Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі

          Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі (бұдан әрі – МСҰМ) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

          МСҰМ миссиясы – мемлекеттік саясатты тиімді іске асыра отырып, қоғамға адал қызмет етуге ынталы басқарушыларды (топ-менеджерлерді) даярлау.

          Көзқарасы – уақыттың сын-тегеуріндеріне төтеп беретін мемлекеттік саясаттың халықаралық деңгейде танылған кәсіби мектебі.

          МСҰМ мақсаты – Қазақстанды әлемнің дамыған отыз елінің қатарына шығаруға қабілетті ұлттық ерекшеліктер мен үздік әлемдік тәжірибелер синтезі негізінде мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлар басқарушыларының ұстаханасы болу.

          МСҰМ міндеттері мен функциялары – мемлекеттік басқарудың ағымдағы және ұзақ мерзімді қажеттіліктерін негізге ала отырып, МСҰМ бейінін айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білікті кадрлар даярлау; МСҰМ қызметкерлерінің зерттеу әлеуетін дамыту; жетекші қазақстандық және әлемдік білім беру-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту.

        Жүктелген міндеттерге сәйкес МСҰМ мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • академияға түсуге үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыруға қатысу;
  • магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру;
  • білім беру процесіне оқытудың интерактивті және инновациялық технологияларын енгізу;
  • қолданбалы зерттеулерді, оның ішінде отандық және шетелдік ұйымдармен ұйымдастыру және жүргізу;
  • академияның құрылымдық бөлімшелерінің зерттеу қызметіне қатысу және сараптамалық желіні дамытуға жәрдемдесу.
  • мемлекеттік органдармен, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту.
Білім беру бағдарламалары

МАГИСТРАТУРА

Ғылыми тағылыдама

АҚШ, Сиракьюз қаласы Сиракуз университетінің Азаматтық және жұртшылықпен байланыс мектебі МСҰМ негізгі шетелдік және отандық әріптестері болып табылады, Миколас Ромерис университеті (Вильнюс қ., Литва), Будапешт Корвинус университеті (Будапешт қаласы, Венгрия), Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары.




Өндірістік практика

Практика магистрлік бағдарламаның міндетті компоненті болып табылады. Оқу мерзіміне байланысты (1 жылдық немесе 1,5 жылдық магистратура) білім алушы Академиялық күнтізбеге сәйкес өндірістік практикадан өтеді.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының академиялық күнтізбесінің 9.2-тармағына сәйкес, магистранттың өндірістік практикасы мемлекеттік органдарда, ҮЕҰ-да, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және т.б. орындарда өтеді.

Магистранттардың өндірістік практикасы оқыту процесінде алынған теориялық білімді бекіту, магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды, құзыреттер мен кәсіби қызмет тәжірибесін игеру, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында жүргізіледі. Өндірістік практиканың мазмұны магистрлік жобаның тақырыбымен анықталады.

Магистрант Амрин Дархан ЕМРА 2023 (қысқы қабылдау) өндірістік практикада 04/03-15/03/24 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында.

Магистрант Кушкинбаева Жанар ЕМРА 2023 (қысқы қабылдау) өндірістік практикада 04/03-15/03/24ж. Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасында

«Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы»шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

         Магистрант Мырзабеков Жомарт ЕМРА 2023 (қысқы қабылдау) өндірістік практикада 04/03-15/03/24ж. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында

          Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (бұдан әрі – МСҰМ) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2008 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды. МСҰМ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аппараты үшiн басқару буынының жоғары бiлiктi және құзыреттi кадрларын кәсiби даярлау мектебi. МСҰМ-да сабақтарды жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибелі сарыпшылар жүргізеді.

          Оқыту магистратураның мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

           Өндiрiстен қол үзiп, оқу мерзiмi 1 жыл. «MPAМемлекеттік басқару» магистратура бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік, квазимемлекеттік және бизнес секторларындағы түрлі басқару лауазымдарында тиімді жұмыс істеу үшін мемлекеттік басқару саласындағы дағдылар мен білімдерді дамытуға бағытталған кәсіпқойларға арналған.

           «Мемлекеттік басқару – Executive МРА», негізгі өндірістік қызметпен (модульдік оқыту форматы) біріктіре отырып, оқу мерзімі 1 жыл. «Мемлекеттік басқару – Executive MRA» магистратура бағдарламасы модульдік оқыту қағидаты бойынша және кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту форматымен оларды Қазақстан Республикасының дамуы үшін қолдану мақсатында мемлекеттік басқару саласындағы өздерінің кәсіби құзыреттері мен дағдыларын жақсартуға ниетті басқарушыларға арналған.

            «Мемлекеттік саясат – МРР», өндірістен қол үзіп, оқу мерзімі 1,5 жыл. бағдарлама мемлекеттік саясатты қалыптастыру, іске асыру, талдау және бағалау, сондай-ақ әртүрлі саяси жағдайларда құзыретті саяси-басқарушылық шешімдер қабылдау құзыретіне ие мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бағытталған.

            МСҰМ-да оқытудың артықшылықтары:

  • білім беру процесінде инновациялық, талдамалық және басқару қабілеттерін дамыту;
  • шет тілінің тиісті деңгейін растайтын сертификат болған кезде Maxwell School of Citizenship and Public Affairs at Syracuse University (Америка Құрама Штаттары) шетелдік әріптес университетінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
  • әртүрлі мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік ұйымдарда өндірістік практикадан, сондай-ақ елдің жетекші ғылыми және білім беру мекемелері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
  • әлеуметтік нетворкингті дамыту, түрлі министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшыларымен өзара іс-қимыл жасау, өзара оқыту (peer learning);
  • мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту;
  • оқыту мен кәсіби қызметті қоса атқару мүмкіндігі.

 

  Оқытылатын пәндер:

  • Мемлекеттік басқарудың ұлттық моделі
  • Мемлекеттік саясатты талдау
  • Ұйымдастырушылық мәдениет және этика
  • Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық
  • Жоба менеджменті
  • Қайшылықтарды басқару
  • Зерттеу әдістері мен дизайны
  • Әлеуметтік саясат
  • Шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы

«Даму күні» аясында Сенат Аппаратының басшысы Споткай Максим Александровичпен кездесу өтті.


МРА23 магистранты Қуанов Бағлан ұйымдастырған English club  




Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабта МРА23 көшпелі дәрісі

Көшпелі дәріс 19.01.24 ж. ҚР Мәжілісінде ЕМРА23 тобы.

Мемлекет және қоғам қайраткері Қайрат Қапарұлы Айтуғановтың дәрісі.

Профессор Д. Б. Көшербаев және профессор Ж. Ж. Давлетбаеваның Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ, Сиракуз қ. Сиракуз университетінде тағылымдамадан өтуі

  •  
  • Мемлекеттік Саясаттың Ұлттық Мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы түрлі форматтағы қолданбалы зерттеу жобаларына белсенді қатысады, сондай-ақ:

    • ғылыми-зерттеу жобаларына, халықаралық гранттарға, ҚР ЖБГМ гранттарына қатысу;
    • Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 және 3-тоқсандарға кіретін Scopus дерекқорына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда ЖБГМ комитеті ұсынған басылымдарда жариялау;
    • монографиялар жариялау;
    • ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу.

Your browser does not support SVGs