ОҚУ ЖОСПАРЫ

ОҚУ ТҮРІ

Оқу түрііштей. Бұл дегеніміз, конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, Академияға қабылданған жағдайда және сіз үш жақты шарт жасасқаннан кейін, 1 қыркүйектен бастап оқуға кірісесіз.

Қыркүйектің бірінші аптасы бағдарлы – кіріспе аптасы болады, оның барысында сіз Академиямен, оқытушылармен танысасыз. Сіз оқу процесіне кіресіз, оның неден тұратынын, сізден не күтетінімізді және Академиядан не күтуіңіз керек екенін айтады. Сабақтар астананың оң жағалауындағы іскерлік орталықта орналасқан академияның тарихи ғимаратында өтеді.

Егер сіз Нұр-сұлтан қаласында тұрмайтын болсаңыз, қажет болған жағдайда сізге мемлекеттік қызметшілерге арналған жатақхана беріледі, ол елорданың сол жағалауындағы көркем жерде, Ботаникалық баққа қарама-қарсы орналасқан.

Бағдарламада оқу ұзақтығы-өндірістен қол үзіп 3 жыл. Сіз 6 семестр оқып, соңғы семестрге докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғау түрінде қорытынды аттестациядан өтесіз.

Оқутілі. Бағдарламада тілдік дайындықтан басқа, сіз оқыту барысында тілдік дағдыларыңызды нығайта аласыз, өйткені ол үш тілде – мемлекеттік тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ

Докторантураныңхалықаралық қатынастар бағдарламасында оқу үшін:

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде: құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес.
  • Өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен – құжаттарды тапсыру сәтіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Құжаттар қабылдау тәртібі:

  • Мемлекеттік органның жолдамасы (өз қаражаты немесе басқа да қаржыландыру көздері есебінен түсетіндерге қолданылмайды);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі; (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады);
  • Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz) сертификаты (шетел азаматтарына қолданылмайды);

5) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық немесе ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыретіне (стандарттарына) сәйкес сертификаттарының бірі, келесі нәтижелермен:

IELTS – кемінде 5,5 балл,

TOEFL ITP – кемінде 543 балл,

TOEFL IBT– кемінде 87 балл,,

APTIS – B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес (өткен жылдың сертификаттары жарамды),

TOEIC – кемінде 650 балл,

PIPPLET – B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес (Академия PIPPLET операторымен ынтымақтастық шеңберінде тест өтуге ұйымдастырушылық көмек көрсетеді);

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;

6) проект плана исследовательской работы (Research Proposal);

7) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық өтініш (ЭЦҚ) (шетел азаматтарына академияның ақпараттық жүйесінен өтінішті басып шығару, оған қол қою және қол қойылған өтініштің сканерленген көшірмесін жүйеге жүктеу қажет).

Шет тілдеріндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 наурыз бен 23 шілде аралығында Академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі:

Конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады:

1 кезең: зерттеу жұмысын бағалау (Research Proposal);

2 кезең: кейс шешу;

3 кезең: сұхбат (3 тілде өтеді – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді).

Егер сіз конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен болсаңыз, оқуға қабылдау туралы шешім қорытынды баға негізінде қабылданады (қорытынды баға конкурстық іріктеудің өткен кезеңдерінің нәтижелерін олардың үлес салмағын ескере отырып қосу арқылы жинақталады).

ОҚУ ЖОСПАРЫ

Бағдарлама сыртқы саяси талдаудың заманауи халықаралық теориялары мен әдістерін зерделеу негізінде халықаралық қатынастардың өзекті тақырыбы бойынша жеке ғылыми зерттеу жүргізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басымдықтарын айқындайтын стратегиялық құжаттар – Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына және Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделеді.

Бағдарламаның оқу жоспары қазіргі заманға бейімделген және білім алушылардың өзіндік жеке эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне бағытталған. Нәтижелі әлемдік практиканы жүйелі меңгеруді, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін дамытуды зерттеу құралдарының мүмкіндіктерімен үйлестіреді.

Алғашқы екі семестр ішінде сіз күшейтілген әдіснамалық дайындықты аласыз: талдаудың сапалы және сандық әдістерін, академиялық жазу мен ағылшын тіліндегі зерттеулердің дизайнын (Academic Writing and Research Design), халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулердің әдіснамалық тәсілдерін зерделеу. Алынған құзыреттер келесі екі семестр ішінде зерттеу қызметін жобалау арқылы күшейтіледі.

Дайындықтың теориялық бөлігі халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын, қазіргі геосаяси процестерді зерттеуді қамтиды. Сіздер халықаралық Конфликтология призмасы арқылы халықаралық ахуалды дамытудың заманауи трендтерін зерделейтін боласыздар.

Сізде элективті пәндердің жалпы каталогынан таңдау пәндері болады.

Дайындықтың практикалық бөлігі өндірістік практика және шетелдік тағылымдама түрінде өтеді. Сіз алған дағдыларды зерттеу бағытына сәйкес практика барысында бекітесіз. Дипломатия институтының докторанттарының практикасы дәстүрлі түрде зерттеу және талдау орталықтарында – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институтында және т.б. өтеді.

Оқу жоспары

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ


Your browser does not support SVGs