Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы онлайн семинарлар, курстар мен вебинарларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді ұсынады.
E-learning Академияда мемлекеттік қызметшілерге арналған күндізгі-қашықтықтан оқыту нысаны бойынша қайта даярлау және онлайн курстар мен біліктілікті арттыру семинарларын қоса алғанда білім беру бағдарламаларының кең спектрін қамтиды.

Шарттық семинарларға өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның және азаматтық қызметшілердің сұраныстарына сәйкес жүргізіледі. Оқуға арналған шарт Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы немесе қағаз түрінде жасалады.
+7 7172 75 34 93
a.sadvakasova@apa.kz
Президенттік Жастар кадрлық резерві қатысушыларын оқыту
+7 7172 75 33 98
Samal.Zhargakova@apa.kz
Онлайн курсқа тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар жаңа білім алғысы келетін жеке және заңды тұлғалар да жазыла алады. Тиімді оқыту үшін бейне-дәрістер, презентациялар және геймификация (ойын технологиялары) қолданылады. Сонымен қатар, барлық жүктелетін тапсырмалар автоматты түрде мәтіннің бірегейлігіне (антиплагиат) тексеріледі.
E-learning курстарының ұзақтығы оқыту бағытына байланысты бірнеше сағаттан 4 аптаға дейін өзгеруі мүмкін.
Егер Сіз жаңа дағдыларды меңгергіңіз, білім саласын кеңейткіңіз келсе Академияның Е-learning курстарын пайдаланыңыз. Курстардан өту барысында Сіз практикалық кейстер сериясын қарастырасыз, нақты бизнес-міндеттерге негізделген практикалық жобалармен айналысасыз және курстан өткендігі туралы сертификат аласыз және достарыңызбен, әріптестеріңізбен және әлеуетті жұмыс берушілермен өз жетістіктеріңізбен бөлісе аласыз.
Шарттық семинарларға өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның, азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ өзге де тұлғалардың сұранысы бойынша және жасалған шартқа сәйкес жүргізіледі.
Оқуға арналған шарт мемлекеттік сатып алу порталы арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада жасалады.