САЙЛАУ ПРОЦЕСТЕРІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

Орталық сайлау процесіне қатысушыларды, соның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелерін, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мүдделі топтардың өкілдерін жүйелі түрде оқытуды ұйымдастырады және өткізеді.

Электоралдық оқытудың мақсаты:

  • аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің кәсібиленуін қамтамасыз ету;
  • сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
  • жергілікті жерлерде каскадтық әдіспен оқытуды жүзеге асыратын тренерлерді даярлау.

Құқықтық негіз:

Оқыту Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына (12-баптың 5-тармақшасы, 14-баптың 11-1-тармақшасы, 18-баптың 9-1-тармақшасы) сәйкес, сондай-ақ жыл сайын ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілетін «Сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешені» негізінде жүзеге асырылады.

Оқытуды ұйымдастыру:

  • Электоралдық оқыту орталығы курстарды Астанада және Академияның барлық өңірлік филиалдарында өткізеді.
  • Тыңдаушылардың тізімдерін ҚР ОСК және аумақтық сайлау комиссиялары жасақтайды.
  • Курстар офлайн және онлайн форматта қазақ және орыс тілдеріне аудармамен өткізіледі.
  • Оқыту тестілеумен және белгіленген үлгідегі сертификат берумен аяқталады.

Оқыту курстарының тақырыптары:

  • сайлау заңнамасы және құқық қолдану практикасы;
  • сайлау комиссияларының құжат айналымы;
  • сайлау мен референдумдарды ұйымдастыру;
  • қаржылық қамтамасыз ету және есептілік;
  • сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл;
  • каскадтық модель бойынша оқыту әдістемесі;
  • кейстермен, жағдаяттық тапсырмалармен және рөлдік ойындармен жұмыс.

Оқыту форматтары:

  • дәрістер;
  • интерактивті семинарлар мен пікірталастар;
  • топтық тапсырмалар;
  • кейс-талдау (case-study);
  • тренерлерге арналған тренингтер (Training of Trainers);
  • геймификация және цифрлық технологиялар элементтері.

Курстардың ұзақтығы – тыңдаушылар санаты бойынша 8-ден 90 академиялық сағатқа дейін.

Барлық тыңдаушыларға беріледі:

  • әдістемелік материалдар;
  • кейстер мен презентациялар;

Your browser does not support SVGs