Сұрақ-жауап

Академияда магистратура бойынша қандай мамандықтар бар?

Академия магистратурада мынадай білім беру бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асырады:
1. бір жылдық оқу мерзімімен:
«Мемлекеттік менеджмент» – Мaster of Public Management (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Цифрлық мемлекеттік басқару» – Мaster of Digital Public Administration (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» – Мaster of Anti-Corruption Strategy (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Мемлекеттік саясат және құқық» – Мaster of Public Policy and Law (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Адами ресурстарды басқару» – Master of Human Resources Management (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты)
«Мемлекеттік саясат» – Master of Public Policy (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Халықаралық қатынастар» – Master of International Relations (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
2. екі жылдық оқу мерзімімен:
«Мемлекеттік саясат» – Master of Public Policy (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Мемлекеттік басқару» – Master of Public Administration (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Экономика» – Мaster of Economics (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Өңірлік даму» – Master of Regional Development (7М04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты).
Академияда қандай мамандықтар бойынша докторантура бар?

«Мемлекеттік басқару» – Doctor of Public Administration (8D04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Экономика» – Doctor of Economics (8D04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Халықаралық қатынастар» – Doctor of International Relations (8D04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты);
«Мемлекеттік менеджмент» – Executive Doctorate in Public Management (8D04088 Бизнес, құқық және басқарумен байланысты пәнаралық бағдараламалары бойынша дайындық бағыты).
Академияға кімдер оқуға түсе алады?

Магистратураға жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген, ал докторантураға магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады.
Оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

1) Өтініш;
2) Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың (магистр дипломы) көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);
3) IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу формасы (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер тиісті құжатты ұсынған жағдайда, бұл талаптан босатылады);
4) еңбек қызметін растайтын құжат (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін істеген қызметтерінің тізімі немесе басқа тұлғалар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);
5) 086-У нысандағы медициналық анықтама;
6) мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);
7) магистратура бағдарламаларының талапкерлері үшін екі эссе;
докторантура бағдарламаларының талапкерлері үшін эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердің тізімі бар болған жағдайда.
Академияға оқуға мемлекеттік қызметшіні жіберу туралы шешімді кім қабылдайды?

Мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы
Мемлекеттік қызметшінің жолдамасына кім қол қояды?

Мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы.
Егер талапкер оқу ағылшын тілінде жүргізілген ЖОО-ны бітірсе, оған APTIS тестін тапсыру, TOEFL немесе IELTS сертификаттары қажет пе?

Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын білім беру мекемелерінде білім алған Академияға түсуге үміткерлер IELTS немесе TOEFL сертификаттарын өткізу, немесе APTIS тестін тапсыру талабынан босатылады.
АPTIS тесті дегеніміз не?

АPTIS тесті – компьютерлерді қолдана отырып, грамматика мен сөздік қорды тексеру, сондай-ақ Шет тілін игеру деңгейлерінің жалпыеуропалық жүйесі (CEFR) негізінде ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында тестілеу, тест тілдік төрт дағды бойынша тапсырмалардан тұрады: айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым.
Эссе жазуға және reserach proposal қандай талаптар қойылады?

Мотивациялық эссе
(магистратурамен докторантураға оқуға түсүшілер үшін):
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет;
2. мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне магистратура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетінін, оқу аяқталғаннан кейін меңгерген білімі мен құзыреттерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатынын түсіндіру қажет;
3. академиялық хат талаптарына сәйкеседі.
Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.
Эссе балдық шкала бойынша бағаланады.
Мамандықтар бойынша эссе тақырыптарымен қай жерде танысуға болады?

Академияның сайтында Академияға түсушілерге арналған мамандықтар бойынша эссе тақырыптары беріледі.
Сұхбаттасу қалай өтеді?

Сұхбаттасу процесі бейне немесе аудиофиксацияны пайдалана отырып, өткізіледі.
Бір білім беру бағдарламасы бойынша сұхбаттасудан қайта өтуге рұқсат етілмейді.
Шетелге іссапарлар бар ма? (тағылымдама) Қайда?

Академияда білім алушылар жыл сайын шетелдік тағылымдамадан Maxwell School of Citizenship and Public Affairs – Сиракуз университеті (АҚШ), Колумбия университеті (АҚШ), Нью-Йорк университеті (АҚШ), DBB Academie (Германия), Ұлттық адами ресурстарды дамыту институты (Оңтүстік Корея), Скандинавия академиялық ұтқырлық институты (Финляндия), Вена дипломатиялық академиясы (Австрия), Мұхаммед Бин Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебі (БАӘ), «Clingendael» Нидерланд халықаралық қатынастар институты (Нидерланд), Саяси және дипломатиялық зерттеулер орталығы (Ұлыбритания), сондай-ақ шетелдегі Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерінде өтеді.
Мемлекеттік қызметшілерге қандай стипендия төленеді?

Академияда білім алушылар соңғы жұмыс орнындағы қызметтік жалақыға сәйкесетін стипендия алады.
Оқуға түскен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны сақтала ма?

Қызметкердің жұмыс орны сақталады, себебі ол Академияда білім алу уақытында оқу демалысында болып табылады.
Мемлекеттік қызмет өтілі есептеліне бере ме?

Академияда оқыған уақыт мемлекеттік қызмет өтілі болып есептелінеді.
Академияда оқыған уақытта жатақхана беріле ме?

Академияға оқуға қабылданған басқа қалалық мемлекеттік қызметшілерге жатақхана беріледі.
Академияда білім алушыларға сабақты кімдер жүргізеді?

Академияның дәріскерлері PhD дәрежесі бар «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, ғылым кандидаттары мен докторлары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады.
Магистранттар мен докторанттарға сабақ қай тілде жүргізіледі?

Академия бір мезгілде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуға көшті. Қазіргі уақытта оқыту 3 тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Академияда оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеу бойынша талаптар бар ма?

Жұмыспен өтеу тәртібі мен мерзімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшiлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағида) анықталған. Осылайша, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік қызметте еңбек қызметін жүзеге асырады, бұл ретте ол тікелей оқуды аяқтағаннан кейін кемінде бір жыл өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асырады.
Бұрын грант негізінде Академияның магистратурасын оқып бітірген мемлекеттік қызметші магистратураның басқа мамандығына қайта түсуге құқығы бар ма?

Жоқ, себебі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге жұмысшы біліктілігінің белгіленген және жоғарылатылған деңгейін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.