Page 68 - Академикалы? саясат РУС.
P. 68

қалалық  шешім  қабылдау  процедурасын  құруда  катализатор  рөлін  атқарады
                  (толық болмаса да). Сондай-ақ, орталықтың азаматтық бастамалардан сын мен
                  кеңес алуға ашық екендігі жағымды. Орталықтың миссиясы қалалық әкімдік пен
                  қалалық  дамудың  кәсіби  қауымдастығы  арасындағы  көпір  ретінде  ұсынылған
                  кезде айқынырақ болды. «Түркістан қаласының цифрлық даму орталығы» мен
                  «Turkistan  IT  Hub» жас кәсіби қоғамдастық, азаматтар, халықаралық ұйымдар
                  мен қала билігі арасындағы ынтымақтастықта делдалдыққа бағытталған орасан
                  зор әлеуетті көрсетті.
                        Айқын  жетістіктерге  қарамастан,  Түркістан  қаласында  Smart  City
                  жобаларын  іске  асыру  тәжірибесін  талдау  бірқатар  институционалдық  және
                  құқықтық  сипаттағы  жүйелі  проблемаларды  көрсетіп  отыр.  Қазіргі  кезеңде
                  өңірлік  деңгейде  қолданылып  отырған  мемлекеттік  реттеу  моделі  цифрлық
                  трансформация  үдерісін  кешенді  және  орнықты  жүргізуді  толық  көлемде
                  қамтамасыз ете алмайды. Жүргізілген талдау нәтижесінде төмендегідей негізгі
                  проблемалық бағыттар анықталды:
                        1.  Шешімдердің  фрагментарлығы  және  олардың  ішінара  енгізілуі.
                  Республикалық  деңгейдегідей,  Түркістан  қаласында  да  «ақылды  қала»
                  тұжырымдамасы негізінен жекелеген, өзара үйлеспейтін жобалар арқылы іске
                  асырылып  келеді.  Мысалы,  бейнебақылау  камералары,  мобильді  қосымшалар
                  және  датчиктер  сынды  smart-шешімдер  енгізілгенімен,  қалалық  басқарудың
                  бизнес-процестері  жүйелі  түрде  қайта  құрылымдалмай  отыр.  Мұндай  ішінара
                  тәсіл цифрландырудан күтілетін жүйелік әсерді төмендетіп, ресурстарды тиімсіз
                  пайдалануға алып келуі ықтимал. Сарапшылар атап өткендей, басқару жүйесін

                  институционалдық  деңгейде  қайта  құрусыз  жүргізілетін  цифрландыру,
                  керісінше,  басқару  процестерін  күрделендіруі  және  артық  әкімшілік  бақылау

                  элементтерінің сақталуына себеп болуы мүмкін. Түркістан мысалында тұрғын
                  үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру салаларындағы ақпараттық жүйелерді
                  енгізу тиісті басқармалардың құрылымын оңтайландырумен және процестерді
                  реинжинирингтеумен  қатар  жүргізілуі  қажет.  Әйтпесе,  жаңа  жүйелердің
                  қолданылуы  формалды  сипатта  қалып,  тиімділік  көрсеткіштеріне  әсер  етпеуі
                  мүмкін.
                        2.  Ұзақмерзімді  жоспарлау  мен  институционалдық  үйлестірудің
                  жеткіліксіздігі.  Smart  жобалар  негізінен  жергілікті  бюджет  есебінен
                  қаржыландырылады            және     олардың       іске    асырылуы        өңірлік     басқару
                  органдарының  ағымдағы  стратегиялық  басымдықтарына  тәуелді.  Алайда,
                  цифрлық  көрсеткіштер  өңірлік  және  қалалық  даму  бағдарламаларына
                  ұзақмерзімді кезеңге интеграцияланбаған. Түркістан қаласына арналған нақты
                  5–10  жылдық  мақсаттар  мен  индикаторларды  қамтитын  үкімет  деңгейінде
                  бекітілген цифрлық трансформацияның стратегиясы әзірленген жоқ. Сонымен
                  қатар,  ведомствоаралық  үйлестіру  деңгейі  жеткіліксіз:  жобаларды  негізінен
                  облыстық  цифрландыру  басқармасы  мен  әкімдік  қадағаласа,  республикалық
                  салалық  органдардың  (қауіпсіздік,  экология,  энергетика  салаларындағы
                  министрліктер) қатысу деңгейі мардымсыз. Бұл жағдай Smart City бастамаларын
                  тек әкімдік пен Цифрлық  даму министрлігінің функциясы ретінде қабылдауға
                  итермелейді. Осындай оқшауланған тәсіл жобалар арасындағы функционалдық

                                                                68
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73