БАҒДАРЛАМА

ОҚУ ТҮРІ

Оқу түрі – күндізгі. Бұл дегеніміз, конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, Академияға қабылданған жағдайда және сіз үш жақты шарт жасасқаннан кейін, 1 қыркүйектен бастап оқуға кірісесіз.

Қыркүйектің бірінші аптасы бағдарлы – кіріспе аптасы болады, оның барысында сіз Академиямен, оқытушылармен танысасыз. Сіз оқу процесіне кіресіз, оның неден тұратынын, сізден не күтетінімізді және Академиядан не күтуіңіз керек екенін айтады. Сабақтар астананың оң жағалауындағы іскерлік орталықта орналасқан академияның тарихи ғимаратында өтеді.

Егер сіз Нұр-сұлтан қаласында тұрмайтын болсаңыз, қажет болған жағдайда сізге мемлекеттік қызметшілерге арналған жатақхана беріледі, ол елорданың сол жағалауындағы көркем жерде, Ботаникалық баққа қарама-қарсы орналасқан.

Оқу ұзақтылығы – 1 жыл. 1 қыркүйектен келесі жылдың маусым айының соңына дейін. Сіз жаңа жылдық мерекелерге түсетін қысқы демалыспен 2 семестр оқисыз. Екінші семестр өте қарқынды болып келеді: сіз 1 ай бойы тәжірибеден және тағылымдамадан өтесіз, ал маусым айында – оқудың соңғы айы – магистрлік жобаны қорғауы болады.

Оқу тілі. Бағдарламада тілдік дайындықтан басқа, сіз оқыту барысында тілдік дағдыларыңызды нығайта аласыз, өйткені ол үш тілде – мемлекеттік тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ

Магистратураның халықаралық қатынастар бағдарламасында оқу үшін :

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде: құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес. Сонымен қатар, егер сіз Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкері болмасаңыз, халықаралық ынтымақтастық мәселелері сіздің функционалыңызға кіретінін растау қажет.
  • Өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен – құжаттарды тапсыру сәтіндегі жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
  • Астана мемлекеттік гранты есебінен (Астана хабына қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілері мен сыртқы саяси ведомстволарының қызметкерлері үшін*) – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша құжаттар тапсыру уақытында кемінде екі жыл мемлекеттік өтілі бар қызметшілер.

*Астана мемлекеттік қызмет хабына қатысушы елдер: Азербайджан, Армения, Ауғанстан, Македония, Бангладеш, Беларусь, Бенин, Босния және Герцеговина, Бразилия, Бутан, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Испания, Қазақстан, Канада, Қытай, Қырғызстан, Литва, Мальдив, Молдова, Монғолия, Нидерланд, Пәкістан, Палестина, Польша, АҚШ, Словакия, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Черногория, Швеция, Эстония Оңтүстік Корея, Жапония.

Құжаттар қабылдау тәртібі:

  • Мемлекеттік органның жолдамасы (өз қаражаты немесе басқа да қаржыландыру көздері есебінен түсетіндерге қолданылмайды);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі; (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады);
  • Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz) сертификаты (шетел азаматтарына қолданылмайды);

5) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық немесе ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыретіне (стандарттарына) сәйкес сертификаттарының бірі, келесі нәтижелермен:

IELTS – кемінде 4,0 балл,

TOEFL ITP – кемінде 460 балл,

TOEFL IBT– кемінде 57 балл,

APTIS – B1 (CEFR) деңгейінен төмен емес (өткен жылдың сертификаттары жарамды),

TOEIC – кемінде 381 балл,

PIPPLET – B1 (CEFR) деңгейінен төмен емес (Академия PIPPLET операторымен ынтымақтастық шеңберінде тест өтуге ұйымдастырушылық көмек көрсетеді);

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;

7) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық өтініш (ЭЦҚ) (шетел азаматтарына академияның ақпараттық жүйесінен өтінішті басып шығару, оған қол қою және қол қойылған өтініштің сканерленген көшірмесін жүйеге жүктеу қажет).

Шет тілдеріндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 наурыз бен 23 шілде аралығында Академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі:

Конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады:

1 кезең: кейс шешу;

2 кезең: сұхбат (3 тілде өтеді – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді).

Егер сіз конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен болсаңыз, оқуға қабылдау туралы шешім қорытынды баға негізінде қабылданады (қорытынды баға конкурстық іріктеудің өткен кезеңдерінің нәтижелерін олардың үлес салмағын ескере отырып қосу арқылы жинақталады).

ОҚУ ЖОСПАРЫ

Бағдарламаның оқу жоспары Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының ұзақ мерзімді басымдылығы – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту – стратегияда айқындалған сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтарын: өңірлік және ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты нығайту; экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту ескеріле отырып әзірленді. Оқу пәндерін таңдау кезінде Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасының: халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы басымдықтарына да назар аударылды; экономикалық дипломатия саласында; адам құқықтары, гуманитарлық дипломатия және қоршаған ортаны қорғау саласында; өңірлік және көпжақты дипломатия саласында. Бағдарламаның құрылымы Президенттің 2021 жылғы 18 қарашада ҚР СІМ кеңейтілген алқа отырысында қойған басым міндеттерін ескере отырып пысықталды: экономикалық дипломатияны «қайта жүктеу», Қазақстанның Орталық Азия өңірінде көшбасшылық ұстанымдарын нығайту, «су дипломатиясы» шеңберінде келіссөздер процестерін тез арада аяқтау.

Бағдарламаның оқу жоспары қазіргі шындыққа бейімделген және болып жатқан өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама халықаралық қатынастар және дипломатия бойынша базалық және бейіндеуші пәндерді қамтиды; тілдік пәндерді қамтиды; сізде элективті пәндер каталогынан таңдау компоненті болады; тағылымдамадан және өндірістік практикадан өту.

Дипломатиялық дайындықтың теориялық бөлігі дипломатиялық хаттама мен этикетті зерделей отырып, әлемдік дипломатия, Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметі сияқты пәндерді қамтиды.

Сіздер халықаралық жанжалдар мен қауіпсіздік призмасы арқылы халықаралық ахуалды дамытудың заманауи трендтерін зерделеп, сыртқы саяси талдаудың практикалық құралдарын аласыз.

Сіз терең тілдік дайындыққа ие боласыз: басқарушылардың тілдік құзыреттілігін мемлекеттік тілде меңгересіз, дипломат үшін француз тілін және халықаралық қатынастар үшін кәсіби ағылшын тілін меңгересіз.

Сізде магистратураның элективті пәндерінің жалпы каталогынан таңдау пәндері болады.

Дипломатиялық дайындықтың практикалық бөлігі өндірістік практика және тағылымдама түрінде өтеді. Алынған дағдыларды сіз магистрлік жобаңызды зерттеу бағытына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде немесе басқа да орталық мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту барысында бекітесіз. Дипломатия институты магистранттарының тағылымдамасы дәстүрлі түрде зерттеу және талдау орталықтарында – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институтында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында және т. б. өтеді.

Сондай-ақ сізде магистрлік жобалардың тақырыбына байланысты ҚР өкілдіктерінің базасында шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі болады. Бұл «Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәні бойынша практикалық дағдыларды, сондай-ақ қосымша Аймақтану білімін алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның жетекші дипломатиялық серіктес мектептері де шетелдік тағылымдаманың базасы бола алады.

Оқу жоспары

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ


Your browser does not support SVGs