ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы студенттер мен командаларды VR EdTech Hackathon 2026 байқауына қатысуға шақырады!
Тақырыбы:
Виртуал шындық технологияларын пайдалана отырып, мемлекеттік басқару процесін жақсартуға арналған цифрлық шешімдер мен білім беру технологияларын әзірлеу.
Маңызды даталар:
- Қатысушыларды тіркеу: 2026 жылғы 1–20 сәуір
- Жобаларды онлайн іріктеу: 2026 жылғы 30 сәуірге дейін
- Офлайн тур (финал): Мемлекеттік басқару академиясы, 2026 жылғы мамыр
Команданың құрамы: 2–5 адам
Жүлде:
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы жүлделер мен марапаттар қарастырылған.
Қатысу үшін:
- Қатысушылар тізімін (аты-жөні, ЖОО, команда атауы) vrhackathon@apa.kz жіберу;
- Жобаны Техникалық тапсырмаға сәйкес дайындап, материалдарды жоғарыда көрсетілген электронды поштаға жіберу қажет.
Маңызды:
- Осы байқауға қатысуыңыз жеке деректеріңізді өңдеуге келісім беретініңізді және хакатон ережелерін сақтауға келісетініңізді растайды;
- Қазылар алқасының шешімдері қайта қаралмайды.
Соңғы жаңалықтар: https://t.me/+W-gbWmepWthhNWEy
Хакатонды өткізу тәртібі
VR EdTech Hackathon 2026: мемлекеттік басқаруға арналған цифрлық шешімдер
Хакатон тақырыбы: мемлекеттік басқару саласына виртуал шындық технологияларын пайдалану арқылы цифрлық шешімдер мен білім беру технологияларын әзірлеу.
1. Қатысушыларды тіркеу
Қатысушыларды тіркеу онлайн форматта жүргізіледі.
- Әрбір университет хакатонға қатысу үшін команда құрады.
- Тіркелу үшін қатысушылардың тізімін мына электрондық поштаға жіберу қажет: vrhackathon@apa.kz
- Тіркелу кезеңі: 2026 жылғы 1 сәуірден бастап 20 сәуірге дейін (23:59-ға дейін).
- Команда құрамы: 2-ден 5 адамға дейін.
Тіркелу үшін келесі ақпаратты көрсету қажет:
- әрбір қатысушының аты-жөні;
- ЖОО атауы;
- команда атауы.
2. Жобаларды онлайн іріктеу (бірінші тур)
Тіркеу аяқталғаннан кейін жобаларды онлайн іріктеу кезеңі өткізіледі.
Қатысушыларға:
- Хакатон қатысушыларына арналған техникалық тапсырмаға (қосымша) сәйкес жобалық жұмысты дайындау;
- материалдарды vrhackathon@apa.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Материалдарды жіберудің соңғы мерзімі — 2026 жылғы 30 сәуір, сағат
23:59-ға дейін (қоса алғанда).
3. Жобаларды іріктеу
Хакатон комиссиясы ұсынылған жобаларды қарастырып, олардың ішінен екінші турға қатысу үшін үздік жобаларды іріктейді.
4. Екінші тур (офлайн кезең)
Екінші тур Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында офлайн форматта өткізіледі.
Бірінші турдан өткен командалар өз жобаларын комиссия алдында презентация форматында таныстырып, қорғауы тиіс.
Презентацияға қойылатын талаптар:
- Презентация 10 слайдтан аспауы тиіс.
- Команданың сөз сөйлеу уақыты — 7–10 минутқа дейін.
- Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру уақыты — 5 минутқа дейін.
- Презентация PowerPoint немесе PDF форматында дайындалуы тиіс.
5. Жеңімпаздарды анықтау:
Ақтық кезеңнен кейін комиссия мүшелері хакатонның үш жеңімпазын анықтайды.
Жүлде:
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы жүлделер мен марапаттар қарастырылған.
6. Жеңімпаздарды анықтау:
6.1. Ұйымдастырушылар дайын шешімдерді көшіруге байланысты туындаған проблемалық жағдайлар үшін жауапкершілік алмайды, ал мұндай жағдай анықталған жұмыстар хакатонға қатысудан шеттетіледі.
7. Өзге де шарттар
7.1. Конкурсқа қатысу фактісі конкурсқа қатысушының өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім беретінін білдіреді.
7.2. Конкурсқа қатысу қатысушылардың осы Ережемен келісетінін растайды.
7.3. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
Соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін хакатонның Telegram арнасына жазылыңыз: https://t.me/+W-gbWmepWthhNWEy
Хакатонға арналған техникалық тапсырма
Жоба: Блокчейн архитектурасын түсіндіруге арналған VR-симуляция
Пән: Криптоэкономика және блокчейн
- Жобаның мақсаты
Блокчейн жұмысының негізгі принциптерін нақты көрсететін интерактивті VR немесе 3D-симуляция жасау:
- желіні орталықсыздандыру
- блок құрылымы
- криптография кілттері
- консенсус механизмі
2. Жобаның негізгі идеясы
Пайдаланушы блокчейн жүйесінің элементтерімен өзара әрекеттесе алатын және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған архитектура арасындағы айырмашылықтарды көре алатын виртуал ортаны құру қажет.
3. Симуляциядағы функционалдық көріністер
3.1. 1-көрініс — Жүйелер архитектурасын салыстыру
Желінің екі моделін жасау:
Central Bank City (орталықтандырылған жүйе)
- бір орталық сервер;
- барлық операция бір торап арқылы өтеді.
Blockchain City (орталықтандырылмаған жүйе)
- бірнеше торап (nodes);
- үлестірілген желі.
Функционалдық мүмкіндіктер:
Пайдаланушы:
- орталық серверді өшіріп, жүйенің тоқтауын көре алуы;
- блокчейн желісіндегі бір торапты (node) өшіріп, желінің жұмысын жалғастыра беруін көре алуы тиіс.
3.2. 2-көрініс — Блок құрылымы
Блокчейн блогының құрылымын көрнекі түрде көрсету қажет.
Блок құрамында мыналар болуы тиіс:
- Transaction
- Hash
- Previous Block Hash
Интерактив:
Пайдаланушы:
- бір транзакцияны өзгерте алуы;
- кейінгі блоктардың жарамсыз (қызыл түс) болып қалатынын көре алуы;
- блоктар тізбегінің бұзылу әсерін бақылай алуы тиіс.
3.3. 3-көрініс — Криптография кілттері
Кілттердің жұмысын көрсететін виртуал крипто-сейф жасау.
Жұмыс логикасы:
- қате Private Key → Access Denied
- дұрыс Private Key → Transaction Approved
Сонымен қатар визуалды түрде мыналарды көрсету қажет:
- Public Key — барлық пайдаланушыға қолжетімді
- Private Key — тек иесіне ғана қолжетімді
3.4. 4-көрініс — Консенсус механизмі
Желідегі тораптардың шешім қабылдау процесін көрнекі көрсету.
Мынадай екі алгоритмді көрсету керек:
Proof of Work (PoW)
- есептеу жүктемесінің жоғарылығы
- транзакцияларды баяу өңдеу
- энергияны көп тұтыну
Proof of Stake (PoS)
- валидатордың жылдам таңдалуы
- қатысушылардың stake-іне негізделген
- тиімдірек алгоритм
- 3D объектілерге қойылатын талаптар
Жобада келесі элементтер жүзеге асырылуы тиіс:
- Blockchain Node (желі торабы)
- Block (транзакциялардың ішкі құрылымы бар блок)
- Network connection (тораптар арасындағы байланыстар)
- Digital City (екі түрі: centralized және decentralized)
- Crypto Vault
- Consensus Arena
- Дизайнына қойылатын талаптар
Интерфейс жүйенің күйін көрсету үшін түрлі—түсті индикаторлардан тұруы қажет:
- 🟢 Valid — дұрыс операция
- 🔴 Invalid — қате немесе тізбектің бұзылуы
Қосымша келесі мүмкіндіктерді іске асыру ұсынылады:
- деректердің берілу анимациясы
- желілік байланыстарды визуализациялау
- блоктың өзгеру эффектілері
- Аудио сүйемелдеу
Жобаға мыналарды қосуға болады:
- дауыс арқылы түсіндіру (Voice-over немесе AI narrator)
- дыбыстық эффектілер:
- Success
- Error
- System Alert
- Әзірлеуге ұсынылатын технологиялар
Келесі технологияларды пайдалануға рұқсат етіледі:
- Unity + VR SDK
- Unreal Engine
- WebVR / WebXR
- Blender (3D модельдерді жасау үшін)














