Құрамында ректор Фатима Жақыпова, вице-ректор Альтаир Ахметов және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің профессоры Мейрат Омаров бар Академия делегациясы Мәскеу қаласында өтіп жатқан «Ресей және әлем: дамудың ұлттық мақсаттары мен жаһандық трендтер» атты X Гайдар форумының жұмысына қатысты.
Гайдар форумы жетекші мемлекеттік қайраткерлердің, саясаткерлердің, халықаралық сарапшылар мен бизнес өкілдерінің қазіргі заманғы жаһандық және өңірлік проблемалар мен сын-тегеуріндерді талқылауы бойынша халықаралық пікірталас алаңы болып табылады.
Академия ректоры мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламаларын жетілдіру және олардың мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық аккредитациялық агенттіктерінен аккредиттеуден өту мәселелеріне арналған «Мемлекеттік басқару үшін басқару кадрларын даярлаудың халықаралық стандарттары» сараптамалық талқылауында спикер ретінде сөз сөйледі.
Одан бөлек, Академия ректоры «ТМД елдерінің Желілік мемлекеттік басқару академиясы: идеядан бірлескен жобаларды іске асыруға» атты сараптамалық талқылауында сөз сөйледі, онда қатысушылар бірлескен білім беру жобаларын іске асыру мәселелерін талқылап, білім беру процесіне енгізілетін инновацияларды таныстырды.
Ресей және әлем: дамудың ұлттық мақсаттары мен жаһандық трендтер
