Жаңалықтар

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ PRINCE2®СЕРТИФИКАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАНЫНАН ӨТТІ️

20-26 шілде аралығында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың қолдауымен Академия ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері үшін PRINCE2® Foundation жобалау менеджменті саласындағы Британдық әдіс бойынша сертификаттау курсын өткізді.⠀

Бір апта ішінде сертификатталған PRINCE2® practitioner жобалау менеджері, Академия ректоры – Ерлан Әбіл PRINCE2® әдістерінің қағидаттары, тақырыптары мен процестері туралы айтып, семинар қатысушыларында жобаларды басқарудың құралдары мен техникаларын практикалық тұрғыда пайдалану дағдыларын қалыптастырды.

Курс қатысушыларының қатарында Агенттік Төрағасының орынбасары Дауешов М.Е., Агенттік аппаратының басшысы Бақтыгереев Б.С., Стратегиялық әзірлемелер және Халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры Жолманов А.С., Агенттіктің жауапты қызметкерлері Қаирлапина Ж., Килибаев А., Алпысбаев А. болды.

Апталық курс нәтижесі бойынша барлық қатысушылар PRINCE2 Foundation сертификациялық емтиханынан 100% өтті.⠀

Сондай-ақ, Академия SPOCE Project Management Британдық тренингтік компаниясымен жасалған келісім шеңберінде PRINCE2® / Foundation және PRINCE2® / princtitioner сертификаттау курстарын өткізеді.


Your browser does not support SVGs