2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ««The Social Investment approach: A better way of evaluating the value for money of government spending» тақырыбында Жаңа Зеландия мемлекетінің эксперт экономисті Джон Балингалдың шақырылуымен интерактивті пікірталас өткізілді.
Интеркактивті пікірталас Фонд Сорос Қазақстан бастамасымен «Ашық Экономика» Форумы аясында Басқару Институтымен ұйымдастырылды. Интеркактивті пікірталас жұмысына профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар қатысты.
Интерактивті талқылау барысында дәріскер Жаңа Зеландияның әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру тәжірибесімен, атап айтқанда фискалды саясат пен әлеуметтік инвестициялар бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Дәріскер қазіргі уақытта халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін жүйелі түрде бағалау қажеттілігін атап өтті.
Интерактивті пікірталас барысында тыңдаушылар шетел сарапшысының пікірінен сараптамалық қорытынды жасады.