25 жылЖаңалықтар

«Болашаққа жол» жобасы: 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Болашаққа жол» жобасының аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларға ағылшын тілін үйрету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді. Біздің Тілдік құзыреттілік секторындағы тәжірибелі тіл мамандары біздің кішкентай достарымыз үшін арнайы 5-апталық оқу бағдарламасын әзірледі.

Бірінші кезеңде балалардың ағылшын тілінің деңгейін анықтадық. Содан кейін біз балаларға грамматиканың ережелерін үйретіп, сөздік қорларын дамытуға көмектестік. Ағылшын тілін білу балалардың ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі, сондай-ақ басқа елдердің мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Барлық білім мен дағдылар ойын түрінде жеткізілді. Оқыту барысында түрлі-түсті иллюстрациялар мен әртүрлі бейнелер қолданылды. Академияның 25 жылдығы аясында ардагерлерге, көп балалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда және «Болашаққа жол» жобасы соның бірі болып табылады.