Академияда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға үміткерлерді іріктеу бойынша академияішілік бірінші кезең аяқталды.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес, конкурсқа қатысуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия, сараптамалық топ және апелляциялық комиссия құрылып, ректордың бұйрығымен бекітілді.
Бірінші академияішілік кезеңге үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатарынан 2 үміткер қатысты. Олар –Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалының профессоры, э.ғ.д. А.М. Есіркепова және Академияның Қарағанды облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі, ғылым магистрі А.Т. Жансейтов.