2022-2023 оқу жылдарына құжат қабылдау 23 шілдеге дейін онлайн форматта www.apa.kz арнайы ақпарат жүйесінде жалғасты. Екі мыңға жуық мемлекеттік қызметші өз білімін Академия қабырғасында жетілдіруге үміт білдірген. Олардың қатарынан 1 153 үміткер келесі бағдарламалар бойынша ашық конкурсқа жолдама алды.
Мемлекеттік білім алу тапсырысы бойынша магистратураға:
«Мемлекеттік саясат» – 391 үміткер;
«Өңірлік даму» – 297 үміткер;
«Экономика» – 162 үміткер;
«Адами ресурстарды басқару» – 174 үміткер;
«Мемлекеттік басқару» – 72 үміткер;
«Халықаралық қатынастар» – 21 үміткер.
Өз қаражатына және басқа да қаржыландыру негізінде:
«Мемлекеттік басқару» – 19 үміткер;
«Өңірлік даму» – 12 үміткер.
Докторантура бағдарламасы бойынша:
«Экономика» – 5 үміткер;
«Халықаралық қатынастар» – 7 үміткер;
«Мемлекеттік басқару» – 20 үміткер.
Магистратура бағдарламасы бойынша гранттар үлесі:
«Мемлекеттік саясат» – 39 орын;
«Өңірлік даму» – 29 орын;
«Экономика» – 16 орын;
«Адами ресурстарды басқару» – 12 орын;
«Мемлекеттік басқару» – 12 орын;
«Халықаралық қатынастар» – 12 орын;
Барлығы – 120 грант.
Докторантура бағдарламасы бойынша гранттар үлесі:
«Экономика» – 2 орын;
«Халықаралық қатынастар» – 2 орын;
«Мемлекеттік басқару» – 8 орын.
Барлығы – 12 грант.
Академияда оқудың бірқатар артықшылықтары: – үш тілде оқыту (қазақ, орыс, ағылшын), оның ішінде сертификаттау мүмкіндігімен күшейтілген тілдік даярлық (Professional English for International Relations, дипломатқа арналған француз тілі (MIR); жекелеген пәндер бойынша дәрістер беру үшін жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшыларды, мемлекеттік басқару және дипломатиялық қызмет саласындағы практик мамандарды тарту; әлеуметтік және кәсіби нетворкингтің дамуы, өзара оқыту (peer learning); академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігі; шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында, халықаралық ұйымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен жетекші дипломатиялық мектептерде тағылымдамадан өту мүмкіндігі; серіктес жоғары оқу орындары базасында 2 дипломдық білім алу мүмкіндігі MPA, EMPA, MPP, ME бағдарламалары үшін; жұмыс орны мен лауазымының сақталуы, үздіксіз еңбек өтілі; қызметтік жалақы көлемінде стипендия; жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үйден бөлме беру.
Конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу кезінде Академия ашықтық, парасат және үміткерге бағдарлану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.