Тиімді мемлекеттік басқарудың негіздерінің бірі сыбайлас жемқорлықтың жоқтығы және оған қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бүкіл әлемде онымен күресте маңызды қадам ретінде жиі мойындалып жүр.
БҰҰ Есірткі бизнесі және қылмыс жөніндегі басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы модульдердің сериясын әзірледі, олар Оксфорд университеті Блаватник атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің базасында бекітілді. Үш күн бойы бүкіл әлем бойынша жетекші мекемелердің мамандары, сарапшылары мен академиялық қауымдастық мазмұны мен әрі қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру үдерісінде осы модульдерді қолдануды талқылады. Халықаралық сарапшылық кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тәжірибесімен Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің қауымдастырылған профессоры Zhuldyz Davletbayeva бөлісті. БҰҰ ЕҚБ әзірлемелері Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің базасында іске асырылатын магистратураның «Anti-corruption Policy» оқу бағдарламасында қолданылатын болады.