Оқыту курсына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан келген 40-тан астам маман қатысты. Шара Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылды.
«Семинар аясында сіздер журналистермен дұрыс қарым-қатынас жасау, «ыңғайсыз» сұрақтарға жауап беру, дағдарыс жағдайында БАҚ-пен жұмыс істеу, БАҚ арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру жайында ауқымды ақпарат алдыңыздар. Оқыту траекториясы практикалық білім алуға бағытталғандықтан, алған білімдеріңіз бен дағдыларды қызмет бабында кеңінен әрі ойдағыдай пайдаланасыздар деп үміттенеміз», – деді Академия ректоры Ерлан Әбіл.
Семинардың практикалық бөлігі «Qazaqstan» телеарнасында өткізіліп, «Ашақ алаң» студиясында телеарна мамандарымен мемлекеттік қызметшілерге арналған көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын шыңдау бойынша шеберлік кластары ұйымдастырылды.
«Үш күндік семинарда кәсіби мамандармен, журналистиканың майталмандарымен тілдесіп, тәжірибесін тыңдағанымыз біз үшін жақсы азық болды. Мемлекет басшысы өз сөзінде айиқандай, мемлекеттік қызметшілер жұмыстарын жүргізу барысында қоғаммен, халықпен байланыс орнататын, еститін мамандар болуы керек», – деді Сымбат Калияскаров.