Page 25 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 25

15.26.  Талап  етілетін  GPA  балын  жинаған  және  келесі  оқу  курсына
               ауыстырылған  білім  алушының  академиялық  берешегі  болса,  ол  ақылы  негізде
               берешегі бар пәндерді қайта оқиды.
                     15.27. Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оның оқу курсы
               ағымдағы оқу  кезеңіндегі оқу  жоспарларының міндетті компоненті  бойынша  пәндер
               айырмашылығы мен пререквизиттерді ескере отырып айқындалады.

                                   16. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

                     16.1. Магистранттарды қорытынды аттестаттау
                     16.1.1. ҚА мақсаты магистратураның ББ-сын оқу аяқталған соң қол жеткізілген
               оқу нәтижелерін және игерілген құзыреттерді бағалау болып табылады.
                     Магистранттарды ҚА магистрлік жобаны қорғау түрінде өткізіледі.
                     16.1.2. Магистранттарды  ҚА-дан өткізу үшін ББ бойынша МАК құрылады. МАК
               дауыс  беру  құқығы  жоқ  хатшыны  қоспағанда,  Комиссия  төрағасын,  комиссия
               төрағасының  орынбасарын,  комиссия  мүшелерін  қоса  алғанда,  кемінде  жеті
               адамнан, тақ саннан тұрады.
                     Комиссия төрағасы болмаған уақытта оны Комиссия төрағасының орынбасары
               алмастырады.  МАК  отырысына  мүдделер  қақтығысы  туындаған  жағдайда  мүдделі
               тұлға МАК мүшелеріне хабарлауға және бағалаудан бас тартуға міндетті.
                     МАК құрамына оның мүшелері құқығында бітіруші мамандардың бейініне сәйкес
               келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдар кіреді. Сонымен қатар
               бітіруші  мамандардың  бейініне  сәйкес  келетін,  жоғары  білікті  мемлекеттік
               қызметшілер енгізілуі мүмкін.
                     МАК  құрамы  қорытынды  аттестаттау  өткізілгенге  дейін  1  айдан  кешіктірмей
               Институттар/МСҰМ ұсынысы бойынша Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
                     МАК отырысы оның төрағасының басшылығымен өткізіледі.
                     Комиссияның  отырысы,  егер  оның  жұмысына  оның  құрамының  кемінде  үштен
                екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
                     16.1.3.  ҚА-ға  білім  беру  процесін  аяқтаған,  ББ  және  БЖДБ  талаптарын  толық
                орындаған  (оң  оқу  жетістіктері,  практика  және  тағылымдама  туралы  есептерді
                қорғау, ғылыми компоненттерді табысты орындау) білім алушылар жіберіледі.
                     16.1.4. Білім алушыларды ҚА-ға жіберу Институт/МСҰМ директорының ұсынысы
               негізінде  қорытынды  аттестаттау  басталғанға  дейін  ректордың  бұйрығымен  жүзеге
               асырылады.  Ректор  бұйрығының  жобасын  директораттардың  ұсыныстары  (11-
               қосымша) және академиялық үлгерім бойынша деректер негізінде БСО дайындайды.
                     16.1.5.  Шетелдік  білім  беру  ұйымдары  берген  тиісті  білімі  туралы  құжаты  бар
               білім  алушы  ҚР  ҒЖБМ  Жоғары  білім  беруді  дамыту  ұлттық  орталығы  оны
               нострификацияламай ҚА-ға жіберілмейді.
                     16.1.6.  Білім  алушы  дәлелді  себептермен  ҚА-ға  келмеген  жағдайда  қорғауды
               неғұрлым  кеш  мерзімге  (1  (бір)  жылдан  аспайтын)  ауыстыру  туралы  шешімді  ҚАК
               қабылдайды. Білім алушылар өтінішті еркін нысанда жазады.
                     16.1.7.  Білім  алушы  дәлелсіз  себептермен  АА-ға  келмеген  жағдайда
               «қанағаттанарлықсыз» - «F» бағасы қойылады.
                     14.1.5.  Шетелдік  білім  беру  ұйымдары  берген  тиісті  білімі  туралы  құжаты  бар
               білім алушы оны ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында
               нострификацияламай,  қорытынды аттестаттауға жіберілмейді.
                     14.1.6.  Білім  алушы  дәлелді  себеппен  қорытынды  аттестаттауға  келмеген
               жағдайда МАК қорғауды неғұрлым кеш мерзімге (1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге)
               ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30