Page 38 - Dissertation
P. 38

экономикасы мен қоғамдық өмірінде жүзеге асырылуы тиіс жеті басым шараға
                  негізделген [92,б. 10].





























                                      Сурет 5 - 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары


                        Ескерту - Дереккөз Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің ресми ақпараттық
                  ресурсынан алынды [45,р. 108]


                        2025 жылға қарай халықтың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық
                  және   даму   ұйымы   (ЭЫДҰ)   негізгі   мақсаты   елдерінің   деңгейіне   көтеруге
                  мүмкіндік беретін сапалы және тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу.
                  Сонымен бірге, Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты даму мақсаттары маңызды
                  басшылыққа айналды. Қазақстанның ақылы қала дамуын мемлекеттік реттеудің
                  сапасы   қаншалықты   жоғары   болса   да,   дамыған   елдермен   салыстыруға
                  келмейді. Қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы өмір сүру
                  және еңбек жағдайларын жасау маңызды. Бұл, өз кезегінде, өмір сүру деңгейін
                  жоғарылатып, жоғары білікті кадрларды тартуға және ұстап тұруға қабілетті
                  сапалы   әрі   қауіпсіз   қалалық  ортаны   қалыптастыруды   талап  етеді.   Қалалық
                  ортаның сапасы мен жайлылығы арасында тығыз байланыс бар. Осы құжаттың
                  қорытындысында ақылды қала қазіргі заманғы қалаларды модернизациялаудың
                  инновациялық   тұжырымдамасы   ретінде   қарастырылады,   оның   жүзеге
                  асырылуы   қала   жоспарлаушылары,   аймақтық   сарапшылар,   жергілікті   билік
                  және тұрғындар үшін күрделі міндет болып табылады.
                        Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасының 2025
                  жылға   дейінгі   ауылдық   аумақтарды   дамыту   бағдарламасын   қабылдау»
                  жарлығының   жобасы   елдегі   ақылды   қалаларды   дамыту   саясатын
                  қалыптастырудың   негізгі   элементі   болып   табылады.   Бұл   құжат   үкіметің
                  кешенді   жоспарлау   және   инвестициялық   қызметі   арқылы   қол   жеткізуге
                  болатын стратегиялық нұсқаулар мен мақсаттарды анықтайды.
                        Сонымен қатар, 2025 жылға қарай халықтың сумен жабдықтауға және су
                  бұруға   100%   қолжетімділігі   2-тәсілінің   нақты   көрсеткіштеріне   қол   жеткізу
                  маңызды.

                  38
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43