Бос орындар

Құрметті ізденуші,

Сізге біздің қызметке танытқан қызығушылығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Академияның табыс кепілі ойлауы прогресшіл, құндылықтарымызды алға жетелейтін жоғары білікті қызметкерлер болып табылатындығына сенеміз. Сізді үлкен команданың бір бөлігі болуға және кәсіби мемлекеттік аппарат құруға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
Осы бөлімде Сіз өзекті бос орындар мен Академиядағы және оның филиалдарындағы бос лауазымдарға орналасу конкурсы туралы ақпаратты таба аласыз. Түйіндеме жолдау немесе конкурсқа қатысу үшін Сізге ұмтылып отырған лауазым талаптарымен мұқият танысып алу қажет. Одан кейін өз түйіндемеңізді ілеспе хатпен hr@apa.kz электрондық адресіне жолдап, қажеттілік туындаған жағдайда, бос лауазымның атауын көрсете отырып қосымша құжаттарды жіберу керек.

Құрметпен,
Персоналды басқару орталығы.

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу жариялайды.

Бос лауазымның атауы: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.

Мекенжайы: 090000, Орал қаласы, С. Тюленин көшесі 1/4.

Біліміне қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Мүмкіндігінше магистр дәрежесінің болғаны немесе PhD не бейіні бойынша доктор дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болғаны жөн.

Қазақстандық немесе халықаралық біліктілікті арттыру сертификаттарының (куәліктерінің), оның ішінде білім беру саласын басқару бойынша құжаттарының болғаны абзал.

Кәсіби тәжірибесіне қойылатын талаптар: Білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл (мүмкіндігінше рейтингі жоғары Қазақстанның жоғары оқу орындарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында) және/немесе мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және/немесе филиал бейіні бойынша орта буын басшылық лауазымдарында кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, білім және ғылым саласындағы заңнаманы және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді. Оның ішінде филиалдың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру мәселелерін реттейтін құқықтық нормаларды білуі тиіс. Қауіпсіздік техникасы мен өрттен қорғау туралы заңнаманың негізгі нормаларын білуі қажет.

Функционалдық міндеттері: Филиалдың қызметін тиімді жүзеге асыру және ұйымдастыру, Академияның стратегиясына және филиалдың негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес филиалды басқару. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдың шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық ету. Филиал мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Шарттар жасасу, бұйрықтар шығару, Академия мен филиалдың мүдделерін білдіру; Академияның стратегиясына сәйкес филиалдың тиісті бағыттары бойынша негізгі стейкхолдерлермен (мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен), сондай-ақ шетелдік ұйымдармен сыртқы серіктестікті нығайту және дамыту; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарының жоспар-кестелерін әзірлеу, бекіту және орындау процестерін ұйымдастыру; құзыреттілік тәсілді ескере отырып, оқыту бағдарламаларын әзірлеу мен үйлестіруді жүзеге асыру; оқыту сапасына мониторинг жүргізу; филиалдың қызметін Академияның бөлімшелерімен үйлестіруді қамтамасыз ету.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: Академия ректорының атына жазылған, конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтініш (еркін нысанда).

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс қағазы немесе түйіндеме;

2) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

3) білімі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат (болған жағдайда) (сертификаттар, ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымхаттар).

Құжаттарды тапсыру тәртібі: Кандидаттар құжаттарын қолма-қол ұсынады немесе hr@apa.kz электрондық поштасы арқылы жібереді.

Байланыс деректері: 010000, Астана қ., Абай даңғылы 33а,
710-кабинет, +7(7172)75-32-23, 75-34-89.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Сұхбаттасудың өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы 33а, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК. Кандидаттардың қалауы бойынша сұхбаттасу бейнеконференц-байланыс арқылы өткізілуі мүмкін. Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хатшысы кандидаттарға сұхбаттасу өткізілетін күнді, орны мен уақытын хабарлайды.

Конкурстық іріктеудің нәтижелері туралы ақпарат кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарланады.

Кандидаттар конкурстық іріктеуге мынадай жағдайларда жіберілмеуі мүмкін:

1) біліктілік талаптарына сай келмеген жағдайда;

2) ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында;

3) құжаттарды тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда.

Жарияланған күні: 30 сәуір 2024 ж.


Your browser does not support SVGs