Оқиғалар

Парасаттылық мектебі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы студенттерді 2019 жылғы 10-14 маусым аралығында Академияның барлық облыстардағы, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдарының базасында өтетін «Болашақ көшбасшыларға арналған парасаттылық мектебіне» қатысуға шақырады.

Парасаттылық мектебіне қатысу тегін, бірақ орындар саны шектеулі.

Парасаттылық мектебінің мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау.

Парасаттылық мектебі – бұл қарқынды, әрі шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоционалды нығаюдың және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара іс-қимылдың үйлесімі.

Парасаттылық мектебінде қатысушылар:

  • сыбайлас жемқорлық феномені және онымен байланысты ұғымдар туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері туралы теориялық білім алады;
  • тәжірибелі мамандардың басшылығымен командалық жобаларды әзірлеу кезінде алған білімдерін қолданады;
  • өз шығармашылық құзыреттліктерін дамыту мүмкіндігіне ие болады;
  • оқу аяқталғаннан кейін электрондық немесе баспа түрінде сертификаттар алады.

Оқыту әдістері: лекциялар, семинарлар, зияткерлік және іскерлік ойындар, практикалық сабақтар, шағын топтарда оқу кейстерімен жұмыс істеу. 

Жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Оқытушылар туралы ақпарат: оқытуды жоғары білікті сарапшылар мен шақырылған жаттықтырушылар жүргізетін болады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін пайдаланылуы мүмкін жаңа әзірлемелер туралы айтып, оларды практикалық қолдану тәжірибесімен бөліседі.

Қатысушылар профилі: парасаттылық мектебіне қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.

Тіркелу: қатысу үшін 2019 жылдың 19 мамыры сағат 18: 00 дейін келесі сілтеме бойынша өтінім толтыру қажет:

https://docs.google.com/forms/d/1xaQ27ht1hjCOLtiyYeC5rAAwRG2iF_ApH450sbqPNQc/edit?usp=sharing  

Конкурс нәтижелері туралы іріктелген қатысушылар 2019 жылғы 30 мамырдан кешіктірілмей хабардар етіледі.

Байланыс: барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 75 35 72, 75 35 96 немесе электрондық поштаға жазыңыз: a.kabyldin@apa.kz.