» АЛҒАШ РЕТ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕСРТАЦИЯНЫ ОНЛАЙН ҚОРҒАУ

Жаңалықтар

АЛҒАШ РЕТ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕСРТАЦИЯНЫ ОНЛАЙН ҚОРҒАУ

Мемлекеттік басқару Академиясында ONLINE форматтағы докторлық диссертацияның алғашқы қорғауы өтті!

Қазіргі қиын-қыстау кезеңде барлық білім беру мекемелері қашықтықтан жұмыс істеуде. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы да бар. Дистанциондық форматта Академия тыңдаушыларымен сабақ жүргізілсе, ал қызметкерлермен жиналыс өткізіледі.

Академияда екі диссертациялық кеңес жұмыс істегендіктен, докторлық диссертацияны қорғау қалай жүзеге асырылмақ?

-Алғашқысы, мамандықтарға арналған кеңес – “6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару”, ” 6D050600- Экономика”, “6D090500 – Әлеуметтік жұмыс”

-Екіншісі, “6D020200 – Халықаралық қатынастар”

Бұған дейін, 2020 жылдың 27 ақпанында Академияның мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің түлегі Құралай Қазтаевнаның 6D090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша докторлық дәрежесін тағайындауға байланысты “Қазақстан Республикасы халқының осал топтарының әлеуметтік тәуекелдерін басқару” тақырыбында диссертациясын қорғауы туралы хабарландыру жарияланды.

Диссертациялық кеңес жалпы ережелерді басшылыққа ала отырып, жұмысты қоғау күнін 2020 жылдың 17 сәуіріне ауыстырды. Бірақ, карантин уақыты 2020 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің № 123 бұйрығына сәйкес 1 сәуірден бастап “Қазақстан Республикасында төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде диссертациялық Кеңес мүшелерінің докторанттардың докторлық диссертацияларын қорғауға қатысуы – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану есебінен қамтамасыз етіледі” деп жазылған (123 бұйрыққа 2-қосымша). Бұл орайда Мемлекеттік басқару Академиясының ұжымдық тобы бүкіл үдерісті сәтті ұйымдастыра алды. Нәтижесінде Қ.Қ. Абишеваның қорғауы 2020 жылдың 17 сәуірінде Microsoft Teams платформасында онлайн форматта өткізілді.

“Керемет мүмкіндік емес пе?! Ал, Академия мүмкіндіктерді басқаруды ұнатады!!! Академия осымен үшінші жыл қатарынан “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасының белсенді қатысушысы болып келеді және осы сынды процестерді оңтайландыруда біздің мүмкіндіктеріміз өте зор. Осы орайда Академияның IT командасына қорғау процесін тиімді түрде ұйымдастыра білгені үшін үлкен алғыс! Өйткені мұндай форматтағы қорғау жұмыстарын біз алғаш рет өткіздік.”,- деп атап өтті өз блогында Академия вице-ректоры Айгүл Көшербаева.

Сонымен, бұл процесс қалай жүргізілді? Бізге қойылған ең бірінші талап – диссертациялық кеңестің барлық сыртқы мүшелерін өзіміздің платформаға қосу болды. Екіншіден, дауыс беруге арналған нысандарды онлайн-форматқа бейімдеу қажет болды. Айта кету керек, осы соңғы үш жылда Академияның профессор-оқытушылар құрамы конкурстық іріктеу кезеңінде оқуға тапсырушы үміткерлер тізімін анықтауда жасырын онлайн-дауыс беру форматын қолданып келеді.Бұл қорғау қорытындысы бойынша жасырын дауыс беру міндетін едәуір жеңілдете түсті деуге болады.

Мұндай қорғау форматындағы ең негізгі артықшылықтардың бірі – 13 адамнан құралған диссертациялық кеңес мүшелерінің 12 өкілінің қатысуы болды. Нәтижесінде, барлығы сәтті өтті: интернет – байланыс еш кідіріссіз істесе, кеңес мүшелері видеобайланыс арқылы онлайн болды.

Диссертациялық қорғауға тоқталар болсақ, кеңес мүшелерінің айтуынша, қорғалған тақырып бүгінгі күнде өзекті сипатқа ие болған тақырыптардың бірі. Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік тәуекелдерін басқару проблемасы дербес теориялық және қолданбалы мәнге ие болып отыр. Ал, жұмыста халықтың әлеуметтік тәуекелдерін басқарудың жаңа құралы, оның ішінде осал тұстар – “Әлеуметтік-Ритм” интеграцияланған интерактивті үлгісін пайдалану қажеттігі ұсынылған.

Бәрімізге белгілі ​”In the right place at the right time”,-демекші, Құралай Абишеваның докторлық диссертациясы да дәл осындай. Бұл практикалық және нәтижеге бағытталған зерттеулердің жарқын мысалдарының бірі. Қойылған сұрақтар кездейсоқ болған жоқ – барлығы объективті, ал, ізденуші қойылған әрбір сұраққа өте мұқият жауап берді.

Нәтижесінде, қорғауға қатысқан диссертациялық кеңес мүшелері 6D090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша оқыған білім алушыға доктор дәрежесін тағайындауға дауыс берді!”,- деді диссертациялық Кеңес төрайымы Айгүл Көшербаева.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы – ерекше мәртебесі жоғары оқу орны болғандықтан, диссертациялық кеңестің докторлық дәрежені тағайындауға толық құқығы бар. Академия сайты арқылы диссертациялық кеңестің жұмысымен келесі сілтемеге өту арқылы танысуға болады https://www.apa.kz/ru/o-dissertacionnom-sovete/

Ал, біздің ізденушілердің жұмыстарымен келесі сілтемеге өтіп, таныса аласыздар. https://www.apa.kz/ru/o-dissertacionnom-sovete/dissertacionnye-raboty/

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз! Біз ынталандырамыз, нәтижеге қарай жұмыс істеуге машықтаймыз және өзгермелі әлемде басқаруға үйретеміз!!


Your browser does not support SVGs