Халықаралық серіктестік

Халықаралық серіктестік

Халықаралық әріптестік секторы Академия қызметінің бағыты бойынша кәсіби мектептермен және ұйымдармен халықаралық стратегиялық қарым-қатынас пен іскерлік ынтымақтастықты орнату және дамыту бағытында жұмыс жасайды.

Негізгі қызметі:

  • Академияның халықаралық стратегиялық әріптестігін ілгерілету, үйлестіру, бақылау және сараптау
  • Халықаралық гранттық бағдарламаларды іске асыру және олардың аясын кеңейту (Академияда білім алуға арналған гранттар, тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру бағдарламалары)
  • Шетелдік сарапшыларды шақыру
  • Шетелдік өкілдердің қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларды, конференцияларды, кездесулерді және келіссөздерді ұйымдастыру және оларға қатысу
  • Халықаралық әріптестік жөніндегі комитеттің қызметін үйлестіру

Байланыс:
+ 7 7172 75 10 41
+7 7172 75 33 59
+7 7172 32 00 00

Эл. пошта: partnership@apa.kz

ГРАНТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

ERASMUS+ бағдарламасының халықаралық жобалары

ERASMUS+ бағдарламасының халықаралық жобалары

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметтерді дамыту DECIDE

DECIDE білім алуға ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын көтермелеуге; қоғамның күнделікті өміріне қатысу құқығын дамытуға, Болон процесіне және БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына сәйкес қоғамда түсіну және қабылдау жолымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кемсітумен күреске бағытталған.

DECIDE мақсаты

Жобаның мақсаты мынадай мақсатты топтар үшін Өзбекстанда, Қазақстанда және Тәжікстанда кешенді тұрақты оқу бағдарламасын үш сатылы іске асыру болып табылады:

  • Оқу орындарының оқытушылары
  • Мемлекеттік қызметшілер (мемлекеттік басқару оқытушылары)
  • ҮЕҰ

DECIDE нәтижелері

Ақпаратты берудің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін университеттер, мемлекеттік басқару институттары мен ҮЕҰ бағдарламасына енгізілген 8 модульден (практикалық) тұратын оқу бағдарламасын іске қосу. 

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдемдесу үшін әрбір мекемеде бағдарлама өкілінің рөлі әзірленетін және белгіленетін болады.

National Special Needs Awareness Day университеттердің, мемлекеттік басқару институттарының, министрліктер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен құрылатын болады.   

Еуропалық серіктестер:

Брашов қаласындағы Трансильвания университеті (Румыния),

Мидлсекс Университеті (Ұлыбритания),

Лимерик технологиялық институты (Ирландия),

Дрезден техникалық университеті (Германия),

Крит университеті (Грекия)

Еуропалық Одақтан жоба үйлестірушісі, грант алушы:

Брашов қаласындағы Трансильвания университеті (Румыния)

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018–2021 жж.

Байланыс деректері:

Жоба жетекшісі

Бокаев Бауыржан Нұрланұлы

PhD докторы, Мемлекеттік басқару магистрі,

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры

+7 7172 75 30 04

B.Bokayev@apa.kz

Үйлестіруші

Карыбжанова Мадина Аянбекқызы

Халықаралық әріптестік секторының жетекші сарапшысы

+7 7172 32 00 00

m.karybzhanova@apa.kz

Ескертпе: Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы сайттың мазмұны университет жауапкершілігінің мәні болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын көрсетпейді.

ҚАУЫМДАСТЫҚТАР

https://www.aspanet.org/

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕР

Халықаралық институттар:

1. ENA Ұлттық әкімдік ету мектебі, Франция https://www.ena.fr/
2. ЕNM Ұлттық сот төрелігі мектебі, Франция http://www.enm.justice.fr/
3. Париж 1 Пантеон – Сорбонна университеті, Франция http://www.pantheonsorbonne.fr/
4. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі, Ұлыбритания http://www.lse.ac.uk/
5. Вена дипломатиялық академиясы, Австрия https://www.da-vienna.ac.at/en/
6. DBB академиясы, Германия https://www.de.ddb.com/
7. Масарик атындағы университет, Чехия https://www.muni.cz/en
8. Боккони университеті, Италия https://www.unibocconi.it/wps/wcm/connect/bocconi/sitopubblico_it/albero+di+navigazione/home/
9. Эстония дипломатия мектебі http://edk.edu.ee/
10. Тарту университеті, Эстония https://www.ut.ee/et
11. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру федералдық институты, АҚШ https://leadership.opm.gov/index.aspx
12. Сиракуз университеті https://www.syracuse.edu/
13. Бразилияның Сыртқы байланыстар министрлігінің Рио-Бранко институты http://www.institutoriobranco.itamaraty.gov.br/
14. KAIST корейлік жетекші ғылыми-техникалық институты http://www.kaist.edu/
15. Корея дамыту институты жанындағы Мемлекеттік саясат және басқару мектебі https://www.kdischool.ac.kr/#/www
16. Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі  http://lkyspp.nus.edu.sg/
17. Сингапурдың мемлекеттік қызмет колледжі https://www.csc.gov.sg/
18. Шанхай саяси ғылымдар және құқық университеті http://shupl.admissions.cn/
19. Назарбаев Университеті https://nu.edu.kz/ru/
20. Орталық Азия университеті, Қырғызстан http://www.ucentralasia.org/
21. Мохаммед Бин Рашид атындағы басқару мектебі, БАӘ http://www.mbrsg.ae/home.aspx
22. «Самрук Казына» корпоративтік университеті https://www.skcu.kz/
23. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясы https://www.iaca.int/

Академияның контрагенттері:

1. Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (РХШжМҚА), Ресей https://www.ranepa.ru/
2. Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы https://www.pac.by/
3. Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы http://www.apap.kg/
4. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік кадр қызметі http://www.mkk.gov.kg/
5. Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы http://dia.edu.az/
6. Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институты http://www.did.tj/
7. Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігі
8. Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік баскару академиясы http://www.dba.uz/ru
9. Ауғанстанның Жоғары білім министрлігі
10. Моңғолияның мемлекеттік қызмет кеңесі
11. Украина Президентінің жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару академиясы http://academy.gov.ua/
12. Украина СІМ жанындағы Украина Дипломатиялық академиясы http://da.mfa.gov.ua/

Халықаралық мекемелер:

1. Ханнс Зайдель атындағы қор, Германия https://www.hss.de/en/
2. БҰҰ-ның даму бағдарламасы http://www.undp.org/
3. Астана қаласы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб http://www.regionalhub.org/
4. Total E&P, Франция https://www.total.com/en
5. Эразмус қоры https://ec.europa.eu/info/index_en
6. Британдық Кеңес https://www.britishcouncil.org/
7. Аға сарапшылар қызметі http://www.ses-bonn.de/en/about-us.html
8. Индонезияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы http://antikorupsi.info/id
9. Республикасының жобалық менеджерлер одағы http://www.spmrk.kz/rus/news/show/9
10. AXELOS SPOCE Project Management Limited,  Ұлыбритания https://www.axelos.com/
11. Performance Management and Delivery Unit (PEMANDU), Малайзия http://gtp.pemandu.gov.my/default.aspx