» АКАДЕМИЯДА ОНЛАЙН-ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?

Жаңалықтар

АКАДЕМИЯДА ОНЛАЙН-ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?

Көпшілігін біздің магистранттар мен докторанттарға арналған оқыту жүйесін қандай онлайн-платформалар арқылы ұйымдастыратынымыз қызықтырады. Дегенмен біз, олардың басым бөлігін көп уақыттан бері пайдаланып келеміз!

Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесі – LMS Canvas платформасы негізінде өтеді. Канвас жүйесінде Академия 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал, 2019-2020 оқу жылының басынан бастап Академия Canvas-тың жергілікті нұсқасын пайдаланады. Бұл сервер пайдаланушылардың мәліметтерін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, аталмыш жүйе Platonus ИС-пен сәтті ықпалдастырылғандықтан, мұнда оқытушылар мен білім алушыларды курстар мен аккаунттарға бекіту, Canvas-тан Platonus-қа қорытынды бағаларды енгізу, білім алушылардың транскрипттарын жазу процесстері автоматтатты түрде орындалып отырады.

Онлайн оқытуға көшудегі басты алғышарттардың бірі – бір уақытта және бір мезгілде бірнеше онлайн сабақ өткізу болды. Канвас жүйесі – сабақтарды онлайн трансляциялауды да қарастырады және мұндай деңгейде сабақтарды онлайн өткізу тәжірибесінен Академия өтті деуге болады. Алайда, жергілікті серверді жеңілдету үшін қолда бар Microsoft Teams бағдарламасын пайдалану ең тиімді шешім болды. Барлық қызметкерлер, оқытушылар мен білім алушылардың Microsoft Teams жүйесінде жеке аккаунттары болғандықтан, олар бұл серверге тестілік режимде – компьютер, ноутбук, планшет, ұялы телефон арқылы қосылып отырды.

Нәтижесінде жүйеге 30-дан астам адам қосылып, Teams мүмкіндіктері тағы бір мәрте тексерістен өтті.

Соңында, онлайн сабақ өткізу үшін Teams платформасын пайдалану туралы шешім қабылданды. ZOOM жүйесімен салыстырар болсақ, мұнда конференцияны қайта жүктеудің және оған қайта кірудің қажеті жоқ. Онлайн сабақ өткізу форматы – барынша ыңғайлы, бір рет пән атауы бойынша ортақ чат құрылады, кейін білім алушылар мен оқытушы сабақ кестесіне сәйкес жүйеге қосылады. Оқытушы мен білім алушының арасындаға өзара ақпарат алмасу – LMS Canvas жүйесінде өтеді (курс материалдары, тапсырмаларды жүктеу, баға қою, жүктелген тапсырмаларға түсініктемелер, сұрақ-жауаптар т.б). Ал, сабақ Canvas жүйесіне жүктелген кестеге сәйкес өтеді.

Үйде болыңыз және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануды үйреніңіз!


Your browser does not support SVGs