Сұрақ-жауап

Как будет организован конкурсный отбор на поступление в Академию госуправления в 2022 году (даты, этапы)?

«Өңірлік даму», «Мемлекеттік басқару» бағдарламаларына модульдік оқыту қағидаты бойынша, негізгі өндірістік қызметті қоса атқара отырып, кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту форматы негізінде Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 23 қараша және
15 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Аталған бағдарламаларға конкурстық іріктеу бір кезеңнен – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі сұхбаттан тұрады.

2022-2023 оқу жылына ақылы түрде оқу құны қанша?

«Өңірлік даму» бағдарламасы модульдік оқыту қағидаты бойынша, негізгі өндірістік қызметті қоса атқара отырып (оқу мерзімі – 1 жыл) – 2 240 000 тг.

«Мемлекеттік басқару» бағдарламасы модульдік оқыту қағидаты бойынша, негізгі өндірістік қызметті қоса атқара отырып білім беру бағдарламасы (оқу мерзімі – 1 жыл) – 2 240 000 тг.

«Мемлекеттік басқару» бағдарламасы модульдік оқыту қағидаты бойынша, кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту форматымен (оқу мерзімі – 1,5 жыл) – 3 330 000 тг.

QAZAQ RESMI TEST қалай өткізіледі?

Тестілеу толығымен онлайн түрде өтеді. Сіз qrt.kz сайтында тіркеліп, төлем жүргізуіңіз қажет, кейін өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта тестілеуден өтуге болады.

QRT тестілеуден бірден өту керек пе, әлде оны үзіп, кейін тапсыруға болады ма?

Тестілеуді бірден бір уақытта тапсыру керек. Ол 4 бөлімнен тұрады, оларды бірінен кейін бірін ретімен тапсыруға да болады немесе реттілікті сақтамай, Сізге ыңғайлы кез келген бөлімнен бастап тапсыруға да болады.

Барлық тесттен БІРДЕН ӨТУ маңызды, яғни бір кіргенде барлық 4 бөлімді де аяқтау керек. Егер барлық бөлімдер аяқталмаса, Сіз келесі күні тестілеуді жалғастыра алмайсыз. Сіздің нәтижелеріңіз автоматты түрде жойылады.

QAZAQ RESMI TEST-ті белгіленген бөлімдер кезегімен емес, өз қалауы бойынша тапсыруға бола ма?

Тест 4 бөлімнен тұрады, оларды бірінен кейін бірін ретімен тапсыруға да болады немесе реттілікті сақтамай, Сізге ыңғайлы кез келген бөлімнен бастап тапсыруға да болады. Барлық тесттен БІРДЕН ӨТУ маңызды, яғни бір кіргенде барлық 4 бөлімді де аяқтау керек. Егер барлық бөлімдер аяқталмаса, Сіз келесі күні тестілеуді жалғастыра алмайсыз. Сіздің нәтижелеріңіз жойылып, сертификат ала алмайсыз.

QRT нәтижелерін қалай тез алуға болады?

Тест нәтижелері 2 күн ішінде дайын болуы мүмкін. 2 бөлім – Тыңдалым, Лексика және орфография бөлімдерінің нәтижелері автоматты түрде бағаланады және тапсырылғаннан кейін бірден көрсетіледі. Жазылым және Сұхбат бөлімдері бойынша нәтижелерді өңдеу уақыт алады. Осыған байланысты, Сіздің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіңіз бойынша (тестілеудің барлық бөлімдері бойынша) нәтижелеріңіз тест тапсырғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде жеке кабинетте көрсетілетін болады.

Академия ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін бағдарламаны өзгерту мүмкіндігі бар ма?

Сіз Ақпараттық жүйеде таңдалған бағдарламаны Құжаттарды қабылдау мерзімінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда сағат 23:59-ға дейін өзгерте аласыз.

Модульдік бағдарламалар дегеніміз не және оларға конкурстық іріктеу қалай жүргізіледі?

Модульдік бағдарлама – бұл ҚР заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын, 1 немесе 1,5 жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзбей оқыту нысаны.

Құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде үш жыл еңбек өтілі бар («Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша – басшы лауазымда) тұлғаларға рұқсат етіледі.

Сұхбатта қандай сұрақтар қойылады?

Әңгімелесу барысында құзыреттіліктер, сондай-ақ Академияда оқуға ынтасы анықталады

Өндірістен қол үзбей, білім беру бағдарламалары бойынша офлайн-оқытудың (Астана қаласында) ұзақтығы қандай?

Офлайн-модуль Академияда 2 апталық мерзімде өткізіледі.

Оқу ақысын қашан төлеу керек? Оқу жылының басында немесе оқу жылының ішінде? Оқу ақысын ай сайын бөліп төлеуге бола ма?

Бірінші транш оқу жылы басталғанға дейін оқу құнының кемінде 30%-ы мөлшерінде жүргізілуі тиіс, қалған бөлігін оқу туралы Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы ай сайын төлеуге болады.


Your browser does not support SVGs