Бағдарлама кімге арналған:
Бұл бағдарлама мемлекеттік қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде басшы саяси және әкімшілік лауазымда кемінде бір жыл және квазимемлекеттік және жеке сектор қызметкерлеріне басшылық қызметте тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілерге арналған.
Бағдарлама үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірленген және көшбасшылық құзыреттілікке, аналитикалық және стратегиялық ойлауға, тиімді байланыс орнату (коммуникация) мен шешім қабылдау дағдыларына ие жоғары білікті басшыларды дайындауға бағытталған.
Оқыту басқа қаржыландыру көздері арқылы жүзеге асырылады
Бағдарламаның артықшылықтары:
идеялар мен реформаларды практикаға енгізу мүмкіндігі;
академиялық оқу процесінде кәсіби және сараптамалық нетворкингті кеңейту;
АҚШ, Сиракьюз университетінің Максвелл мектебінде академиялық мобильділік бойынша білім алу мүмкіндігі;
мемлекеттік органдарда, ҮЕҰ мен басқа да ұйымдарда магистрлік жобалардың тақырыптары бойынша практикадан және тағылымдамадан өту.
Құжаттарды қабылдау
2020 жылдың 10 шілдесіне дейін
DUOLINGO тестіне тіркеу
2020 жылдың 10 шілдесіне дейін
DUOLINGO тестін тапсыру
2020 жылдың 17 шілдесіне дейін
Эссе/зерттеу жұмысының жоспарын бағалау:
2020 жылдың 1 қаңтарынан – 31 шілдесіне дейін
Сұхбат
2020 жылдың 27 – 31 шілдесіне дейін
Оқуға қабылдау
2020 жылдың 7 тамызы
Қабылдау комиссиясы
admission@apa.kz;
+7 7172 75 33 95
МСҰМ:
+7 7172 75 35 24