ОҚУ ТҮРІ
Оқу ұзақтығы: 3 жыл өндірістен қол үзіп
Оқу тілі: оқу үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша және ағылшын тілінде.
Қаржыландыру көзі: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ басқа да қаржыландыру көздері есебінен
КІМ ОҚЫТАДЫ: Институт құрамына сілтемеhttps://www.apa.kz/team_category/diplomatiya-instituty/
Докторантураның «Халықаралық қатынастар – Doctorof InternationalRelations» білім беру бағдарламаларына өндірістен қол үзіп, үш жыл оқу мерзімімен:
— мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар тұлғалар қабылданады;
— Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде үш жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ
Құжаттарды қабылдау тәртібі
- Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
- Үміткерлер жыл сайын 1 наурыз бен 23 шілде аралығында Академияның ақпараттық жүйесінде тіркеледі және электрондық форматтағы мынадай құжаттарды қоса тіркейді:
- Мемлекеттік органның жолдамасы.
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі (докторантураға түсу үшін);
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
- ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгеру деңгейін растайтын IELTS, TOEFL, TOEIC, PIPPLET немесе APTIS халықаралық сертификаттарының бірі, келесідей нәтижелерімен:
- IELTS кемінде 5,5 балл, TOEFL ITP кемінде 543 немесе TOEFL IBT кемінде 87 балл, APTIS –B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес, TOEIC кемінде 650 балл, PIPPLET – B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес.
- Бұл ретте Академия PIPPLET операторымен ынтымақтастық шеңберінде аталған тесттен өту бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
- зерттеу жұмысы (research proposal) жоспарының жобасы;
- электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш, шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол қойылған сканерленген нұсқасын жүктейді.