Page 70 - Академикалы? саясат РУС.
P. 70

капиталдың тартылуын тежейді.
                         Функциялар  мен  құрылымдардың  қайталануы  байқалады:  цифрландыру
                  бойынша  мемлекеттік  басқармамен  қатар,  «Turkistan  Innovation»  ЖШС,  түрлі
                  кеңестер  мен  жұмыс  топтары  қатар  жұмыс  істейді.  Жауапкершіліктің  нақты
                  бөлінбеуі ресурстардың ұтымсыз жұмсалуына және басқарушылық тиімсіздікке
                  алып  келуі  мүмкін.  Мысалы,  Turkistan  IT  Hub  және  Түркістан  қаласының
                  Цифрлық  даму  орталығы  стартаптарды  қолдау  мен  IT-мамандарды  даярлау
                  бойынша  бірдей  қызметтер  атқарып,  функциялық  қайталануға  жол  береді.
                  Бұндай құрылымдар арасындағы рөлдерді нақты бөлу немесе бірыңғай үйлестіру
                  орталығын  құру  қажеттігі  туындап  отыр.  Сонымен  қатар,  қалалық  цифрлық
                  сервистер  мен  ұлттық  деңгейдегі  платформалар  арасында  да  функционалдық
                  дәйексіздіктер  байқалады.  Мәселен,  қалалық  «Ашық  бюджет»  платформасы
                  республикалық  деңгейдегі  ұқсас  порталмен  деректерді  синхрондаусыз  жұмыс
                  істейді, ал Edu-Turkistan білім беру платформасы ұлттық электрондық білім беру
                  жүйесімен  үйлеспесе,  пайдаланушылар  параллель  жүйелерде  жұмыс  істеуге
                  мәжбүр болады.
                         Жалпылай қорыта алғанда, жоғарыда аталған мәселелер өңірлік деңгейде
                  Smart  City  жобаларын  мемлекеттік  реттеу  моделін  институционалдық  және
                  нормативтік  тұрғыдан  одан  әрі  жетілдіру  қажеттілігін  көрсетеді.  Түркістан
                  қаласы пилоттық «ақылды қала» ретінде белгілі бір прогреске қол жеткізгенімен,
                  көптеген  өңірлерге  ортақ  жүйелік  кемшіліктерді  де  айқын  көрсетті.  Аталған
                  олқылықтарды еңсеру  енгізіліп жатқан цифрлық инновациялардың тиімділігін
                  және  әлеуметтік-экономикалық  қайтарымдылығын  елеулі  түрде  арттыруға

                  мүмкіндік береді.

                        2.2  Түркістан  қаласындағы  ақылды-бастамаларға  халықтың  қатысу
                  деңгейін және қоғамдық қабылдауын бағалау

                        «Ақылды  қала»  (Smart  City)  тұжырымдамасы  жаңа  технологияларды
                  енгізумен  қатар,  қалалық  бастамаларға  азаматтардың  белсенді  қатысуын  да
                  көздейді. Халықтың қатысуы – Smart City-дің табысты жүзеге асуының басты
                  факторы,  өйткені  цифрлық  сервистер  мен  инфрақұрылымның  түпкі
                  тұтынушылары  нақ  сол  тұрғындардың  өздері.  Егер  азаматтар  «ақылды»
                  шешімдердің мәнін ұғынып, оларды қабылдаса, олар бұл сервистерді ықыласпен
                  пайдаланып, кері байланыс беріп, жергілікті билікпен бірлесе отырып қолайлы
                  қалалық ортаны қалыптастырады. Smart City миссиясының өзегінде адам және
                  оның қажеттіліктері – жайлы өмір сүру, қауіпсіздік, қызметтердің қолжетімділігі
                  мен  экологиялық  әл-ауқат  –  тұр.  Сондықтан  «ақылды»  бастамаларға  қатысты
                  қоғамдық  қабылдау  технологиялардың  қаланың  күнделікті  тіршілігіне
                  қаншалықты  тиімді  ықпалдасатынын  айқындайды.  Азаматтардың  белсенді
                  қатысуы  жергілікті  билік  органдарына  қоғам  сұраныстарына  жедел  жауап
                  беруге,  жобаларды  уақтылы  түзетуге  және  тұрғындардың  өмір  сүру  сапасын
                  нақты  жақсартуға  мүмкіндік  береді.  Керісінше,  тұрғындардың  қатысуының
                  төмендігі мен цифрлық жаңашылдықтардың мәнін түсінбеуі жобалардың жүзеге
                  асуын  баяулатып,  енгізілген  технологиялардың  сұраныссыз  қалуына  себеп


                                                                70
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75