ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

QazaqResmiTest сертификатының жарамдылық мерзімі қандай?

В1,B2 деңгейдегi сертификаттар – 1 жыл;

С1,С2 деңгейдегi сертификаттар – 2 жыл

ҚАЗТЕСТ сертификатының жарамдылық мерзімі қандай?

В1,B2 деңгейдегі сертификаттар – 3 жыл;

С1 деңгейдегi сертификаттар – 5 жыл

QAZAQ RESMI TEST тапсыруға қалай тіркелуге болады?

Тестілеу онлайн түрде өтеді. Сіз qrt.kz сайтында тіркеліп, төлем жүргізуіңіз қажет, содан кейін өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта тестілеуден өтуіңізге болады.

QAZAQ RESMI TEST қалай жүргізіледі?

Тест тыңдалым, лексика-орфография, жазылым және сұхбат бөлімдерінен тұрады. Тестілеу барысында бөлімдер арасында үзіліс жасау көзделмеген, сондықтан бөлімдерді 30 минутта жүйе ұсынған реттілікпен немесе өзіңізге ыңғайлы кез келген бөлімнен бастап тапсыруыңызға болады.

QAZAQ RESMI TEST тапсыру қанша уақытқа созылады?

Тесттің тыңдалым, лексика-орфография, жазылым және сұхбат бөлімдерін 30 минутта тапсыру қажет. Соның ішінде, тыңдалымға 5 минут, лексика-орфографияға 10 минут, жазылымға 10 минут, сұхбатқа 5 минут қарастырылған.

QAZAQ RESMI TEST нәтижелерін қашан аламын?

Тест нәтижелері бойынша тілдік деңгей көрсетілген арнайы сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетке тест тапсырғаннан кейінгі 2 күннің ішінде жіберіледі.

Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін білім беру бағдарламасын өзгерту мүмкіндігі бар ма?

Сіз Ақпараттық жүйеде таңдалған бағдарламаны Құжаттарды қабылдау мерзімінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылғы 30 қарашасына дейін өзгерте аласыз.

Сұхбат барысында үміткерге қандай сұрақтар қойылады?

Сұхбат кезінде үміткерлердің кәсіби және жеке құзыреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік басқару жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерiн білу деңгейін анықтауға арналған сұрақтар қойылады. Онымен қоса, іріктеудің бірінші кезеңінде жазылған аналитикалық эссе бойынша сұрақтар қойылатын болады.

Модульдік білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың (Астана қаласында) ұзақтығы қандай?

Модуль Академия қабырғасында екі апталық мерзімде әр үш ай сайын өткізіледі.


Your browser does not support SVGs