ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Төлеутай Сқақұлы Сүлейменов «Еуразиялық Мемлекеттер Одағының құрметті азаматы» орденімен марапатталды.
Профессор Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одаққа мүше – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, белсенді ұстанымы, кіршіксіз беделі мен көрнекті кәсіби жетістіктері үшін Халықаралық қоғамдық наградалар және атақтар жөніндегі комитетпен ұсынылды. Марапаттау рәсімі 17 наурызда Мәскеуде өтті.
Төлеутай Сқақұлы Сүлейменов – Қазақстан Республикасының белгілі мемлекеттік қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Сыртқы істер министрі.
Кәсіби дипломат, Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесіне ие. КСРО СІМ Дипломатиялық академиясында оқығаннан кейін орталық-шығыс бағыты бойынша СІМ-де жұмыс істеген, Ауғанстан мен Иранның дипломатиялық мекемелерінде Кеңес Одағының өкілі болған. Ағылшын, парсы, дари, сондай-ақ әзірбайжан, тәжік пен өзбек тілдерін біледі.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылы Т.С. Сүлейменов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2005 жылға дейін Бельгия, Болгария, Венгрия, Польша, Чехия мен АҚШ-та Төтенше және Өкілетті Елші болып жұмыс істеді. Шығыс-еуропалық бағытта жинаған тәжірибе Т.С. Сүлейменовке осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын талдау жөнінде кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғауға мүмкіндік берді.
2005 жылдың қыркүйегінен бастап Төлеутай Сқақұлы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры – Дипломатия институтының директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Келіссөздер жүргізу техникасы», «Саясат пен дипломатияда халықаралық келіссөздер жүргізу өнері» курстарынан дәріс оқиды, ҚР халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатының өзекті проблемалары бойынша магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесті басқарады.
Академия ұжымы Төлеутай Сқақұлын лайықты наградасымен құттықтайды!
*«Еуразиялық Мемлекеттер Одағының құрметті азаматы» ордені қоғамдық награда болып табылады және еңбек қызметінде сіңірген үлесі үшін, қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени дамуы, жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру саласындағы жетістіктері мен табыстары үшін, ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің қуаттылығын нығайтуға, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты дамытуға, әлемді нығайтуға қосқан үлесі үшін және Мемлекет пен қоғам алдындағы өзге де айрықша сіңірген еңбегі үшін марапаттау мақсатында беріледі.
Орденмен марапатталады: Ресей, Қазақстан, Белорусь, Армения, Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары.