ТЕСТКЕ ШОЛУ

Егер Сіз Duolingo тестінен өте алмаған жағдайда, Сізде бірінші тестті тапсырған күннен бастап екі аптадан кейін қайта тапсыру мүмкіндігі болады,Егер Сіз Duolingo тестінен өте алмаған жағдайда, Сізде бірінші тестті тапсырған күннен бастап екі аптадан кейін қайта тапсыру мүмкіндігі болады,Егер Сіз Duolingo тестінен өте алмаған жағдайда, Сізде бірінші тестті тапсырған күннен бастап екі аптадан кейін қайта тапсыру мүмкіндігі болады, бұл ретте АКАДЕМИЯҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ҮШІН DUOLINGO ТЕСТІН ТАПСЫРУДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ 2020 ЖЫЛҒЫ 7 ШІЛДЕ екенін ескеріңіз.

ТЕСТТІ ТАПСЫРУ МҮМКІНДІГІ ЖАЛПЫ БІР АЙДА ЕКІ РЕТ

Сондай-ақ, Сіз ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін ағылшын тілінен тест тапсырудың баламасы – APTIS тестін де тапсыра аласыз.

Duolingo English Test (DET) – Duolingo (https://englishtest.duolingo.com) компаниясы әзірлеген ағылшын тілінен онлайн-тест. Тест 2 бөлімнен тұрады: оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылымды бағалайтын 30 минуттық адаптивті тестілеу және ашық сұрақтармен 15 минуттық видео-сұхбат. Осылайша, бұл тестті тапсыру үшін бар болғаны 45 минут қажет.

Нәтижелері әдетте тест тапсырған сәттен бастап 48 сағат ішінде қолжетімді болады.

Тест құны 49$-ды құрайды, бұл басқа баламалармен салыстырғанда бірнеше есе арзан.

 

Тестті тапсыру үшін не қажет?

Ағылшын тілі бойынша Duolingo тестін үміткер тест орталығына бармай-ақ, кез келген ыңғайлы жерде және кез келген уақытта тапсыра алады.

Тесттің ұзақтығы – нұсқаулықты қоса алғанда 55 минут.

БҰЛ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?

  • Тыныш (жарық жақсы түскен) бөлме;
  • Интернетке қосылған және тест тапсырушының түрі көрінетіндей камерасы мен микрофоны (ҚҰЛАҚҚАПСЫЗ) бар компьютер қажет.
  • Оплата составляет 49 долларов США.

Тест тапсыру мерзімі

Тест тапсыру мерзімі 15 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін (қоса алғанда), көрсетілген күндердің ішінде кез келген күні тапсыруға болады.

Тест нәтижелері оқу орнына жіберу үшін қосымша шығынсыз тест сессиясы аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде қолжетімді болады.

Тестті тапсыру рәсімі

Тестілеуден өту үшін мына әрекеттерді жасау қажет:

1.https://englishtest.duolingo.com/applicants сайтына кіру

2.Жеке кабинет құру

3.Тестілеу жарнасын төлеу

4.Тестті тапсыру

Тест нәтижелері және интерпретация

Duolingo ағылшын тілінен тесті оқылым, жазылым, ауызекі сөйлеу және тыңдалым дағдыларын анықтау арқылы нақты тілдік дағдыларды бағалауға арналған. Әрбір тест тапсырушының білім деңгейі 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша тұтас балл ретінде анықталады. Баллдар Жалпы еуропалық координаттар жүйесіне (CEFR), тілді меңгерудің халықаралық стандартына сәйкес келеді.Осы шкала бойынша әрбір деңгей үшін Duolingo ағылшын тілінің дағдыларына сипаттама мен тест тапсырушының бойында болуы тиіс функционалдық дағдылардың үлгісін береді.

Магистратура

MPM Мемлекеттік менеджмент: кемінде 65-70

MACP Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: кемінде 55-60

MIR Халықаралық қатынастар: кемінде 55-60

MHRM Адами ресурстарды басқару: кемінде 55-60

MRD Өңірлік даму: кемінде 55-60

MPA Мемлекеттік басқару: кемінде 65-70

MPP Мемлекеттік саясат: кемінде 55-60

ME Экономика: кемінде 55-60

MRD Өңірлік даму: кемінде 55-60

MRL Өңірлік көшбасшылық: кемінде 55-60

Докторантура

DPA Мемлекеттік басқару докторы: кемінде 85-90

DE Экономика докторы: кемінде 85-90

DIR Халықаралық қатынастар докторы: кемінде 85-90

Ағылшын тілі бойынша Duolingo тест нәтижелерінің TOEFL iBT® және IELTS® академиялық модулінің нәтижелерімен сәйкестігі.

Ағылшын тілі бойынша Duolingo тестінің нәтижелерін TOEFL iBT және IELTS жалпы көрсеткіштерімен байланыстыратын зерттеу негізінде Duolingo сәйкестік кестесін әзірледі.  Сәйкестікті https://englishtest.duolingo.com/scores сілтемесі арқылы көре аласыздар.

Бұзушылықтарды болдырмау протоколдары

Тест тапсырар алдында нәтижелер ЖОЙЫЛЫП кетпеуі үшін тестілеу ережелерімен (кіріктірілген бөлімде) мұқият танысып алуларыңыды сұраймыз.

Мынадай әрекеттерге жол берілмейді:

  • Тест кезінде біреумен өзара іс-қимыл жасауға (әңгімелесуге);
  • Құлаққаптарды пайдалануға;
  • Құлақтарын бірдеңемен жабуға;
  • Экранға емес, төмен, жоғары, жан-жақтарына қарауға;
  • Камераны кадрдан тыс жылжытуға;
  • Кез келген сыртқы материалдарды немесе құрылғыларды қолдануға;
  • * Тест өтіп жатқан қосымша бетті жабуға/жабынқырап қоюға.

* Егер тест тапсырушы тест кезінде басқа қосымша бағдарламаға немесе плагинге кіруге тырысса, тест сеансы автоматты түрде аяқталады. Браузер бұғатталады.

Тест нәтижелерін алғаннан кейін не істеу керек?

Тестті сәтті тапсырып, нәтижесін алған жағдайда Сізге PLATONUS жеке кабинетінде Duolingo сертификатын жүктеу және тіркеуді аяқтау қажет (барлық құжаттар пакетін тапсыру керек).

Егер Сіз енді ғана Академияға құжаттар тапсырғалы жатсаңыз, Сізге Академияның сайтында «Оқуға түсу» бөлімінде жеке кабинет құрып, барлық қажетті құжаттарды, соның ішінде Duolingo сертификатын жүктеу қажет.

* Нәтижелер, сұрақтарға жауаптар, видео-сұхбаттасу және жазбаша мысалдар Академияға нәтижелерді Платонус жүйесінде үміткер жүктеген нәтижелермен салыстыра отырып, сәйкестікті қамтамасыз ету үшін беріледі.

ЕГЕР СІЗ DUOLINGO ТЕСТІНЕН ӨТЕ АЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Егер Сіз Duolingo тестінен өте алмаған жағдайда, Сізде бірінші тестті тапсырған күннен бастап екі аптадан кейін қайта тапсыру мүмкіндігі болады, бұл ретте

АКАДЕМИЯҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ҮШІН DUOLINGO ТЕСТІН ТАПСЫРУДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ 2020 ЖЫЛҒЫ 7 ШІЛДЕ екенін ескеріңіз.

ТЕСТТІ ТАПСЫРУ МҮМКІНДІГІ ЖАЛПЫ БІР АЙДА ЕКІ РЕТ

Сондай-ақ, Сіз ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін ағылшын тілінен тест тапсырудың баламасы – APTIS тестін де тапсыра аласыз.

Тесттің құрылымы

1.Кіріспе және нұсқаулық – 10 минут
– Кіріспеде тест тапсырушы үміткерге тесттің форматы мен тест ережелеріне қатысты жалпы нұсқау беріледі;
– Компьютердің камерасының, динамиктері мен микрофонының жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
-Тест тапсырушы үміткердің фотосуреті бар жеке куәлігінің көмегімен жеке басын сәйкестендіру.
  1. Компьютерлік адаптивті тест – 30 минут.

Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын бағалау (тест элементінің күрделілігі өнімділікке байланысты бейімделеді. Жазбаша бөлім бойынша жауаптар қабылдаушы мекемеге нәтижелерімен бірге берілетін болады).

  1. Видео-сұхбат және жазбаша бөлім – 15 минут.

«Сұхбат» түрінде келтірілген ашық сұрақтар (тапсырмалардың күрделілік деңгейі алдыңғы тесттерден компьютердің адаптивті протоколының көмегімен қалыптастырылады).

Сұрақ режиміне жазбаша, ауызша тапсырма және суретті сипаттау кіреді.

Тестілеуден өту бойынша қысқаша шолуды көру үшін видео шолуды қарап шығуыңызды сұраймыз.

Тест тапсыру кезеңдері

Тестілеу уақыты – 45 минут

Тест тапсырушы үміткердің парақшасына кіріп, тестті ТЫНЫШ, ЖАРЫҚ ЖАҚСЫ ТҮСІП ТҰРҒАН БӨЛМЕДЕ тапсырады.

Тестті өткізу үшін ТЕСТ ТАПСЫРУШЫНЫҢ ТҮРІ КӨРІНЕТІНДЕЙ КАМЕРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОФОНЫ (құлаққапсыз) БАР КОМПЬЮТЕРДІҢ БОЛУЫ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ.

Тест тапсыратын бөлменің жарақтандырылуы мен компьютердің жұмысқа қабілеттілігі үшін жауапкершілік тест тапсырушы үміткерде болады.

Тестті тексеру және тест нәтижелерін шығару 24-48 сағат

Жазылған тест сеанстары бірден Duolingo емтихан алушылардың командасына жіберіледі, онда емтихан алушылар әр тест сеансын қарап шығады.

Нәтижелерді алғаннан кейін кандидат өз нәтижелерін жібергісі келетін мекемелерді таңдайды. Кандидат өз нәтижелерін бірнеше мекемелерге тегін жібере алады.

Тестілеу нәтижелерін жіберуге тест тапсырушы кандидат өзі жауапты болады.

Нәтижелерді алғаннан кейін сертификатты ПЛАТОНУС жүйесіне жүктеп, тіркеуді аяқтау қажет.

Академия өз кезегінде Duolingo-дан әрбір тест тапсырушы үміткердің аудио-видео жазбалары мен жазбаша жұмыстарын қоса алғанда, сессияның барлық жазбаларын және нәтижелерін ПЛАТОНУС жүйесінде көрсетілген нәтижелермен салыстыру үшін алады.

Прокторинг

Duolingo ағылшын тілі бойынша тест нәтижелерінің дұрыстығы мен сенімділігін жоғары басымдық деп таниды және оқуға түсу кезінде олардың шешуші мән ретіндегі маңыздылығын түсінеді.

Duolingo ағылшын тілінен тесті бірегей түрде жүргізілетіндіктен, оның инновациялық қауіпсіздік протоколдары бар. Duolingo тесті кандидаттар нәтижелерге сенімді болуы үшін бірқатар жетілдірілген қауіпсіздік шараларын қамтиды.

Duolingo English Test инновациялық жобалау әрбір тест бірегей екеніне кепілдік береді.

Тест тапсырмалары дәстүрлі емтихандармен салыстырғанда тест тапсырмаларының көп пулын жасауға мүмкіндік беретін автоматты оқыту және табиғи тілді өңдеу технологияларын пайдалана отырып құрылады.

Тесттің күрделілігі мен сұрақтардың реттілігі әрбір тест тапсырушыға бейімделеді. Сонымен қатар, қойылған сұрақтар саны жоқ. Тест бағалау қозғалтқышы тест тапсырушының баллында сенімді шекке жеткен кезде аяқталады.

Төменде келтірілген қосымша протоколдар бұзушылықтарды анықтаудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Тұлғаны үш деңгейлі тексеру – тест тапсырушының жеке басын емтихан алушы тексереді және үкімет берген фотосуреті бар бекітілген жеке куәлікті тест тапсырушының фотосуретімен және тестілеу сеансының видеожазбасымен салыстыру жолымен компьютерлік көру арқылы жасанды интеллектпен тексеріледі.

Сараптаманың алдыңғы қатарлы әдістері – аналитика дұрыс емес жауап үлгілерінің көмегімен дұрыс емес нәтижелерді анықтайды. Сонымен қатар, кіріктірілген тест элементтері ережелердің бұзылуын анықтауға арналған.

Тестілерді тексерудің озық процесі – нәтижелерді бекіту үшін үйретілген емтихан алушылар мониторингтің үш кезеңді процесінде 75-тен астам түрлі мінез-құлықтың бар-жоғына әрбір тест сеансын тексереді. Бұл процесті компьютерлік көру және жасанды интеллект техниктері де сүйемелдейді. Тесттің видеосын, аудиосы мен экран жазбасын пайдалана отырып, емтихан алушылар:

  • Тест өтушінің жан-жағын;
  • Көз қозғалысын;
  • Фондық шуды (іс-қимылды);
  • Теріс іс-әрекетті;
  • Басқа да күдікті әрекетті тексереді.


Your browser does not support SVGs