Тілдік курстар

Академияның Тілдік құзыреттілікті дамыту кабинеті  – мемлекеттік және ағылшын тілдерінде пікір алмасу, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын орындау, белсенді диалогқа түсудің ашық алаңы.

Біздің авторлық бағдарламаларымыз шашыраңқы тілдік білімді біртұтас құрылымға жинақтап, сөйлеу барысындағы кедергілерді алып тастауға көмектесумен қатар сөйлеу, жазу дағдыларыңызды қалыптастырады. 

Біз ресми-іскерлік стильдің жазылымы мен эссе, талдамалы жазбалар, сараптама, есеп, баяндама жазудың озық әдістемелері мен техникаларын игертеміз. Практикалық сабақтарда шешендік өнердің дағдылары мен көпшілік алдында еркін сөз сөйлеу техникаларын меңгересіздер.

Курс сабақтары әрбір тыңдаушыны сөйлеу кейстеріне тартатын интенсивті тренинг түрінде өткізіледі, оқытудың нәтижесі бойынша тиісті сертификаттар беріледі.

Топ  10-15 адамнан тұрады. Оқыту форматы офлайн немесе онлайн. Сабақтар аптасына 3 рет 2 академиялық сағаттан өтеді.

Тілдік курстар
  1. Қазақ тілін оқу курстары, барлық деңгейлер
  2. Ағылшын тілін оқыту курстары, барлық деңгейлер

Топтар алдын ала жазылу арқылы қалыптастырылады.

Мемлекеттік тілде тілдік құзыреттілікті арттыру семинарлары

Семинарлардың ұзақтығы — 24, 36 және 48 академиялық сағат.

Академия келісім бойынша тапсырыс берушінің ғимаратында өткізіледі,  бастауыш, орта деңгейлі, және еркін меңгерген тыңдаушыларға бағытталған. 

 

Тілдік құзыреттілікті арттыру семинарларының тақырыптары:

  1. Эссе жазу техникасы
  2. Жалпы білім беру мектептерінің жоғары сыныптарының қазақ тілі сабақтарында ресми-іскерлік стильді оқыту әдістемесі
  3. Қазақстанның жоғары оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқытудың әдістемесі
  4. Ресми-іскерлік мәтін құрастыру
  5. Ресми жазылым және орфографиялық нормалар
  6. Көпшілік алдында сөз сөйлеу және сөйлеуге жазбаша дайындық
  7. Qazaq Resmi Test тапсыруға дайындық

 

QAZAQ RESMI TEST – тілдік құзыреттілікті анықтауға арналған онлайн тест

QAZAQ RESMI TEST  (QRT) (https://qrt.kz/kz) – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын онлайн тест.

Жүйе 24/7 жұмыс жасайды, кез келген өзіңізге ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде онлайн режимінде тапсыруға болады.

Тестті ұялы телефонмен, макбукпен тапсыруға болмайды, міндетті түрде компьютер немесе ноутбук арқылы тапсыру керек. Құрылғыда микрофон, камера жұмыс жасауы керек, қазақ тілінде шрифт және жоғары жылдамдықтағы интернет желісі болуы тиіс.

Тест 5 бөліктен тұрады, оларды берілген ретімен бірінен кейін бірін орындау керек. Тест бөліктерінің барлығын бірден өту маңызды.

Тест нәтижесі 2 күн ішінде жеке кабинетке түседі.

 

Тест өту үшін көрсетілген сілтеме бойынша сайтқа кіріңіз https://qrt.kz/kz;

Сайтта тіркеліңіз (ЖСН, аты, тегі, телефон номері, электронды пошта, пароль, туған күні, айы, жылы, жынысы);

 

Жүйеге тіркелгеннен кейін тест құрылымы жəне мазмұнымен танысу үшін сынақ тестінен өтуге болады. Ол үшін «Сынақ тестінен өту» батырмасын басу керек.

Тестілеуден өту тек Windows операциялық жүйесінде жүзеге асырылады

 

Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін тек Chrome браузерін
пайдалану  керек екенін ескеріңіз. Бұл браузер онлайн тестілеу
үшін барлық қажетті форматтарды қолдайды.  Сіз Chrome-ды осы жерден қоса аласыз.

 

 

 

 


Your browser does not support SVGs