Жаңалықтар

Бурабайдағы жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады

2019 жылдың 12-16 тамызы аралығында Орта Азиялық (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) стипендиаттарға (Ханнс Зайдель қорының желісі бойынша магистрант-түлектер) және әріптестік байланыс орнатылған ұйымдардың оқытушыларына арналған «Дипломатия, медиация және кооперация» тақырыбында жазғы-интенсивті (жеделдетілген) тренинг болып өтті.

«Дипломатия, медиация және кооперация» тақырыбындағы жазғы мектеп Ханнс Зайдель қорымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Апта бойы қатысушылар сендіру мен қайшылықтарды басқарудың барлық әдістемелері арқылы дипломатия, келіссөздер және медиация өнерін, сондай-ақ кешенді жобаларды оңтайлы жоспарлау, коммуникация мен іске асыру тәсілдерін  үйренді.

Ханнс Зайдель қоры 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірге өңірлік ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, көп ұлттық магистрлық бағдарламасын жүзеге асырып отырғанын айта өткен жөн. Әріптестік байланыс орнатылған ұйымдар арасында ынтымақтастықты нығайту және       тәжірибемен алмасу мақсатында осындай магистранттарға арналған жазғы мектептер және оқытушыларға арналған семинарлар сияқты өңірлік іс-шаралар өткізіліп тұрады.