолданылады.

Академия SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания) оқу компаниясымен Академия базасында орыс тілінде PRINCE2 бойынша оқыту курсы аяқталғаннан кейін сертификаттық емтихан тапсыру мүмкіндігі туралы келісім жасасты.

SPOCE Project Management Ltd (Ұлыбритания) — озық тәжірибеде маманданған аккредиттелген оқыту және консалтингтік ұйым. Ол PRINCE2 Project Management, MSP Program Management, M_o_R Risk Management, ITIL Services Management, DSDM Atern, APM, Agile Project Management, MoV, MoP және P3O сәйкес кәсіби курстар жүргізеді.

Сонымен қатар, компания PRINCE2 курсын оқытатын әлемдегі алғашқы аккредитациядан өткен ұйым.

Академияда сабақ беруге құқылы PRINCE2 Practitioner 5 сертификатталған тренер бар.

I деңгей - «PRINCE2 Foundation»

Сипаттамасы:
әдістеменің негіздерін біледі және Prince2 негізінде жұмыс істейтін команданың мүшесі бола алады.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
— жоғары білімі болуы;
— жобалық менеджмент саласында кем дегенде бір жыл тәжірибесі болуы;
— PRINCE2 Foundation жобалық менеджмент бойынша кем дегенде 35 сағат көлемінде оқу сертификаттың болуы.

Емтихан: тестілеу (кітаптарды пайдаланбай), 1 сағат, 60 сұрақ, (сертификаттаудан өту деңгейі — 55% немесе 33 дұрыс жауап)

Біліктілікті растау: жоқ.

II уровень - «PRINCE2 Practitioner»

Сипаттамасы:
Арнайы жағдайдағы әдісті қолдануға және бейімдеуге қабілетті. Сертификаттаудың бұл деңгейі үміткер нақты әдіс бойынша әдісті қолдануға және бейімдеуге қабілетті болуы тиіс дегенді білдіреді.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
келесі сертификаттардың біреуінің болуы:

  • PRINCE2® Foundation
  • Project Management Professional (PMP)
  • Certified Associate in Project Management (CAPM)
  • IPMA Level A® (Certified Projects Director)
  • IPMA Level B® (Certified Senior Project Manager)
  • IPMA Level C® (Certified Project Manager)
  • IPMA Level D® (Certified Project Management Associate)

Емтихан: Объективті тестілеу, 2,5 сағат, 68 сұрақ (сертификаттаудан өту деңгейі — 55% немесе 38 дұрыс жауап), ресми PRINCE2 нұсқаулығын пайдалануға рұқсат берілді.

Біліктілікті растау: әр 5 жыл сайын.


Your browser does not support SVGs