Page 69 - Академикалы? саясат РУС.
P. 69
қайталануды, деректер жүйелерінің бір-бірімен интеграцияланбауын және
синергиялық әсердің шектелуін тудырады. Мысалы, әртүрлі салалардағы смарт-
жүйелердің деректері жекелеген платформаларда оқшауланып сақталады, ал
қалалық және республикалық ақпараттық жүйелер арасында бірыңғай деректер
алмасу тетігі қалыптаспаған.
3. Тиімділікті бағалау мен кері байланыстың жеткіліксіздігі. Қолданыстағы
смарт-технологиялардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалауға
арналған әдістемелік база қазіргі таңда жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған. Іске
асырылған жобалардың тиімділігі көбіне сандық көрсеткіштер арқылы
бағаланады (орнатылған жүйелер саны, онлайн-өтініштердің үлесі және т.б.), ал
сапалық индикаторлар (ресурстарды үнемдеу, қылмыс деңгейінің төмендеуі,
тұрғындардың қызметтерге қанағаттануы) жүйелі түрде талданбайды. Мысалы,
смарт-жарықтандыру немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
платформаларының нақты экономикалық әсеріне қатысты ашық деректер жоқ.
Есеп комитетінің мәліметіне сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы
шеңберінде «ақылды қалаларға» 30 млрд теңгеден астам қаражат
жұмсалғанымен, нәтижелер мен тиімділікке қатысты сапалы бағалау
жүргізілмеген, ал бірқатар мақсатты индикаторлар белгіленген мерзімде
орындалмаған. Сонымен қатар, халықпен тұрақты кері байланыс арналарының
жоқтығы да маңызды мәселе болып табылады. «iKomek» орталығының жұмыс
істеуіне қарамастан, тұрғындардың Smart City жобаларын әзірлеуге және
мониторингтеуге тікелей қатысуы шектеулі. Қалалық ортаға бағытталған
қоғамдық бастамалар мен стартаптар институционалдық қолдаудың болмауынан
шешім қабылдайтын деңгейге дейін жете алмайды. Бұл жағдай тұрғындардың
цифрлық сауаттылығының төмендігімен және смарт-сервистерді пайдалану
дағдыларын қалыптастыруға арналған білім беру бағдарламаларының
болмауымен ұштасып жатыр. Осылайша, қазіргі реттеу моделі азаматтық қатысу
мен нәтижелердің ашықтығы қағидаттарын толық деңгейде ескере бермейді.
4. Нормативтік және ұйымдастырушылық олқылықтар. Аталған бағыттағы
жобалардың құқықтық қамтамасыз етілуінде бірқатар құрылымдық кемшіліктер
бар. Біріншіден, «ақылды қалаларды» дамытуға арналған эталондық стандарт тек
әдістемелік ұсыным сипатында қабылданған және міндетті құқықтық күшке ие
емес. Нәтижесінде, еліміздегі бірде-бір қала, оның ішінде Түркістан да, бұл
стандарттың толық талаптарына сәйкес келмейді. Бұл жағдай ұлттық деңгейдегі
біріздендірілген мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігін шектейді. Екіншіден,
цифрлық жобаларды қаржыландыру мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік
(МЖӘ) механизмдері жеткілікті деңгейде дамымаған. Мысалы, «Smart Aqkol»
жобасы шеңберінде қымбат смарт-жүйелерді жеке инвесторлар орнатқанымен,
кейін олардың техникалық қызмет көрсету шығындары жергілікті бюджетке
жүктеліп, айтарлықтай қаржылық ауыртпалық туғызған. Түркістан қаласында да
жобалар негізінен жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады, ал технопарк
немесе call-орталық секілді шешімдердің қайтарымдылығы жанама сипатта
қалып отыр. Сонымен қатар, бизнес құрылымдары үшін қалалық
инновацияларға инвестиция салуға ынталандырушы тетіктер (салық
жеңілдіктері, концессиялық шарттар және т.б.) қарастырылмаған, бұл жеке
69

