Ағылшын тілі курсы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғарылату мақсатында ағылшын тілі курсында оқу мүмкіндігін ұсынады.
Курс өткізу мерзімі: осы жылдың сәуір – маусым аралығында.
Жоспарланған уақыт: сейсенбі, бейсенбі күндері сағ.19:30 – 21:30, сенбі күндері сағ.13:30 -15:30 аралығында.
Оқу орындары шектеулі болуына байланысты үміткерлерге осы жылдың 01 сәуіріне дейін, онлайн режимде курсқа тіркелу қажет.

Тіркеуге сілтеме.

Курсқа қатысу туралы қосымша ақпарат және нұсқаулық әрбір үміткердің электронды поштасына жіберіледі.
Ағылшын тілі курсы бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 75-33-95 нөмірі бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласуды сұраймыз.