Page 22 - Dissertation
P. 22

экономикалық қатынастарды қалыптастырады және көптеген елдерде жалпы
                  ішкі өнімнің үлкен үлесін қамтамасыз етеді. Қалалар ұлттық, аймақтық және
                  жаһандық деңгейде маңызды рөл атқарады, әрі адамдардың өмір сүру сапасына
                  тікелей   әсер   етеді.   Сондықтан   қазіргі   қалалардан   жақсы   инфрақұрылым,
                  жоғары мобильдік, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және дамыған өзін-өзі
                  басқару талап етіледі. Қалалардың кеңеюі, халықтың тығыз орналасуы және
                  әлеуметтік-экономикалық   өзгерістерді   зерттейтін   бағыт   урбанизация   деп
                  аталады [22]. Осылайша, үкіметтер мен органдар бірқатар мәселелерді шешіп
                  қана қоймай, сонымен қатар қалаларды түбегейлі қайта құру бойынша жаңа
                  міндеттер қойып отыр.
                        Барлық қалалардың өсуіне байланысты мәселелер жиынтығы келесідей:
                        - Экологиялық проблемалар;
                        - Көлік проблемалары;
                        - Шектеулі табиғи ресурстар;

                        - Қылмыс   пен   әлеуметтік   шиеліністің   өсуіне   байланысты   әлеуметтік
                  мәселелер;
                        - Мәдени-тарихи мұралардың жойылуы;
                        Урбанизацияның жылдам қарқынды өсуі, халықтын шамадан тыс көбеюі,
                  қоршаған ортаның нашарлауы және әлеуметтік тұрақсыздық сияқты бірқатар
                  проблемаларға   әкеледі.   Бұл   сыни   қауіптер   қала   тұрғындарының   өмір   сүру
                  сапасына және әлеуметтік- экономикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін
                  [23].
                        Сейітқазы   Д.   зерттеуінде   бүкіл   әлемде   қала   халқының   қарқынды   өсуі
                  жағдайында   жайлы   өмір   сүру   жағдайларын   қамтамасыз   ету   ақылды   қала
                  ұғымын   терең   түсінуді   талап   етеді.   Алайда   тұжырымдама   қалыптасу
                  сатысында.   Сонымен   қатар,   терминнің   өзі   бүкіл   әлемде   әртүрлі   қалалық
                  құрылымдарда, және мағыналарда қолданылады [24]. 3-кестеде ақылды қала
                  анықтамасының синонимдер сериясы көрсетілген. «Smart» терминін сандық
                  (digital),   байланысты   (connected)   немесе   интеллектуалды   (intelligent)   сияқты
                  сын   есімдермен   ауыстыруға   болады.   Тұрақты   ақылды   қалалар   мемлекеттік
                  және   жеке   сектор   субъектілері   өз   қызметі   мен   ресурстарын   ашық
                  инновациялық   платформада   үйлестіретін   динамикалық   процестердің
                  нәтижесінде пайда болады.
                        Ақылды   қала   тұжырымдамасы   ХХ   ғасырдың   60-жылдарында
                  технологиялық   революцияның   басталуымен   пайда   болды.   1990   жылдары
                  Ақпараттық  технологиялар қала құрылысы процесінде маңызды рөл атқара
                  бастады,   өйткені   технологияларды   қолданудың   тиімділігі   қоршаған   ортаны
                  адамның зиянды әсерінен қорғаудың маңыздылығы туралы білімнің артуымен
                  сәйкес   келді   және   қала   тұрғындарының   қанағаттануын   арттыруға,   қалалық
                  функцияларды жүзеге асыруға бағытталған.
                        Ақылды қаланың басты мақсаты – халықтың жоғары өмір сүру сапасын
                  қамтамасыз   ету.   Ақылды   қаланың   құрамдас   бөліктері:   «ақылды   басқару»,
                  «ақылды өмір», «ақылды экономика», «ақылды орта», «ақылды ұтқырлық».
                  Ақылды қала – бұл ең алдымен қалалық инфрақұрылым: көлік, білім беру,


                  22
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27