Экономика ғылымдарының докторы, доцент.
1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі уақытта әл-Фараби ат. ҚАЗҰУ) философия-экономикалық факультетінің «саяси экономия» мамандығын бітірген.
Көшербаева Айгүл Беделбайқызы еңбек жолын 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экономикалық теория кафедрасында стажер-зерттеуші болып бастады.
1995-2001 жылдар аралығында «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2001-2002 жылдары РМК «Экономикалық зерттеулер институты» Әлемдік нарықтың конъюнктурасын зерттеу орталығының директоры.
2005-2012 жылдар аралығында «Қазмұнайгаз Консалтинг» компаниясының Жобалық талдау және бағалау тобының директоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің бас менеджері, «Қазақстан индустрия дамыту институты» АҚ Өңдеу өнеркәсібін дамыту орталығының директоры.
2012 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың қазан айына дейін ҚР Ұлттық экономика Министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ келесі қызметтерді атқарды:
- Әлемдік экономика және интеграциялық зерттеулер орталығының директоры, Өңірлік және әлеуметтік зерттеу орталығы директорының міндетін атқарушы (қоса атқару);
- Өңірлік және әлеуметтік талдау орталығының директоры.
Экономикалық зерттеулер институтында жұмыс істеген уақытында тәжірибелік-бағдарланған нақты ұстанымдар әзірлеп, оларды мемлекеттік органдар мен халықаларық ұйымдар Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық жағынан маңызды құжаттарды әзірлеу барысында пайдаланды:
- «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама»;
- Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
- «Елорданың 2050 жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының рейтінгіне кіру тұжырымдамасы»;
- Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы;
- Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы;
- Индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының штаттық профессоры, доценті (қоса атқару).
2016 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректордың міндетін атқарған.
2018 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясындағы Қолданбалы зерттеулер институтының директоры.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор лауазымына тағайындалды.
Тұрмыста, екі баласы бар.