Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2023 жылғы жыл сайынғы ғылыми және практикалық конференциясы

«Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы ашық үкімет парадигмасы: есту, түсіну, әрекет ету»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жыл сайын өткізілетін ғылыми конференциялар дәстүрін жаңарта түсуде. Биылғы конференция жаһандық сын-қатерлер контекстінде Қазақстандағы ашық үкіметтің дамуына және оның «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен байланыстығына арналып отыр.
Академияның бес зерттеу бағыты бес бөлімде ұсынылатын болады, олар: мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, экономика және халықаралық қатынастар. Әр секция аясында панельдік пікірталастар сериясы ұйымдастырылады.

Мемлекеттік басқару секциясы

Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап «ашық үкімет» термині қолданылып келеді. Бұл ашық үкімет деп отырғанымыз не: басқару мәдениеті, ашық қоғам құру әдісі немесе ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін принцип пе? Әлде бұл үкіметті өз әрекеттері үшін қоғам алдындағы жауапкершілік аймағында ұстаудың тәсілі ме? Ашық үкімет туралы айтқанда қандай тенденциялар басым келеді? Бір жағынан, цифрландыруды ашық үкіметтің негізгі критерийі ретінде қарастыру қалыптасып қалған дүние. Бірақ ашық үкімет пен цифрлық мемлекетті бірдей қарастыруға бола ма? Цифрландыру адамзат қоғамын түсінудің жаңа көкжиегін ашады ма, әлде ашық және жабық үкіметтер мен қоғамдардың мүдделеріне бірдей қызмет етуге дайын құрал ғана ма? Екінші жағынан, азаматтық қоғам ашық үкіметтің артықшылықтарын пайдалануға қауқарлы ма? Мұнда қайсысы маңызды: ашық үкімет пе немесе ашық қоғам ба? Азаматтарды ашық үкіметтің серіктестеріне қалай айналдыруға болады? Үкіметтердің «мәңгілік қорқыныштары» – бұл ішкі және сыртқы саясаттағы қауіпсіздік пен ашықтық арасындағы басқарушылық дилемма.

Мемлекеттік қызмет секциясы

Әлеуметтік сауалнама деректері бойынша қазақстандықтардың тек
8%-ы ғана өз балаларына мемлекеттік қызметші ретінде мансап жолын құруды тілейді. Неге мемлекеттік қызметке осындай тартымсыздық болып отыр? Неліктен қазақстандық мемлекеттік қызметшінің бейнесі оның әлеуметтік рөліне сәйкес келмейді? Ашық үкімет бұл мәселелерді шеше ала ма, мемлекеттік қызметшілердің идеалды және нақты бейнесі арасындағы алшақтықты жоя ала ма? Бұл қалыптасқан жағдайдың себептерінің бірі – қазақстандық мемлекеттік қызмет классикалық бюрократияның қалыпты жағын алғандығында. Форманың мазмұнға үстемдігінен туындайтын «бюрократиялық ритуализм» мемлекеттік органдардың қызметін құнсыздандырады, олардың өз қызметкерлері мен жалпы саласы үшін дамушы ұйымдар болу перспективаларын жояды. Бұл жағдайдан шығудың жолы қандай? Жалпы бюрократия мен ашық үкімет ұғымдары бір-бірімен байланысты ма?

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер секциясы

Пәрменді ашық үкіметтің негізгі көріністерінің бірі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дамыған жүйесінің болуы болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің сапасы, ең алдымен, цифрландыру және «бір терезе» қағидатын енгізу есебінен жалпыға бірдей танылған стандарттар мен талаптарға сәйкес келуі үшін көп нәрсе жасалды. Дегенмен, бұл сала одан әрі жетілдіруді – қызметтерді десубъективациялауды қажет етеді. Осыған байланысты жасанды интеллект пен басқа да жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуде адами факторды толығымен жоюға бола ма?

Экономика секциясы

Әлемдік экономиканың дамуындағы жаңа тренд ретінде фрагментация күшейе түседі. Әлемнің бәсекелес экономикалық блоктарға ыдырауы қаншалықты орын алуы мүмкін? Геоэкономикалық фрагментация жағдайында ұлттық ашық үкіметтердің болашағы қандай? Бұл жағдайда мемлекеттің ішкі экономикалық саясаты қандай болуы керек. Экономиканың назар аудару қажет тағы бір жергілікті аспектісі – бұл аймақтардың, жергілікті қауымдастықтардың дамуындағы мемлекеттік бюджеттердің рөлі. Мұнда ашықтыққа бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды құралы партисипаторлық бюджеттеу болып табылады. Сонымен қатар, бюджет қаражатын бөлу, жұмсау және пайдалану үшін азаматтарға жауапкершілік беру жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі элементі ретінде қарастырылады.

Халықаралық қатынастар секциясы

Даму парадигмасын бірлік пен ынтымақтастық емес, бытыраңқылық, қайшылықтар мен қақтығыстар анықтайтын әлемде ашық үкіметтің жаһандық мәдениетін қалыптастыру мүмкін бе? Негізгі мақсаты ашық мемлекет идеалдарын бекіту болып табылатын Open Government Partnership (OGP) түріндегі халықаралық жобалар жағдайды құтқара ма? Мега қауіп-қатерлер, қақтығыстар мен белгісіздік жағдайында ұлттық мүдделер туралы жаңа түсініктер пайда болады. Бұл нені білдіреді және қазіргі қоғамда ұлттық мүдделердің иесі кім? Ашық үкіметті ұлттық мүдделердің мемлекеттік бюрократия мүдделерімен алмастырылуын болдырмаудың басты шарты ретінде қарастыруға бола ма?

Конференцияға қатысуға ғалымдар, зерттеушілер, мемлекеттік қызметшілер, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, магистранттар мен докторанттар шақырылады.


Байланыс деректері:

Камилла Шерьязданова

kamilla.sheryazdanova@apa.kz

+7 701 942 04 43

Қолданбалы зерттеулер институты

+7 7172 75 32 64

Қатысу форматы: офлайн

Қысқаша мәліметті ұсыну мерзімі: 2023 жылғы 19 наурыз
Мақалаларды ұсыну мерзімі: 2023 жылғы 2 сәуір


Your browser does not support SVGs