ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығы (ЭОО) 2021 жылғы 20 желтоқсанда Академия ректорының №1183 бұйрығына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №21-1060-10 тапсырмасы негізінде құрылды.

Орталықтың мақсаты – сайлау процесіне қатысушылардың кәсіби құзыреттерін арттыру және елдегі электоралдық мәдениетті дамыту.

Негізгі міндеттері:

  • сайлау заңнамасы мен сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн және офлайн курстар өткізу;
  • сайлау процесіне қатысушылардың түрлі топтары үшін тренерлер корпусын даярлау: сайлауды ұйымдастырушылар, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, электоралдық құқық саласының мамандары және басқалар;
  • оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу;
  • сайлаушыларға электоралдық-құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • консультациялық, талдамалық және сараптамалық қолдау көрсету;
  • сайлауды ұйымдастырушылардың құзыреттерін бағалау және мониторинг жүргізу.

Орталық құрылған сәттен бастап 8 900-ден астам адамды оқытты, ал Академияның өңірлік филиалдары арқылы 35 000-нан астам қатысушы оқытумен қамтылды. Авторлық курстар, әдістемелік құралдар мен ұсынымдар, сондай-ақ арнайы жұмыс дәптерлері мен кейс жинақтары әзірленді.

Оқыту барысында Орталық дәстүрлі әдістерді (дәрістер, семинарлар, вебинарлар) де, заманауи интерактивті тәсілдерді де (кейстер, рөлдік ойындар, воркшоптар, идеялар жәрмеңкесі, білім реакторлары) қолданады. Цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде, сондай-ақ заманауи онлайн оқыту құралдары (Zoom, Miro, Microsoft Teams және т.б.) кеңінен қолданылады.

ЭОО Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, мемлекеттік органдармен, ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен, жастар және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Жыл сайын ОСК-мен бірлесіп сайлау ұйымдастырушыларын оқытуға арналған іс-шаралар кешені жүзеге асырылады, оқыту бағдарламалары келісіліп, білікті лекторлар тартылады


Your browser does not support SVGs