Page 36 - Dissertation
P. 36

- Қаржыландыру және ынталандыру – ақылды қала жобаларын әзірлеуге
                  және іске асыруға инвестиция тарту үшін салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ
                  мемлекеттік қаражат беру мен субсидиялар.
                        - Жеке сектор мен ынтымақтастық – ақпаратттық технологиялар мен озық
                  тәжірибелермен   алмасу   үшін   жеке   компаниялармен   және   халықаралық
                  ұйымдармен серіктестік жасау.
                        - Білім беру және біліктілікті арттыру – цифрлық экономика саласында
                  жұмыс істейтін мамандарды дайындау, ақылды  қаланы құруға мамандарды
                  даярлауға   бағытталған   оқу   бағдарламаларын   және   халықтың   цифрлық
                  сауаттылығын арттыруға негізделген бағдарламаларды әзірлеу.
                        Қазақстанда   ақылды   қалаларды   дамыту   бойынша   мемлекеттік   реттеу
                  механизмдерінің   әзірленуі   қаланың   функционалдылығын,   қауіпсіздігін   және
                  тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда

                  мемлекеттің   араласуы   қажет:   жобаларды   жоспарлау   және   қаржыландыру,
                  заңнамалық   базаны   дайындау   және   ұлттық   стандарттарды   қалыптастыру
                  арқылы реттеу шаралары енгізілуі қажет.
                        Ақылды қалаларды тиімді басқару үшін мемлекеттік реттеудің бірнеше
                  негізгі бағыттары бар:
                        - Инфрақұрылымдық   даму   және   цифрлық   платформаларды   енгізу.
                  Ақылды   қалалар   мемлекеттік   және   жеке   серіктестіктердің   қолдауымен
                  заманауи инфрақұрылымға негізделуі қажет. Бұл технологиялық жаңалықтар
                  (IoT, жасанды интеллект, Big Data) арқылы транспорт жүйелерін оңтайландыру,
                  коммуналдық   қызметтерді   басқару,   энергияны   үнемдеу   секілді   маңызды
                  салаларды қамтиды. Осыған орай мемлекет инфрақұрылымдық жобаларды іске
                  асыруға қаржы бөлуі тиіс.
                        - Заңнамалық базаны жетілдіру ақылды қала тұжырымдамасы цифрлық
                  деректерге негізделгендіктен, жеке деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік
                  және жеке өмір құпиялылығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.
                  Мемлекеттік деңгейде деректерді реттейтін заңнамалық нормалар қабылдау –
                  деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық мәселелерді болдырмауға
                  көмектеседі.
                        - Ақылды   қалалардағы   азаматтардың   құқықтары   мен   міндеттері.
                  Мемлекеттік   реттеу   азаматтардың   мүддесін   қорғауды   да   қамтуы   тиіс.
                  Тұрғындар өздерінің деректері мен жеке ақпараттары қалай пайдаланылатынын
                  білуі және осы процестерге қатысуға мүмкіндік алуы қажет. Ақылды қалалар
                  азаматтарға қоғамға ықпал ететін шешімдер қабылдауда белсенді рөл атқаруға
                  мүмкіндік береді, сондықтан мемлекеттің бұл процесті реттеп, азаматтардың
                  ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуі маңызды.
                        - Қаржыландыру  және  ынталандыру  мемлекеттік   органдар   қалалардың
                  цифрлық   трансформациясына   арналған   жобаларды   қаржыландыру   және
                  субсидиялау   механизмдерін   әзірлеуі   тиіс.   Сонымен   қатар,   инновациялық
                  шешімдерді   енгізуге   бағытталған   кәсіпорындарды   ынталандыру   жүйесін
                  қалыптастыру арқылы жеке сектордың үлесін арттыруға болады.




                  36
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41