Құрметті ізденуші,
Сізге біздің қызметке танытқан қызығушылығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Академияның табыс кепілі ойлауы прогресшіл, құндылықтарымызды алға жетелейтін жоғары білікті қызметкерлер болып табылатындығына сенеміз. Сізді үлкен команданың бір бөлігі болуға және кәсіби мемлекеттік аппарат құруға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
Осы бөлімде Сіз өзекті бос орындар мен Академиядағы және оның филиалдарындағы бос лауазымдарға орналасу конкурсы туралы ақпаратты таба аласыз. Түйіндеме жолдау немесе конкурсқа қатысу үшін Сізге ұмтылып отырған лауазым талаптарымен мұқият танысып алу қажет. Бос жұмыс орындарына қатысты барлық сұрақ бойынша Персоналды басқару қызметіне 8 7172 75 32 23 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. Түйіндемелерді Kadry@apa.kz электрондық поштасына жолдауға болады.
Құрметпен,
Персоналды басқару орталығы.